Жартылай дайын өнімдерден тағамдар әзірлеу технологиясы. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.


Әдістемелік нұсқаулық

4 бөлім: Тамақтану мәдениеті

Сабақ тақырыбы:

Жартылай дайын өнімдерден тағамдар әзірлеу технологиясы.

Оқу мақсаты:

6.2.4.3 Жылдам орындалатын тағамдар мен десерт дайындау технологияларын білу және қолдану.

Сабақ барысы

Сабақ басында:

Оқушылармен амандасу /тексеріс жүргізу/ оқушылардың зейінін шоғырландыру.

  • Сабақ барысында керекті құрал-жабдықтарын тексеру.

Оқушылардың назарына сабақ тақырыбы мен оқу мақсатына көз жүргізу.

Сұрақ;

  • Біз бүгін неге қол жеткізуіміз керек?
  • Бүгін біз неге үйренеміз керек?
  • Біз не біліп кетуіміз керек?
  • Дүкен тоңазытқыштарына лық толған осы тамақтардың бәрі бірдей жарамды ма?

Оқушылар бүгінгі тақырыпты талқылап, сабақ барысындағы білу және түсіну дағдыларымен қатар, жасау дағдысына керекті құрал-саймандарын анықтайды.

Мұғалім: Технология қарыштап дамыған сайын адамзат баласының өмір сүруіне ыңғайлы жағдайлар көбейе түсуде. Солардың бірі – жартылай дайын фабрикат тағамдары. Бұлар: котлет, құймақ, тұшпара, манты, самса, фаршталған бұрыш, көкөністер, жемістер және тағы басқалар.

Көптеген тағамның сыртқы түрлерінен сапасын білуге болады. Ол үшін орамына мұқият қарап, алдымен әзірлеген мерзімін көріңіз. Содан соң тағамның сапасын зерттеңіз. Мысалы, тұшпара, вареник, самса, мантыларды тасымалдағанда, дүкендерде электр қуаты болмай қалған жағдайда сырты жарылып кетеді. Ал көкөністер мен жемістер пішінін жоғалтады, яғни, тағам пайдалануға жарамсыз болғандықтан, ондайларды алмаңыз. Егер котлет, фрикаделька сияқты жартылай фабрикат тағамдар тым арзан болса, онда олар еттен емес, соядан жасалған деген сөз. Әрине бұған тыйым салынбайды, алайда өндіруші орамның сыртында соядан жасалғаны туралы ақпаратты көрсетуге міндетті..

Оқушылар назарына төмендегі екі бейнероликті ұсыну.

Балмұздақтың жасалу жолдары

https://www.youtube.com/watch?v=87a2_VTU1x8

Тұшпараның жасалу жолдары

https://www.youtube.com/watch?v=JkLz-Ny_CFo

Мұғалім: "Жартылай фабрикат" сөзіне балама ретінде қазақ тілі сөздігінде "дүмбілзат", "дүмбілдәм" деген сөздер ұсынылып жүр. Осы терминнің нағыз қазақша баламасы сіздердің ойыңызша қандай болуы керек?

Мұғалім мен оқушы арасында диалогты оқуту іске асуы қажет.

Тапсырма 1

Оқушыларды топтартырып, назарына төмендегі кесте үлгісін ұсыну.

Кестені толтыра отырып, жартылай дайын өнімнің жағымды және жағымсыз жақтарын анықтау қажет.

Жатрылай дайын өнім жағымды жақтары

Жатрылай дайын өнім жағымсыз жақтары

Оқушылар өзара топтаса шешкен ойларымен/жаңалықтарымен сынып ішінде бөліседі.

Оқушылар өзара сұрақ қойып, білу және түсіну дағдыларын тексере алады.

Қалыптастырушы бағалау:

Әр топ зерттеме жұмыстарын өзара топта бағалау жүргізеді.

Бағалау критерийлері

Жетті

Талпынады

Жартылай тағамдардың әлсіз және мықты тұстарын өзара салыстырады.

Тағамның өзара ерекшеліктерін саралап түсіндіре алады.

Берілген уақытты ұтымды пайдаланады.

Қорытынды жасайды.

Рефлексия:

Оқушылардың назарына келесі сурет көрсетіліп, сабақ барысында түсінбеген мағұлматтары болса, сұрақтарын қойып талқылай алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу