Өркениет: зерттеудің теориялары мен әдістері. Дүние жүзі тарихы, 10 сынып, презентация.


Өркениет”ұғымы туралы не айта аласыз?

Әр сөйлемдегі“Өркениетұғымының мағынасы қандай?

Іс-қимылы,сөз саптауы, жүріс – тұрысы мәдениетті деуге болатындай жас жігіт екен.

Француз философтарының ойынша жабайылық тағылықпен, ал тағылық өркениетпен ауысты.

Өркениетті қоғамда зорлық-зомбылыққа, қылмысқа, заңды аяққа таптауға, адамның құқықтарын сыйламауға орын жоқ.

Антикалық өркениет-кейінгі ғасырлардағы европалық мәдениеттің негізінде жатқан бірегей мәдениет.

Орта ғасырлардағы экономика, билік жүйесі, құндылықтар, өмір сүру салты және адамдардың психологиясы бұл өркениетті антикалық немесе қазіргі заманғы өркениеттерден ерекшелейді.

Өркениет: зерттеудің теориялары мен әдістері

 

10.1.1.1 -тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін «өркениет», «өркениет типі» терминдерін қолдану;

10.1.1.2 -«Өркениет» түсінігін зерттеудің негізгі әдістерін түсіндіру

Өркениет (лат. азаматтық)

Өркениет терминiн алғаш рет 1756 ж. ғылыми айналымға  француз ағартушысы Мирабо (1715 – 1789) енгізген.

Шотланд философы Адам Фергюсон (1723-1816 жж.) өзінің “Азаматтық қоғам” тарихының очеркінде 1767 жылы белгілі дәрежеде этнографиялық материалдарын құрып адам мәдениетің дамуының жалпы концепциясын жасауға тырысты. Ол тарихты үш дәуірге тағылық, варварлық, цивилизация дәуіріне бөлді. Тағылық пен варварлық арасындағы шекті Фергюсон жеке меншіктің енуі, аң аулау мен балық аулаудан тамақ табудың басымдық алған тәсілі ретінде егіншілік, мал шаруашылығына көшу деп саналды.

«Өркениет» ұғымына қандай анықтама берер едіңдер?

А) Қалалық азаматтық қоғам;

Б) Адамгершілік қағидаларына негізделген, жеке адамның құқықтары қорғалған үйлесімді қоғам;

В) Қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы;

Өркениетті зерттеудің тәсілдері

ЭТНОПСИХОЛОГИялық

ГЕОГРАФИЯЛЫҚ

ӘЛЕУМЕТТІК

МӘДЕНИ

Топтық жұмыс

«Өркениеттің негізі теориялары» мәтінін оқып шығып, РАФТ әдісі бойынша мақала жазу

1 топ- Я. Данилевскийдің мәдени-тарихи типтер теориясы.

2 топ - О. Шпенглердің локальді өркениеттер теориясы

3 топ - А. Тойнбидің өркениеттер даму теориясы

4 топ - П. Сорокиннің әлеуметтік-мәдени жүйелерінің теориясы

Бағалау критерийлері :

Терия бойынша автордың негізгі идеясын көрсету;

Біздің мемлекеттің тарихы қарастырылған теориялардың қайсысымен дамып келе жатқанын болжау;

Рефлексия:

«Өркениет», «өркениет типтері» деген сөздерді қалай қолдануға болады?

Біздің мемлекеттің тарихы қарастырылған теориялардың қайсысымен дамып келеді?

Сіздер үшін сабақта не түсініксіз болды?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.