Ғұндардың жаулап алушылық жорықтары ежелгі заманнан ортағасырларға өтудің бір факторы ретінде. Дүние жүзі тарихы, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім: Мемлекет тарихы және қоғамдық-саяси ойдың қалыптасуы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ғұндардың жаулап алушылық жорықтары ежелгі заманнан ортағасырларға өтудің бір факторы ретінде

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • 10.3.2.4 -халықтардың ұлы қоныс аударуының жағымды және жағымсыз салдарларын анықтау;
  • 10.3.2.5 -тарихи деректердің негізінде антикалық дәуірден орта – ғасырларға өту заңдылығын тұжырымдау

 Сабақ мақсаттары

Ұлы қоныс аударудың себептерін және оның әлем тарихын дамытуға әсерін талдайды

 Бағалау критерийлері

Халықтардың ұлы қоныс аударуының себептерін атайды және талдайды

Халықтардың ұлы қоныс аударуының жағымды және жағымсыз салдарларына дәлелдер келтіреді;

 Тілдік мақсаттар

 

Мәселе және оны шешу туралы өз пікірін білдіреді

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Еркіндік, теңдік, ұлттық сана, патриотизм, ізгілік, жаһандану, төзімділік.

 Пәнаралық байланыстар

Географиямен пәнаралық байланыс болуы мүмкін

 АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтор желісінен іріктеу материалдарын табу

Бастапқы білім

Оқушылар сондай-ақ қазіргі әлемдегі проблемалар мен олардың ұзақ мерзімді себептері арасында байланыс жасай алады. Олар мұны 6-7-сыныптағы Қазақстан тарихынан халықтардың ұлы қоныс аударуы туралы білімдермен байланыстырады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 мин.)

(БЫМ) мұғалім ғұндар бейнеленген слайдты және оған қойылатын сұрақтарды көрсетеді:

Ортағасырлық дәуірдің басы қандай оқиғаларға байланысты?

(жауап: халықтардың ұлы қоныс аударуымен)

Бұл оқиғаның басталуына қандай халық түрткі болды?

(жауап: Ғұндар )

Сабақтың ортасы

25 мин

5 мин

(М/С) (ф) мұғалім сыныпқа сұрақ қояды:

Неге ежелгі адамдар көшіп-қонып жүрген?

және олардың гипотезалар ұсынуын өтінеді.

Тақтаға олардың жорамалдарын (3-4-тен кем емес) жазады.

Оқушылар шамамен мынандай гипотезалар ұсынуы мүмкін:

  • Халықтардың орын ауыстыруы азық-түлік іздеуге, малға арналған жаңа жайылымдарды іздеуге байланысты болды.
  • Жаңа дәуірдің алғашқы жылдарында Азия кеңістігіне көшкен тайпалардың белсенділігі күшейе түсуде.
  • Бұл белсенділік табиғи құбылыстармен түсіндіріледі.
  • Жаңа дәуірдің алғашқы ғасырларында мал шаруашылығының құлдырауына алып келген себеп бұл құрғақшылық салдарынан даланың құрғап кетуі болды.

Жұптық жұмыс: " Халықтардың ұлы қоныс аударуын тудырған себептер» мәтінін оқыңыз (ресурс 1)– сіздің гипотезаны растайтын фактілерді табыңыз.

Оқушылар тапсырманы орындағаннан кейін, мұғалім слайдтағы фактілерді көрсетеді:

  • Біздің дәуіріміздің 4 ғасырында күн күрт суытты, бұрын континенттік климаты бар аумақтарда тұрып жатқан этностар өмір сүруге қолайлы аудандарды игеруге мәжбүр болды.
  • Қазіргі Италия, Франция және Англия жерінде боран және су тасқындары болып тұрды.
  • Орталық биліктің әлсіреуі және армияның іс-әрекетке қабілетсіздігі салдарынан Рим империясының құлдырауы басталды,шекаралық аудандарға көршілес халықтар қоныстана бастады.
  • Скифия мен Сарматиядағы демографиялық жағдай жақсарды, себебі,Солтүстік Қара теңізімен және Жерорта теңізімен сауда байланыстарын дамытудың арқасында бұл жерлер өмір сүруге неғұрлым қолайлы болды, бұл халықтың өсуіне әкелді..
  • Мемлекеттіліктің пайда болуы, жаулап алуға ұмтылу тайпалардың одақтарға бірігуінен туындады.
  • Орта Азиядан ғұндардың басып кіруі.

Топтық жұмыс: зерттеу

"Халықтардың ұлы қоныс аударуы" ресурсын зерттеңіз:

ЭТНИКАЛЫҚ, ӘЛЕУМЕТТІК, САЯСИ САЛДАРЛАР".

  • Бағалау критерийлері: PEST (STEP) талдау жасаңыз
  • Карталарды салыстырыңыз( ресурс 3), Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын атаңыз

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия:Қорытынды жаса және сөйлемді аяқта:

  • Халықтардың ұлы қоныс аударуының салдары мынандай…»

Сұрақтарға жауап бер:

  • Қай кезеңді халықтардың ұлы қоныс аударуы деп атайды?
  • Халықтардың ұлы қоныс аударуына қандай тайпалар қатысты?
  • Халықтардың ұлы қоныс аударуының оң және теріс салдарын атаңыз?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақтың әр түрлі кезеңіндегі дифференциация.

1.Гипотеза ұсынғанда.

2.Зерттеу жүргізу кезінде-факторлар мен салдарларды анықтау кезінде.

Бағалау критерийлері бойынша бірін-бірі бағалау, қалыптастырушы бағалау.

Мұғалімнің қорытынды бағалауы.

Оқушылар топта жұмыс істейді,сынып ішінде қозғалып жүреді, белсенділік танытады.

Топтық жұмысқа арналған мәтін көру қабілеттеріне зиян тигізбейтіндей тиісті шрифтпен беріледі.

Ноутбуктермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.