Неліктен фашизм Италия мен Германияда өрбіді? Дүние жүзі тарихы, 8 сынып, дидактикалық материал.


Германиядағы фашизмнің ерекшелігі

 Германиядағы ұлттық-социализм. Гитлердің өкімет басына келуі. Нью-Йорк биржасындағы күйреу Германия- ға да өз әсерін тигізді. Үш жыл ішіндегі дағдарыста өндіріс- тің құлдырауы 1929 жылдың деңгейімен салыстырғанда 58%-ға жетті. Жұмыссыздардың саны 4,5 млн-нан асты. Олардың 20%-ы ғана аздаған жәрдемақы алатын еді. Дағдарыс мыңдаған фермерлер мен қолөнершілерге ауыр тиді. Жеңіске жеткен мемлекеттермен салыстырғанда, гер- ман буржуазиясының дағдарысты тоқтатуға мүмкіндігі шектеулі еді. Iшкі нарық әлсіз болды. Ал отарлардан айы- рылу Германияның қолын байлады. 1931 жылға дейін ол соғыс шығынын төлеп келді. Өнеркәсіп иелері шығынға батты. Герман өнеркәсібінің империялық одағы Веймар Республикасының әлеуметтік саясатына наразылық білдіріп, тұрақты мықты үкімет құруды талап етті. Веймар Республикасының ондай талапты орындауға мүмкіншілігі болмады. 1930 жылы көктемде билік басында тұрған “үлкен коалиция” таратылды. Веймар үкіметінің күйреуі жаңа саяси партиялардың өрлеуін тудырды. Осындай жағдайда ұлтшылдар өзде- рінің Ұлттық-социалистік неміс жұмысшы партиясы- ның негізін нығайтуға мүмкіндік алды. Оның басында А. Гитлер тұрды. Гитлер және оның сыбайластары ұлт- шылдық идеяны маңызды құрал ретінде пайдаланды. “Жау бейнесін жасау”, оны күшпен жою фашистердің идеялық-жарнамалық науқанының маңызды белгісі бол- ды. Ұлтшылдар мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге болатынын, ал ол үшін “ішкі жаулар- ды” — коммунистерді, демократтарды, еврейлерді, сыған- дарды жою қажеттігін қайталаумен болды. Фашистер жұмысшыларға жұмыс беруге, жалақыны әділ төлеуге, арзан несие беруге, жұмыс орнын көбейтуге, зейнетақымен қамтамасыз етуге, өсімқорлар мен алыпсатарларды жоюға уәде берді. Бұрынғы буржуазиялық партияларға қарағанда Ұлт- тық-социалистік неміс жұмысшы партиясы көсемдік 33 салтты қолдап, көсеміне шексіз бағынушылық қағидасын уағыздады. Ұлттық-социалистік неміс жұмысшы пар- тиясының үгітшілік қызметі мамандандырылған әскери жасақтармен толықтырылды. 1930 жылдар басында Ұлттық-социалистік неміс жұмысшы партиясының ұйымдары ірі неміс кәсіпкерлері мен банкирлерден мол қаржылай қолдау алып отырды. Ұлтшылдардың Герма- нияда диктатура орнату, Версаль бітімін жоққа шығару, отарларды қайтарып алу, елде “күшті үкімет құру” және т.б. ұрандары ұсақ буржуазияның талабына сай келді. Біртұтас антифашистік майдан құруға күш жетпеді. Генерал Шлейхер басқарған үкіметтің бұқаралық негізі және парламенттік қолдауы болмады. Бұқаралық қозға- лыс Ұлттық-социалистік неміс жұмысшы партиясының ықпалында болды. Шексіз билікке ұмтылған бұл саяси топтар Германияда тоталитарлық тәртіптің орнауына жол ашты. 1933 жылы 30 қаңтарда президент Гинденбург А. Гитлерге үкіметті құруды тапсырып, оны рейхсканцлер етіп тағайындады. Үкімет құрамына бірқатар буржуазиялық партиялар өкілдері кірді. Рейхстаг құрамына өзгерістер енгізу үшін мерзімінен бұрын парламент сайлауы белгіленді. Солшыл күштердің беделін кеміту үшін гитлершілдер рейхстагқа өрт қойып, оны коммунистердің лаңкестік әрекеті деп жала жапты. Сөйтсе де 1933 жылғы наурыз айындағы парламент сайлауы Гитлер партиясына басшылықты қамтамасыз ете алмады. Енді ұлтшылдар конституцияны бұзып, ГКП мандатын жоққа шығарды. Гинденбург рейхстаг арқылы Гитлер кабинетіне төтенше өкілеттік беру ту- ралы заң шығарды. Бұл заң бойынша үкімет парламент бақылауынан шығарылды және қалаған заңды актілерді қабылдау құқығына ие болды. Гитлер бұдан былай Герма- нияда сайлау болмайтынын жариялады. Заңның 48-бабы бойынша Веймар Республикасының барлық негізі, демо- кратия, конституция, өкімет органдары, саяси партиялар, сайлау жүйесі жойылды. 1933 жылдың сәуірінде гитлершілдердің саяси құ- пия полициясы — гестапо құрылды. Оның міндеті ре- жімнің қарсыластарын жою болды. Гестапо және СС 34 (Schutstaffeln — сақшы жасақтар) тек Германияның өзінде ғана емес, сондай-ақ одан тысқары аймақтарда да гитлер- лік топтардың лаңкестік қаруы болды. Мемлекеттегі барлық саяси партиялар таратылды неме- се жойылды. Ұлттық-социалистік неміс жұмысшы партия- сы “немістің мемлекеттік идеясын алып жүруші” жалғыз партия деп жарияланды және лаңкестік қағида барлық мемлекеттік аппаратқа таратылды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу