Ғұндардың жаулап алушылық жорықтары ежелгі заманнан ортағасырларға өтудің бір факторы ретінде. Дүние жүзі тарихы, 10 сынып, қосымша материал.
Приложение 2
Антикалық дәуірді Орта ғасырлар кезеңі алмастырды (Батыс Еуропада 5 - 14 ғғ.).
Бұл өтпелі дәуірдің әлеуметтік мазмұны ерте Ортағасыр дәуірмен қатар келген еркін азаматтардың құлдық қоғамынан бастап сеньорлар мен вассалдардың феодалдық иерархиясына қарай қозғалысы болып табылады. Антикалық қоғам құл иеленуге негізделген болса, ортағасырлық-феодалдық өндіріске негізделді. Феодализм күнделікті шаруашылыққа және шаруалардың феодалдарға жеке басыбайлылығы неізінде құралған.
Б.з. 5 ғ. аяғында антикалық мәдениет ішкі факторлар әсерінен ыдырай бастады. Көбінесе ол өркениеттік деңгейі әлі дамымаған халық- «варварлар» соққысынан ыдырады. Рим империясының ұланғайыр, ең ауқымды аймағының Азия мен Африка және Еуропалық бөлігіне адам және қоғам, мәдениет туралы өзіндік ой-түсінігі қалыптасқан тайпалар келеді. Ішінара олар Римдік жүйені, яғни тілін, дінін, рим құқығы жүйесін өздеріне сіңіргенімен, көп жерде оның іштен ыдырап құлауына ықпал етті. Өте үлкен империя өзара қақтығысып жатқан көптеген ұсақ варварлық корольдіктерге бөлініп кетті. Еуропа халықтарының басын қосып тұрған жалғыз күш-христиан діні болды. Христиандық б.з. 1 ғ. рим провинциясының бірі Палестинада пайда болды. Христиандық дін Рим империясының, оның ішінде римдік провинциялардың Римге қарсы қозғалысы ретінде пайда болды. Бұл болашақта өмірден өткеннен кейінгі жақсы өмірге баратыны туралы иллюзиялық ой қалыптастырды. Ерте христиандық қоғамда байлықты айыптау, әділдік, теңдік, бауырластық идеясы, демократиялық тенденциялар өте күшті насихатталған еді. Бұдан ары қарай христиандық дін эволюцияға ұшырады десек те болады. Б.з 4 ғ. соңында христиан діні қуғыннан құтылып, Рим империясының ресми дініне айналды. Рим империясына қарсы қозғалыс ретінде пайда болған христиандық ендігі жерде Рим мемлекетінің идеологиялық, рухани тірегіне айналды. Христиан діні монархиялық билік пен әлеуметтік теңсіздікті насихаттайды. Орта ғасырда көптеген жер мен мүліктің иесі ретінде ең ірі «феодалға» айналды. Феодалдық ұйым арасында христиандық шіркеу ұлы күшке ие болды. Сол кездегі дінбасылар ең жоғарғы сауатты, білімді тап болды.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.