Теңіз табиғаты. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.


 «Теңіз пейзажы» тақырыбы 2 сабаққа арналған әдістемелік нұсқау

 

 Сабаққа арналған теориялық материал

Марина латын тілінен аударғанда «теңізді» дегенді білдіреді. Сонымен қатар, марина – ол өнер жанры. Марина деп теңіздің өзінің суретін немесе теңізде болған жағдайды бейнелегенді айтады. Маринаны жазған суретшіні маринист дейді.

Ива́н Константи́нович Айвазо́вский (1817, Феодосия-1900, Феодосия) — орыс кескіндемешісі, теңіз пейзажының шебері, баталист, коллекционер және меценат. Теңіз бас штабының кескіндемешісі, Императорлық көркемсурет академиясының академигі және құрметті мүшесі, Амстердам, Рим, Париж, Флоренция және Штутгарттың көркемсурет академияларының құрметті мүшесі.

Суретшінің теңіз пейзаждары:

Морские пейзажи художника: «Гурзуфтағы түн», «Неаполитан шығанағы», «Теңіздегі түнгі дауыл», «Евпаториядағы дауыл,» «Тоғызыншы толқын» т.б.

1842 жылы Римге келген әйгілі ағылшын суретшісі-маринист У.Тернер Айвазовскийдің («Теңіздегі штиль» және «Даул») туындылары оған қатты әсер тигізді, ол итальян тілінде жазған өз өлеңін арнады:

Уильям Тёрнер

Джозеф Мэллорд Уильям Тёрнер (ағыл. Joseph Mallord William Turner; 1775ж. 23 сәуір, Ковент-Гарден, Лондон, Англия —1851 ж. 19 желтоқсанда, Челси) — импрессионисттердің өнеріне бастама болған, әртүрлі стихияларды, әсіресе су суреттеген әйгілі британ суретшісі. Тернер алғашқы жұмыстарында түсті басты кейіпкер ретінде қолданған, Тернер абстракті кескіндеменің пайда болуына әсер тигізген.

Суретші Уильям Тернердің шығармашылығының ерекшеліктері: жарқын түстер, құрлықтан гөрі су ландшафттарына және тыныштықтан қозғалыстағы стихияларға назар аударып, түстің басты рөлін айқындайды. Тернер жұмысты бастағанда, ең алдымен стихиялы, бақыланбайтын, ағымды көріністер жазды, содан кейін стихияның формалары, шекарасы және элементтері пайда болады.

Уильям Тёрнердің белгілі туындылары: «1834 ж. 16 қазандағы парламент ғимаратындағы өрт», «Улисстің Полифемді мазақтауы», «Отважный» фрегатының соңғы саяхаты, «Қар бораны. Альпіден өтіп жатқан Ганнибал әскері»,« Жауын, бу және жылдамдық. Ұлы Батыс темір жолы »

Источник: https://artchive.ru/artists/379~Dzhozef_Mellord_Uiljam_Terner

Сабақ беру бойынша нұсқаулық

Сабақ басында оқушылардың ой-өрісін белсендіру мақсатында және сабақ тақырыбынын анықтау үшін теңіз пейзажы бейнеленген репродукцияларды көрсетіңіз.

Бірінші тапсырма И.К. Айвазовский мен Уильям Тернер туындыларын талдау бойынша жұмыс орындау. Әр топқа әртүрлі тапсырмалар беріп, топтық жұмысты ұйымдастырыңыз

Дидактикалық материал таратыңыз. Бірінші топтағы оқушылар су жазықтарын салыстырып, оларды сипаттайды, мүмкіндігіне қарай, олар әртүрлі жазықтықтардың бейнелеу тәсілдерін анықтайды. Екінші топтағы оқушылар суретшілердің жұмыстарында көрсеткісі келген идеяларды сипатттап, көңіл-күйді анықтайды.

Үшінші топтағы оқушылар суретшілердің жұмысындағы түстік гамманы анықтап, көңіл-күйді қалай жеткізгені, тәулік уақытын бейнелеуде қандай тәсілдерді қолданғаны жайлы әңгімелейді.

Сабақтың практикалық бөлігін бастамас бұрын оқышылар суретшінің кез-келген жұмысы оның көңіл-күйін, ішкі дүниесін жеткізетіні жайлы түсінуі керек. Практикалық жұмыста теңіз пейзажын орындайды. Оқушыларға пейзаждағы ең бастысы - белгілі бір көңіл-күйді жеткізу және түстің көмегімен күн мерзімін көрсету екенін түсіндіру. Оқушылардан тыныш көңіл-күйді жеткізу үшін қандай түстерді қолдануға болатындығын, қандай түстер арқылы қуанышты сезімді немесе қандай-да бір мазасыздықты бейнелеуге болатынын сұраныңыз. Тәулік уақытына қатысты, күннің батуын, түнгі пейзажды, таңның бейнесін орындау үшін қандай түстер қолданылатынын сұраңыз.

Саралау бойынша ұсыныс

Саралау практикалық жұмыста материалдарды қолдануын қарай өткізіледі. Сыныпта көркемсурет мектебінде немесе арт-студияда оқитын оқушылар болуы мүмкін. Осы оқушыларға теңіз пейзажын акварель қағаз бетіне акварель бояуымен орындауға тапсырма беріңіз. Бұл сыныптағы барлық оқушыларға акварель және гуашьпен орындалған жұмыстарды салыстыруға мүмкіндік береді. Қалған оқушылар жұмыстарын гуашьпен салады.

Сонымен қатар, оқушылар теңіз тақырыбындағы шығармашылық жұмысты әртүрлі форматта жұмыс орындай алады - A3 немесе A4. Кейбір оқушыларға жұмысты үлкен форматта орындауға қиындық тудырады, оларға A4 формат ыңғайлы болады. Кейбір оқушыларға үлкен кеңістік керек, олар A3 форматында жұмыс жасайды. Жұмысқа кіріспес бұрын, оқушыларға теңіз пейзажының орындалу жолдарын тағы бір рет еске салыңыз. Бастапқы суретсіз пейзажды орындаудағы тәсілдің ерекшелігі, ол теңіз, жер және аспан кеңістігін анықтайтын негізгі түстік дақтарды қолдану.

Қалыптастырушы бағалау бойынша ұсыныс

Туындыларды талдау барысында қалыптастырушы бағалауды бақылау және кері байланыс түрінде жүргізуге болады. Практикалық жұмысты дескрипторлар бойынша бағалайды:

Оқушы:

• көркем құралдарды қолдана отырып, белгілі бір көңіл-күйді жеткізді;

• тәуліктің нақты уақытын бейнеленген;

• су бетінің күйін бейнелеген;

• теңіз пейзажын басқа элементтермен толықтырды.

• Өз пейзажыңызға қандай көркем элементтерді қостыңыз?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу