Жаңа уақыттың төңкерістері: себептері мен салдары № 1 Неліктен Шығыс Еуропадағы төңкерістер «барқыттық» деп аталды? Дүние жүзі тарихы, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Тарау 3. Қоғамдық-саяси ойлардың дамуы мен мемлекеттің тарихы Бөлімше 3.3. Төңкеріс қоғамды қайта құрудың бір факторы | ||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Жаңа уақыттың төңкерістері: себептері мен салдары № 1 Неліктен Шығыс Еуропадағы төңкерістер «барқыттық» деп аталды? | |||||||||
Мерзімі: | Мектеп: Тараз қаласы ФМБ НЗМ | |||||||||
Сынып: 10 | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.3.3.7 - Шығыс Еуропадағы «барқыттық» төңкерістердің мазмұны мен қорытындысын талдау; 10.3.3.9 - қоғам мәселелерін шешудің төңкерістік тәсілінің салдары туралы қорытынды жасау | |||||||||
Сабақ мақсаттары | - Шығыс Еуропадағы төңкерістердің себептерін анықтау; - Шығыс Еуропадағы төңкерістердің нәтижелерін анықтау; -сабақ тақырыбы сұрағы бойынша қорытынды жасау. | |||||||||
Бағалау критерийлері | - Батыс Еуропадағы «барқыттық» төңкерістердің себебі, мазмұны және нәтижесін анықтау; -қоғам мәселелерін шешудің төңкерістік тәсілінің салдары туралы қорытынды жасау | |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Шығыс Еуропадағы төңкерістерді зерттеуге арналған дереккөздерден негізгі мәліметтерді бөліп көрсету; олардың атауларының себептерін анықтау (оқылым және жазылым дағдылары) | |||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Топта оқу қабілеті, өздігінен ақпараттарды табу, жағдайды талдау, жаңа жағдайларға бейімделу, мәселелерді қою мен шешім қабылдау, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыру қабілеті | |||||||||
Пәнаралық байланыс | Қоғамтану, Қазақстан тарихы | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Ақпаратты іздестіру, оны іріктеумен байланысты өзіндік жұмыс жасау дағдыларын дамыту; фактілер мен құбылыстар арасындағы байланыстар мен айырмашылықтарды салыстыру | |||||||||
Алдыңғы білім | Ұсынылған алдыңғы білім 20-шы ғасырда Шығыс Еуропа мемлекеттерінің дамуы туралы ақпаратты қамтиды. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Сабақта жоспарланған әрекеттер | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы №1 7 минут | (С) Қызығушылықты ояту. Оқушыларға барқыт бөліктеріне қол тигізуге және өз сезімдерін сипаттауды ұсыныңыз. Сабақ тақырыбын таныстырып, оқушылармен бірге зерттеу бағыттарын(сабақ мақсаттары) құрастырыңыз. (С) «Домино әсері» кескінін: бұл құбылысқа қандай тарихи оқиғалар үлгі бола алады? талқылау кезінде білімді өзектендіру Мұғалім оқушыларға 1848 жылғы төңкерістердің тарихта «Ұлттар көктемі» аталған картасын еске салады. Бұл тарихи оқиғаға «Домино әсері» түсінігін қолдану мүмкіндігін талқылау. | Слайд 1-2 Формат «Миға шабуыл» | ||||||||
Сабақтың ортасы 8 мин. 10 мин.
2 мин. 8 мин. | (Т) (Қ) Мұғалім оқушыларға топта 1848-1988 жж. аралығында Шығыс Еуропа елдерінде болған өзгерістерді уақыт таспасын қолдану арқылы еске түсіруді ұсынады. Жұмыс аяқталғаннан кейін топтар бір-бірінің жұмысын бағалайды (бағалау әдістерінің әртүрлі нұсқалары болуы мүмкін) Дескрипторлар: - оқушылар Шығыс Еуропа елдеріндегі жағдайдың кемінде 5 өзгерісін анықтады. Рефлексиялық сұрақтар: неге бұл елдер үнемі КСРО-ның диктаторлығынан босатылуға тырысты? (Ж) (Қ) Мұғалім оқушыларға «Фишбоун» стратегиясын және дереккөздерін пайдалану арқылы төңкерістің себептерін және нәтижелерін анықтауды ұсынады (1-қосымша). Дескрипторлар: - оқушылар кем дегенде 4 төңкерістің себептерін анықтады; - оқушылар төңкерістің кем дегенде 4 нәтижесін анықтады; - оқушылар кем дегенде 4 төңкерістің себептері мен нәтижелерін сәйкестендіреді. Оқушылар жұмыстарын аяқтағаннан кейін себептер мен нәтижелердің сәйкестігіне назар аударып, жұптық жұмыстың нәтижелерін талқылайды және бағалайды. (М) Мұғалім бүлікшілердің өз мақсаттарына қол жеткізу әдістерін сыныппен талқылайды. (Ж) (Қ) Мұғалім оқушыларға сабақ туралы қорытынды жазуды және талқылауды ұсынады. Дескрипторлар: - оқушылар төңкерістің осылай аталуының кем дегенде 2 себебін қолдана отырып, қорытынды жасайды. | Слайд 3 Слайд 4-7 | ||||||||
Сабақтың соңы 3 мин. | Кері байланыс (Ж) (Қ) ОМ жету деңгейін өзіндік бағалау үшін оқушыларға оқу мақсаты мен критерийлеріне оралуды ұсыныңыз. | |||||||||
Үй тапсырмасы 2 мин. | (Ж) (Қ) Мұғалім оқушыларға шығыс Еуропа елдерінің уақыт таспасын және картасын пайдалана отырып, «Шығыс Еуропадағы барқытты төңкерістер» инфографикасын жасауды тапсырады. | Слайд 10-11 | ||||||||
Саралау – сіз қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Басқаларына қарағанда анағұрлым қабілетті оқушыларға қандай тапсырма жоспарлайсыз? | Бағалау – Сіз қалай оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау | ||||||||
Саралау уақытты тиімді ескеру негізінде сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады. Саралау тапсырмаларды таңдауда, нақты оқушыдан күтілетін нәтижеде, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып, оқу материалдары мен ресурстарды таңдау кезінде (Гарднер бойынша көптік зият теориясы) көрсетілуі мүмкін. | Сіз оқушылардың сабақта нені үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдістер жазбасы үшін осы тарауды қолданыңыз | Денсаулық сақтайтын технологиялар. Әркеттің белсенді түрлері мен дене жаттығуларының қолданылуы Осы сабақта қауіпсіздік техника ережелерінен қолданылатын бөлімдер | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына жете алды ма? Егер жетпесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталынды ма? Жоспар бойынша қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? (оқытумен қатар оқу туралы ойланыңыз) 1: 2: Сабақтың табыстылығына не әсер етер еді? (оқытумен қатар оқу туралы ойланыңыз) 1: 2: Бұл сабақ барысынан мен келесі сабағымда назар аударуды қажет ететін сынып туралы немесе жеке оқушылардың жетістігі/қиындығы жайында нені анықтадым? | ||||||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.