Сәндік гүлдер түрлері. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.
ДидактиКАЛЫҚ материал №1
рАУШАНГҮЛ
Раушан гүлінің тарихы жер бетінде адамзат баласы пайда болмай тұрғанда, яғни осыдан 25 миллион жыл бұрын басталатындығына көптеген ғалымдардың еңбектеріндегі деректер дәлел бола алады. Раушан туралы қолжазбалардағы ең көне деректер Тигр мен Ефрат өзендерінің арасында орын тепкен Ура қаласындағы патша моласынан табылған (осыдан 5000 жыл бұрын).
БӘЙШЕШЕК
•Бәйшешек сенім символы.Ел аузында гүлдің пайда болуы туралы небір әдемі аңыздар баршылық. Солардың біріне назар аударыңыз.Бәйшешек – сену, достық, адалдық, тазалықты білдіреді. Көпшілік өз ауласында аппақ әдемі бәйшешек гүлін өсіруді жақсылықтың нышаны деп есептейді.Бәйшешек гүлі жер бетіне ең алғаш шығатын өсімдік. Аңыз бойынша Адам ата мен Хауа ана жұмақтан қуылған уақытта қыс мезгілі екен. Жерде қалың қар жатқандықтан аяғы тоңған Хауа ана жылы жұмақты есіне алып қайғырған уақытта, оның көз жасын көрген періштелер бірнеше қар қылауларын бәйшешек гүліне айналдырыпты.Қатты қуанған Хауа ананың бойында Құдайдың кешірімін алуға деген үміті ояныпты, содан бері бәйшешек гүлі – сенімнің яғни үміттенудің символы болып есептеледі екен.• Орыс халқының аңызы бойынша қаһарлы Қыс патшайымы мен Аяз патшасы жер бетіне «Көктемді келтірмейміз», деп шешіпті. Алайда батылдық танытқан Бәйшешек қыстың суығына қарамай жер бетіне өсіп шығып, Күн анадан көмек сұрапты. Күн ана Бәйшешектің ерлігіне разы болып, жерді күн көзімен жылытып, Көктемнің келуіне жол ашыпты.
Түймедақ
Түймедақ – бүкіл әлемге танымал дәрілік өсімдік. Славян мәдениетінде түймедақ байлықты, махаббатты, пәктік белгісін білдіреді.
Түймедақ күрделігүлділер – Asteraceae тұқымдасына жатады. Бұл бұтақталған сабақтары бар біржылдық исі бар шөптесін өсімдік. Жапырақтары аз сызықты бөліктермен қосарлы бөлінген. Гүл кәрзеңкесі майда, шеттері ақ жалған тілшелі, жүректік сары түтікшелі гүлдерден тұрады. Дәріханалық түймедақ иіссіз түймедақтан ароматты исімен ерекшеленеді. Биіктігі 20-40 см.
Түймедақ кәрзеңкелерінде флавоноидтар, лютеолин туындылары, апигенин және кверцетин туындылары, кумариндер (умбеллиферон и герниорин), полиинді қосылыстар, фитостериндер, бос органикалық қышқылдар (антемис, каприл, салицил, изовалериан), шырышты және илік заттар, ащылар, дәрумендер (аскорбин және никотин қышқылдары), каротин, ақуыздық заттар, камедь.
Түймедақтың қасиеттері: дезинфекциялық, қабынуға қарсы, өт айдайтын, ауруды басатын, седативті, тыныштандырушы, жараны жазушы, тер шығаратын, тырысуға қарсы, түйілуді басатын, қан тоқтататын, аллергияға қарсы.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру