Сәндік қолданбалы өнерде дәстүрлі емес және заманауи материалдарды қолданып бұйым жасау. Көркем еңбек (ұлдар), 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Көркем еңбек пәнінің сабақ жоспары.

Ұзақ мерзімді жоспар: 2-бөлім. А : Сәндік- қолданбалы өнер.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Дуйсембаев Б.Ш.

Сынып: 5-сынып (ұлдар).

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Сәндік қолданбалы өнерде дәстүрлі емес және заманауи материалдарды қолданып бұйым жасау.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.3.2

Түрлі конструкциялық, табиғи және жасанды материалдардан қарапайым бұйым дайындау.

5.1.6.2.

Заманауи және дәстүрлі емес материалдардың бірқатарын тану, олардың қасиеттері мен тағайындалуын анықтау

5.2.6.1

Материалдар мен құралдарды қауіпсіздік техникасын сақтап қолданудың маңыздылығын сезіне отырып демонстрациялау

 Сабақ мақсаттары

• Таңдап алған материалдарымен жаңа жылдық бетперде дайындау.

• Бетперде дайындау барысында әр қилы тәсілдер қолданау.

• Өзіңнің жұмысына кері байланыс алу.

 Бағалау критерийлері

Жаңа жылдық және басқа түрдегі бетперде үлгілерін білу.

Папье - маше әдісімен бетперде түрлерін жасай білу. Ұжымдық жұмыста басқалармен жақсы қарым-қатынас жасайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар орындай алады:

Бұйым жасаудағы өзінің және өзгенің шығармашылдық идеясын, ойын түсіндіріп береді.

Пәндік тіл және терминология:

Папье – маше, Карнавальдық бетперде, ағаш ою, мүсіндеу, бедерлеу, көркем өңдеу, маска.

Диалогқа/жазбаға қажетті тіркестер:

Мен бұны ... материалдан жасалғанын білдім.

Мен ... пайдалы жақтарын білемін.

Бұл бұйым ... ерекшеліктерден тұрады.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Басқа адамдарды, олардың мәдениетін, пікірлерін құрметтеу.

Әлеуметтік жауапкершілік және айналадағы адамдарға деген қамқорлық сезім.

 Пәнаралық байланыстар

География, тарих, музыка.

 АКТ қолдану дағдылары

Папье-маше әдісінің кезеңдерін зерттеуде АКТ қолданады .

Бастапқы білім

Оқушылар сәндеу және дайындау материалдарын анықтап, бетперденің дизайнын (эскиз) жасай біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды орналастыру, амандасу.

Интерактив тақтасында сабақтың тақырыбы, мақсаты көрсетіледі. Бетперделер туралы видео көрсету.

Көрсетілімге қажетті жаңа жылдық және басқа түрдегі бетперде үлгілерін дайындаңыз.

Карнавальдық бетперде эскиздер ...

postila.ru/post/3926623

Сабақтың ортасы

Оқушылар таңдап алған материалдарымен жаңа жылдық бетперде дайындайды. Бетперде дайындау барысында әр қилы тәсілдер қолданады, мысалы; бетперде негізін ермексазбен дайындап алып, қағаздарды жабыстыру техникасын қолданып жасайды немесе материялдарды біріктіріп, құрастыру техникасын қолданып орындайды.

Бетпердені өңдеп, қолжетімді материалдармен әрлеп, көркемдейді.

Оқушылар жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережелерінің орындалуын қадағалайды.

Жұмысты таныстырып және бағалап, оқушылар өз пікірлерімен бөліседі..

Қағаздан өз қолымызбен бетперде жасайық.

reamde.org/maski-iz-bumagi-kotorye-mozhno-sdelat-svoimi-rukami

Бетперде жасау.

https://www.youtube.com/watch?v=z7BeteKSkGo

Сабақтың соңы

Оқушылар жеке және топта орындаған жұмыстарының нәтижелерін көрсетеді. Жұмыстар критерийлер бойынша бағаланады.

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар жұмыстың қиын немесе барынша жеңіл түрлерін қарым-қабілнетіне қарай таңдай алады. Берілген ресурс бойынша талдап, сұрақтарға жауап береді.

.

Өздерінің және басқалардың жұмыстарын талдайды.

Сынып бағалауы.

Материалдарды қолданып бетперде дайындау барысында қауіпсіздік техникасының сақталуын міндеттеу қажет.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу