2-сабақ: Шығармашылық идеяны визуалдау. Көркем еңбек (қыздар), 9 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Мектеп: | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақ тақырыбы | 2-сабақ: Шығармашылық идеяны визуалдау | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.1.5.2 әртүрлі графика тәсілдерін қолдану арқылы (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданып) өз бетінше графикалық және технологиялық құжатты құру; 9.3.4.1 өзінің және өзгелердің жұмыстарындағы мақсаттың өзіндік анық көруін және негізделген бағаны өзіндік білдіру | |||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәнге тән лексика мен терминология: Кашпо, өзіндік құны, спецификация Кашпо, себестоимость, спецификация Cachepot, cost, specification Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
| |||||||
Құндылықтарды дарыту
| Осы сабақта балалардың бойына еңбек және шығармашылық, бір-біріне құрмет, өмір бойы білім алу құндылықтары практикалық тапсырмалар орындау арқылы жүзеге асырылады. | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Биология | |||||||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақта оқушылар мәлімет жинау, интерактивті тақтамен жұмыс жасау арқылы АКТ дағдыларын дамыта алады. | |||||||
Бастапқы білім | Оқушылар түрлі стильдегі интерьерге байланысты өсімдіктерді таңдау, композиция құру, түстердің үйлесімділігі мен пропорцияны сақтай отырып безендіру әдістерін қарастырды. Өсімдіктерден композиция құрып, эскиз орындады. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 3 мин | Оқушылармен сәлемдесу. Қол моторикасын дамытуға арналған жаттығулар орындау. Сабақтың тақырыбы мен ОМ анықтау. | https://www.youtube.com/watch?v=RiN540AuZKs&t=503s слайд 1-3 | ||||||
Сабақтың ортасы 35 мин 2 мин 10 мин 20 мин
| Оқушылар алдыңғы сабақта арнайы бір орынды түрлі өсімдіктермен безендіру бойынша эскиз орындап, көрмеге қойып, оны материалда іске асыру үшін әр топтың ең ұтымды композициясы таңдалды.
(Ө) (Ж) (Т) 1-тапсырма. Технологиялық құжат құру. Оқушылар таңдалған эскизді талдай отырып, өсімдіктердің, сәнді кашпо немесе арнайы конструкциялардың атауын, олардың саны мен өзіндік құны берілген спецификация құрастырады. Дескрипторлар:
Топта жұмыстың реттілігі анықталған соң, белгілі бір жұмысты орындау іс-әрекеттерінің бірізділігін және операцияларын бөліп алады. Топтың әр мүшесі белгілі бір нақты операцияға жауапты, мысалы, матаға белгі қою, келесісі – бөлшекті қию, одан кейінгісі – конструкцияларды желімдеу т.б.
(Ө) (Ж) (Т) 2-тапсырма. Топтағы орындалған ең үздік эскизге негізделе отырып, гүлдер оазисін, суккуленттер бақшасын, флорариум, фитокартина немесе т.б. жасау. Дескрипторлар:
Саралау: оқушылар қолда бар материалдарын түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану және өз қажеттілігі мен дағдысын қолдануға таңдау беру арқылы жүргізіледі. Жұмыс аяқталған соң, көрме ұйымдастырып, бір-бірінің жұмысын бағалап, кері байланыс береді. Мектептің, кабинеттің іші мен коридор, фойесіне орындалған шығармашылық туындыларды қойып, безендіруге болады. | Оқушылардың орындаған эскиздері Қосымша 1. Технологиялық құжат Түрлі өсімдіктер, топырақ, гүл отырғызатын кез-келген ыдыс немесе дайын заттың қатты қорабы, қиыршық тастар,таяқтар, ыстық желім, қайшы және т.б. оқушының қолда бар материалдары | ||||||
Сабақтың соңы 2 мин | Сабақтың соңында оқушылар өз жұмыстарына шағын эссе жазу арқылы талдау жасайды, кері байланыс береді.
| Сурет дәптері, эссе | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Саралау оқушылар қолда бар материалдарын түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану және өз қажеттілігі мен дағдысын қолдануға таңдау беру арқылы жүргізіледі. | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін көрме ұйымдастыру, ашық сұрақтар мен бақылау жүргізу арқылы жүргізіледі. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру