Өркениет: зерттеудің теориялары мен әдістері. Дүние жүзі тарихы, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өркениет: зерттеудің теориялары мен әдістері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.1.1 -тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін «өркениет», «өркениет типі» терминдерін қолдану;

 Сабақ мақсаттары

10.1.1.2 -«Өркениет» түсінігін зерттеудің негізгі әдістерін түсіндіру

 Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • «Өркениет» ұғымы туралы болжамдарын айтады;
  • Топта өркениеттің негізгі теориясы жайлы мақала дайындайды;

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Топта зерттеу жұмысы барысында өркениеттің негізгі теориясы жайлы жазбалар дайындайды және сынып алдында жұмыс нәтижелерімен бөліседі (оқылым, айтылым, жазылым, тыңдалым дағдылары дамиды)

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Құндылықтар тақырып мазмұнын ашу арқылы дамиды

 Пәнаралық байланыстар

Қазақстан тарихы, Құқық негіздері, экономика

 АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтор желісінен іріктеу материалдарын табу

Бастапқы білім

Бұл бөлім оқушыларға «өркениет»ұғымын түсінуге мүмкіндік береді,пәндік тілдік қорларының қалыптасуына ықпал етеді, сонымен қатар,қоғамның тарихи даму кезеңінде өркениеттің негізгі теориялары қалай дамығандығын көрсетеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Бастапқы ынталандырушы материал

Сөйлемдері тақтада көрсету немесе жеке-жеке таратып беру. Оқушылар дауыстап оқып шыққан соң, төмендегі сұрақтарға жауап беруін өтіну:

“Өркениет”ұғымы туралы не айта аласыз? Әр сөйлемдегі“Өркениет” ұғымының мағынасы қандай?

  • Іс-қимылы,сөз саптауы, жүріс – тұрысы мәдениетті деуге болатындай жас жігіт екен.
  • Француз философтарының ойынша жабайылық тағылықпен, ал, тағылық өркениетпен ауысты.
  • Өркениетті қоғамда зорлық-зомбылыққа, қылмысқа, заңды аяққа таптауға, адамның құқықтарын сыйламауға орын жоқ.
  • Антикалық өркениет-кейінгі ғасырлардағы европалық мәдениеттің негізінде жатқан бірегей мәдениет.
  • Орта ғасырлардағы экономика, билік жүйесі, құндылықтар, өмір сүру салты және адамдардың психологиясы бұл өркениетті антикалық немесе қазіргі заманғы өркениеттерден ерекшелейді.

Сұрақтарды талқылап болған соң, оқушылардан бүгінгі сабақтың тақырыбын болжауын өтінемін.

Сабақтың мақсаттарын анықтау, тақырыпты дәптерлеріне жазғызу.

1 слайд

Сабақтың ортасы

7 мин

Топтық жұмыс

10 мин

13 мин

Мұғалім түсіндірмесі:

Өркениет терминiн алғаш рет 1756 ж. ғылыми айналымға  француз ағартушысы Мирабо (1715 – 1789) енгізген.

Шотланд философы Адам Фергюсон (1723-1816 жж.) өзінің “Азаматтық қоғам” тарихының очеркінде 1767 жылы белгілі дәрежеде этнографиялық материалдарын құрып адам мәдениетің дамуының жалпы концепциясын жасауға тырысты. Ол тарихты үш дәуірге тағылық, варварлық, цивилизация дәуіріне бөлді. Тағылық пен варварлық арасындағы шекті Фергюсон жеке меншіктің енуі, аң аулау мен балық аулаудан тамақ табудың басымдық алған тәсілі ретінде егіншілік, мал шаруашылығына көшу деп саналды.

Осындай көзқарастарды адамзат үш сатыдан балалық яғни тағылық күйден, жастық, яғни варварлық күйден және кәмелеттік, яғни мәдени игі ниетті күйден өтті деген қағиданы ұсынған неміс ғалымдары Иоганн Форстер (1729-1798 ж) мен оның ұлы Геогрд (1754-1794) дамытты.

«Өркениет» сөзі латын тілінен аударғанда «азаматтық» деген ұғымды білдіретінін түсіндіру.

(С) Оқушыларға сұрақ қою:

-«Өркениет» ұғымына қандай анықтама берер едіңдер?

Оқушылар жауаптарын тыңдап болған соң «өркениет» ұғымының бірнеше анықтамасымен таныстыру.

А) Қалалық азаматтық қоғам;

Б) Адамгершілік қағидаларына негізделген, жеке адамның құқықтары қорғалған үйлесімді қоғам;

В) Қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы;

Оқушыларға сұрақ қою:

-Сіздердің ойларыңызша қай анықтама дәлелді және ұғымның мазмұнын ашып тұр?

Оқушылар назарына ұзақ уақыт бойы өркениеттерді зерттеу процесі қарқынды жүргенін,бұл тақырып бойынша тарихшылар, философтар, антропологтар тағы да басқа ғылым салалары бойынша ғалымдар өз еңбектерін арнағаны туралы ақпарат ұсыну. Қазіргі уақытта бұл тақырыпты зерттеудің

Этнопсихологиялық

Географиялық

Әлеуметтік

Мәдени тәсілдері бар екеніне тоқталу.

Әр тәсіл бойынша өркениеттердің негізгі теориялар бар.

(Т/Ж) Оқушыларды төрт топқа бөлу.Тапсырма:

«Өркениеттің негізі теориялары» мәтінін оқып шығып, РАФТ әдісі бойынша мақала жазу.Әдістің структурасын түсіндіру:

  • R — role (роль).
  • A — audience (аудитория).
  • F — format (формасы).
  • T — topic (тақырып).

1 топ- Я. Данилевскийдің мәдени-тарихи типтер теориясы.

2 топ - О. Шпенглердің локальді өркениеттер теориясы

3 топ - А. Тойнбидің өркениеттер даму теориясы

4 топ - П. Сорокиннің әлеуметтік-мәдени жүйелерінің теориясы

Бағалау критерийлері :

  • Терия бойынша автордың негізгі идеясын көрсету;
  • Біздің мемлекеттің тарихы қарастырылған теориялардың қайсысымен дамып келе жатқанын болжау;

(ҚБ) Әр топ өз жұмыстарын сыныптастарының назарына ұсынады, оқушылар бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.

https://malimetter.kz/madeniettin-orleui-madeniettanu-problemasy-retinde/

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақ соңында рефлексия жүргізіледі:

  • «Өркениет», «өркениет типтері» деген сөздерді қалай қолдануға болады?
  • Біздің мемлекеттің тарихы қарастырылған теориялардың қайсысымен дамып келеді?
  • Сіздер үшін сабақта не түсініксіз болды?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау оқушыларды топқа бөліп, мәтінмен жұмыс кезінде қолданылады

Бағалау критерийлері бойынша бірін-бірі бағалау, қалыптастырушы бағалау.

«Өркениет» ұғымының анықтамасын болжаған кездегі мұғалімнің комментарийлері.

Оқушылар топта жұмыс істейді,сынып ішінде қозғалып жүреді, белсенділік танытады.

Топтық жұмысқа арналған мәтін көру қабілеттеріне зиян тигізбейтіндей тиісті шрифтпен беріледі.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.