Театр өнері. Бетперделер 2. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

 «Театр өнері. Бетперде 2» тақырыбына арналған сабақта 3.2.3.3 Көркемдік мәнерлі тәсілдерді және құралдарды қолданып, шығармашылық жұмысты аяқтау және 3.3.2.1 Арнайы терминдерді қолдана отырып өнердің әртүрлі туындыларының суреттеу құралдары мен орындау материалдарын анықтау және салыстыру оқу мақсаттары қаралады. Аталған оқу мақсаттары жүзеге асыру үшін екі мәселеге аса көңіл аудару қажет. Біріншісі, әртүрлі шығармашылық идеялар мен сезімдерді көркем құралдар арқылы бейнелеу тәсілдеріне. Екінші мәселе ол оқушылардың көркемдік құралдармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларын дамыту (мысалы, материалдар мен бөлшектерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру).

 Қажетті материалдар

 Жәндік моделін жасауға қажетті материалдар: пластик бөтелкелер, киндер сюрприз ойыншықтарының қорапшасы, қақпақтар, жұмсақ алюминий, мыс, шашақталған сым, майлықтардан қалған қатырма шығыршықтар, моншақтар, страздар, мата, гофрленген қағаз, түрлі түсті қатырма қағаз, түймелер. Жалғауға арналған құралдар мен материалдар: қайшылар, тістеуіктер, степлер, түрлі түсті скотч, бояу таспа, ПВА желім және желімнің басқа түрлері, мысалы, «Момент».

 Сабаққа қажетті қосымша ақпарат

 Театр — сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі. Ешбір өнерді тілек, құрғақ бұйрық туғызбайды. Қай елдегі, қай түрдегі өнерді алсақ та сән-салтанатпен ырғалып-жырғалып, бір күннің ішінде ғайыптан көшіп келген жоқ. Барлығы да болымсыз кішкене ұрықтан жайлы топыраққа көміліп, белгілі шартпен бағылып, қағылған уақытта ғана бой жасап өсіп-өнген. Ана жатырында баланың бітуі сияқты сәті келген сағатта тіршілік белгісін бастап, тоғыз-тоқсан құбылып, ащы толғақ, ауыр азап ішінде туады. Олай болса, әрбір өнердің иесі болған ел сол өнерді туғызып өсірген анасы есебінде. Әрбір өнер өзінің туып-өсу жолында, анайы топырағы сияқты болған еліне міндетті. Ел тіршілігінің өткен күні сол өнердің бойы өсуіне қажет болған шарттың барлығын берген болады. Сондықтан елдің өз денесінен жаралған өнер әуелгі кезінде, өз елінің әдет-салтын, ұғым-нанымын, мақсұт-тілегін өзгеден бөлек пішінде, сол елдің өзіне ғана хас болған суретте қабылдайтын болған. Бұл хәлден тысқары жолмен өскен ешбір ел жоқ. Қай өнерді алсақ та әуелде өз елінің халық өнері болып, содан ілгері қарай басқан сатысында ғана көптікі болып, жалпы адам баласының ортақ теңізіне барып құяды.

 Театр бетпердесі – әртістер беттеріне киетің, арнай жабдықтар. Бетпердені ең алғаш грек және Рим театрларының әртістері пайдалана бастады.

 Театр өнерін сыныбыңызға ең көне өнер түрі ретінде және театр бетперделерінің театр өнерінде маңызды рөл атқаратын жеткізіңіз. Әртүрлі кескіндемелі театр бетперделерінің суреттері мен бейне үзінділерін қарауды ұсыныңыз.

 Сабақ барысы

 Ұшатын жәндіктер бейнесін көрсетіңіз, олардың ұшқандағы көзге тартымды көрінетін мәнерлі элементтеріне көңіл аударуын сұраңыз (бейне ролик, презентация және т.б.). Ол үшін итернет желісінен алынған бейнероликтерді көрсетуінізге болады (1. Жәндіктер қалай ұшады https://www.youtube.com/watch?v=ED9jwEkuDtc, 2. Масалардың ұшу құпиясы https://www.youtube.com/watch?v=WTOuTm-103c).

 Ақпаратты толығырақ беру үшін көбелектердің, шегірткелердің және басқа да жәнтіктердің этимологиялық топтамасын ұсынуға болады. Шығармашылық жұмыста пішінді әшекейлеу мен қызықты эстетикалық және көркемдік шешімін табу үшін ою, пішінің, түстік шешімнің табиғи элементтеріне назар аударуларын өтініңіз. Визуалды қабылдау үшін үлкен көлемде көрнекіліктерді пайдалануға болады.

 Тәжірибелік жұмыс

 Оқушыларға бедерлі бетпердені жеке тәжірибе жұмыс ретінде орындауды ұсыныңыз.

 

 Оны жасау алдында оқушыларды үлгілі орындау тәртібі әрекетімен таныстырыңыз:

 оқушыларға қандай бетпердені жасау керектігін анықтау (африкандық бетперде, маскарад бетпердесі, жануарлардың бетпердесі және т.б.);

 А4 А3 парақтарына ұнаған сопақ, дөңгелек, тікбұрыш пішінді бетперделерін белгілеп және қиып алу керек;

 бірнеше тәсілмен оған дөңес пішінді әртүрлі адам келбетін беріңіз;

 қажет болған жағдайда әртүрлі сәнді элементтер мен бөлшектерді қосыңыз;

  бөлшектердің бекітілген орнына ерекше назар аудара отырып, ұқыпты кесілгенін және біріктірілгенін, желімнің ізі қалмағанын үлгіге жан жақты қарап біліңіз.

 

 Оқушылар аталған реттілік бойынша тәжірибелік жұмыстарын (бетпердені жасауды) орныдауды бастайды.

 Дифференциация:

 Бетпердені оқушылар жұптасып немесе топпен орындай алады (оқушылар өз қалаулары бойынша).

 Көмек құрал ретінде дайын үлгілерді қолдана алады (дидактикалық материал).

 Қажет болған кезде мұғалім қолдау көрсетіп отырады, ақыл-кеңес береді.

 Оқушыларды орындалатын жұмысқа қойылатын талаптармен және бағалау дескрипторларымен алдын ала таныстырыңыз

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 Бағалау

 Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.

 Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды. Бағалау кезінде жұмысты жақсарту үшін қажетті ұсыныстарды айтыныз, жасалған жұмыстардың жақсы шыққан тұстарына көбірек тоқталыныз, бұл әрекет оқушылардын шығармашылыққа деген талпынысын күшейте түседі.

1 қосымша

Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  • жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  • оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  • құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  • бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  • жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  • жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  • басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  • жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

Қайшымен жұмыс жасау кезінде -

  • жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
  • қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
  • қайшыны ашық тастама;
  • сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
  • қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
  • қайшыны керек уақытында пайдалан.

Ермексазбен жұмыс жасау кезінде -

  • жұмысты орындауға қажетті түсті таңда;
  • арнайы пышақшаның көмегімен қажетті ермексазды кесіп ал;
  • жұмсақ болу үшін алақанның көмегімен жылытып ал;
  • ермексазбен жұмыс жасап болғаннан кейін қолыңды шүберекпен жақсылап сүртіп, содан кейін.

Желіммен жұмыс жасау кезінде –

  • желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
  • желімді керек мөлшерде ғана ал;
  • артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
  • жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.

Бізбен жұмыс жасау кезінде –

  • бізді дұрыстап ұстауды үйрен;
  • жұмысты астына тақтайша қойып жаса;
  • тесікті бізді қатты баспай оңға, солға бұрау арқылы жаса.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу