Бөлшектерді біріктіру және бұйымды әрлеу. Бұйымды безендіру. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.
Әдістемелік нұсқаулық
3 бөлім: Дизайн және технология
Сабақ тақырыбы: Бөлшектерді біріктіру және бұйымды әрлеу.
Бұйымды безендіру.
Сабақ мақсаты:
6.2.2.2
Тігін бұйымдарын ылғалды- жылулық өңдеу режимдерін білу, сипаттау және оларды тәжірибеде қолдану.
6.2.3.2
Әр түрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, бір өнім орындау.
Теориялық материал
- 1.Тильда қуыршағының киімдері нәзік түстерден жасалады. Маталарының түсі көбінесе төмендегідей үлгіде көрініс тапқан.
- Киімді жасаудан бұрын киімнің аксессуарларын, түймелері мен моншақтарын жан-жақты қарастырған жөн.
- Ойластырылған модельдің эскизін сызып, содан кейін ғана өлшеміне сай пішімін жасау қажет.
Сабақ барысы
- Оқушылармен бірге қуыршаққа арналған киімді қандай әдіс арқылы тігуді жоспарлап, ақылдасыңыздар.
- Қандай стильде, қандай материалдардан жасалатындығына мән беріңіз. Бұйымды әсемдеу үшін лента, кружева, маржандар мен пайеткаларды көрсетіңіз.
Қажетті ресурстар:
- ине, жіп, түйме, лента, шілтері, маржандар мен пайеткалар, маталардың түрлі түрлері жән т.б.
Қуыршақтың өлшемдерін алыңыз.
1. Көйлек пен күртеше үшін: Мойын, дене, бел, бөксе, арқаны, иықтың, қолдың өлшемдерін алу қажет.
2. Белдемше үшін: Бел, бөксе мен белдемшенің ұзындығын білу қажет.
3. Шалбар үшін: Бел, бөксе, аяқтың ұзындығын білу қажет.
Практикалық тапсырма
Қуыршақтың өлшемдерін алған соң, оқушылар киімдерді матаға пішеді. Қолмен пішіп, қуыршаққа барлық өлшемдері сай ме екенін тексеріп алған жөн. Содан кейін ғана тігін машинасында тігуге болады.
Бағалау
Өзін-өзі бағалау.
Оқушылар практикалық жұмыстарын ұсынылған критерийлер бойынша бағалайды.
Мұғалім әрбір критерийді қадағалап, оқушылар өздерін дұрыс бағалау үшін сұрақтар қойған дұрыс.
Олар:
1. Қуыршаққа арналған киімді ұқыпты орындадым деп ойлайсыздар ма? Жіптері шығып тұрған жоқ па? Киімнің өлшемі қуыршаққа келіп тұр ма?
Шығармашылық жобаны бағалауға арналған критерийлер:
- Ұқыптылық.
- Эстетикалығы.
- Киімнің моделі стильге сәкестілігі.
- Технологиялық әдістерді ұстануы.
- Түстік шешім.
Жақын арадағы даму аймағы
Әлеуметтік-мәдени теориядағы маңызды ұғым – жақын арадағы даму аймағы.
Выготскийдің айтуы бойынша, жақын арадағы даму аймағы (ЖАДА) – оқушының өз
бетінше шешкен міндеттердің көмегімен анықталған өзекті даму деңгейі мен үлкендердің басшылығымен және анағұрлым қабілетті жолдастарымен бірігіп шешілген міндеттер арқылы анықталатын болжамды даму деңгейі арасындағы қашықтық. Негізінде, бұл түсінік адам өз бетінше игере немесе көрсете алмайтын, бірақ біреудің көмегімен үйренуге болатын барлық білімдер мен дағдыларды қамтиды. Выготскийдің пікірінше, оқушылар нақты мақсаттарды көздеген, көбірек білетін жандармен әлеуметтік қарым-қатынас нәтижесінде ойлау және сөйлеу дағдыларын дамытады. Оқушының аса епті және хабары мол адаммен интербелсенді вербалды алмасу нәтижесінде біртіндеп сыртқы, әлеуметтік-жанама диалог орнатуы, күнделікті міндеттерді шешуге қатысуы әлеуметтік тәжірибе ретінде бала бойына сіңіп, оның өз бетінше ойлануына қатысты ішкі жеке қоры ретінде қалыптасады. Басында мұғалім міндеттерді өз бетінше және сәтті орындау үшін
қажетті тілдік және танымдық құралдарды береді. Тәртіп пен тілді модельдеу, оқушыны өздері қатысатын үдерістер және рәсімдермен таныстыру арқылы мұғалім оқушының біліктілігі, сенімділігі және өз бетінше әрекет ету қабілетін дамытады. Төменде 8-суретте шыңға өрмелеушінің жартасқа шығу көрінісі ұсынылған, онда күрделі қимыл жасауға ұмтылған шыңға өрмелеушінің міндетті шешуде қолдау алғаны көрсетілген. Шыңға өрмелеуші өзінің оқу қызметінде жақын арадағы даму аймағына кіруде. Күнделікті мектеп тәжірибесінде бұл түсінік оқушының тапсырманы біреудің көмегінсіз, қолдауынсыз оңай орындау қабілеті мен оқушының нақты кезеңде аса епті, білетін адамның көмегі мен басшылығынсыз орындай алмайтын тапсырма арасындағы интервал деген қарапайым атауға ие бола алады. Осы мағынада ЖАДА оқушылардың оқуын және қарым-қатынасын қолдау үшін қажетті көмек деңгейін анықтауда оқу жағдайында құнды тұжырымдамалық құрылым болып табылады.
ЖАДА бала тапсырмаларды білікті және өз бетінше орындай алатын «өзі реттейтін
әрекеттер» аумағына қарама-қарсы қойылады. ЖАДА-да ересек адам өзара қарым-қатынас барысында баланың тапсырманы алдыңғы білімдер және тәжірибесімен байланыстыра арқылы оны орындауға мақсатты түрде қатысуына мүмкіндік бере отырып басшылық жасайды. «Мұғалімге арналған нұсқаулық»,
«Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру