Неліктен апиын соғыстары осы күнге дейін қытай халқының есінде? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, қосымша материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

  8 СЫНЫП, САБАҚ 8.13.1

  бөлім. XІX ғасырдағы Қытай мен Еуропа елдері

 Сабақ тақырыбы: Неліктен апиын соғыстары осы күнге дейін қытай халқының есінде?

 Оқу мақсаттары:

 7.1.1.3 - еуропалық державалардың отаршылдық экспансиясы кезеңіндегі Азия мемлекеттерінің (Қытай, Үндістан, Жапония) әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктерді анықтау;

 7.2.1.2 - миссионерліктің міндеттерін анықтау;

 7.3.2.6 - еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау;

 7.4.1.4 - «экспорт», «импорт», «экспансия», «отарлау», «фактория» ұғымдарын қолдану арқылы, тауар-ақша қатынастарының дамуын түсіндіру

 Тарихи концепт: себеп пен салдар

 Сабақтың өзара байланыс компоненттері:

 1. Сабақтың басында ұйымдастыру сәті өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру. Оқушылардын жұмысқа қолайлы психологиялық көзқараста болуын қамтамасыз ету маңызды. Мысалы: Сыртқы және ішкі шеңбер” атты жаттығуды ұйымдастырыңыз. Оқушыларға екі шеңберге тұруды ұсыныңыз. Ішкі шеңбердегі оқушылар оларға қарама қарсы тұрған сыныптастарына олардың жақсы жеке қасиеттерін, қабілеттерін, көзқарастарын, мінез-құлқы және тағы басқалары туралы айтады. Сыртқы шеңберде тұрған оқушы жауап береді: «Иә, рахмет, мен де ойлаймын, мен ... Бірақ, сонымен қатар, мен ...».

 Содан кейін оқушылар орындарын ауыстырады.

 Бұл жаттығу оқушыларға өздеріне және басқа адамдарға тән жақсы қасиеттерді анықтауға көмектеседі. Жаттығу сыныпта позитивті психологиялық атмосфера құруға өте қолайлы.

 

 2. Оқушыларды тақырыпты зерттеуге ынталандыру мақсатында «БЫM» - бастапқы ынталандырушы материал» әдістемесі өткізіледі. Оқушыларға қытайлық император Цяньлунның (1769-1799 жж.) портретін көрсетіп, ол сыртқы әлемнен Қытайды «жабып тастауды» бастады, оқшалану саясатын жариялады. 1757 жылы өзінің жарлығымен ол еуропалықтардың елге кіруіне тыйым салды.

 Оқушылардан сұраңыз: Император Цяньлунь неліктен Қытайды сыртқы әлемнен оқшалану саясатын жариялау туралы шешім қабылдады? Мұндай саясаттың оң және теріс салдары қандай деп ойлайсыңдар?

 Оқушылардың жауаптарының нұсқалары:

 Оқшанану саясатының арқасында Цин империясының маньчжір үкіметінің Қытайдағы билігін сақтап қалуға және халықты шетелдіктердің ықпалынан қорғауға тырысты.

 Бұл шешімнің оң нәтижесі: Қытай өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін сақтап қалды, жергілікті қөлөнер өндірісі табысты дамыды, жоғары сапалы қолөнер бұйымдары шығарылды.

 Қытайдың қолөнершілері мен саудагерлер еуропалық фабрикаларда шығарылған арзан төнімдерге қарсы бәсекеге күрісуі қажет болмады.

 Теріс нәтижелері: Қытай феодалдық-абсолютистік мемлекет болып қала берді, мұнда императордың билігі сақталды, маньчжір Цин әулетінің саясатына наразылық көрсеткендер қатаң жазаланды. Кытай еуропалық елдерден өнеркәсіптік және әскери тұрғыда артта қала берді.

 Қажет болған жағдайда, мұғалім оқушылардың жауаптарын толықтырады және оқушыларға XVIII ғасырдың соңынан бастап Цинь империясындағы дағдарыстың күшеюі туралы хабарлайды. Себептері: жаулап алу саясаты мен Цин саясатының өшпенділігі.

 Қытайда орын алған дағдарыстың белгілері:

 1. Әлеуметтік шиеленістің өршуі.

 2. Мемлекеттік аппараттың тиімдісіздігі

 3. Азық-түліктің жетіспеушілігі.

 4. Шаруа көтерілістердің жиеленуі.

 5. Жасырын қоғамдар мен діни секталардың таралуы.

 Қытайдың әлсіреуі XIX ғасырда оның еуропалық державаларға тәуелді болып қалуына әкелді.

 

 3.Бұдан кейін мұғалім сабақ тақырыбын хабарлайды, оқушыларды оқу мақсаттарымен, тарихи концептісімен және бағалау критерилерімен танастырады. Оқушылар дәптерге сабақтың тақырыбын жазады. Оқушылар сабақтың мақсаттарын түсінгендеріне көз жеткізіңіз.

 

 4. Бейне-ресурспен жұмыс. Оқушыларға Қытайдағы апиын соғыстары туралы бейнероликті көрсетіңіз және келесі сұрақтарды талқылаңыз:

 - Қытайдағы апиын соғыстарының себептері қандай?

 - Бұл соғыстарға қандай еуропалық елдер қатысты?

 - Бұл соғыстардағы еуропалық державалардың мақсаттары қандай еді?

 - Қытай апиын соғыстарында не себепті жеңіліске ұшырады?

 - Цин империясының үкіметі осы соғыстарда өзін қалай айқындатты?

 - Неліктен олар басқыншыларға қарсы халық соғысын тежеу саясатын жүргізді?

 - Апиын соғыстыраның нәтижесі қандай?

 - Апиын соғысы аяқталғаннан кейін Қытайдың жағдайы қандай болды?

 - Осы оқу ресурсынан империализм туралы не білдіңдер?

 - Осы оқиғаларға жеке көзқарастарыңыз қандай?

 - XIX ғасырдағы халықаралық қатынастардың сипаты туралы қандай қорытынды жасай анасыңдар?

 Тапсырма дескрипторлары:

 - Оқушы бейнеролик мазмұны туралы сұрақтарға жауап береді, маңызды ақпаратты таңдай, өз ойын қорытындылай алады

 - Оқушы бейнересурс материалы бойынша қорытынды жасайды және оны дәлелдейді.

 

 4.Топтық жұмыс. Оқушыларды 4 топқа бөліп, келесі сұрақтарды зерттеу үшін ақпараттық материалдар ұсыныңыз:

 1-ші топ: Нанкин бейбіт шарты

 2-ші топ: Тяньзин бейбіт келісімі

 3-ші топ: Айгун бейбіт шарты

 4-ші топ: Париж бейбітшілік туралы шарт

 Материалдардмен танысқын соң, оқушылар мұғалім рөлін сомдап, сыныпқа өз тақырыптарын түсіндіріп берулері керек.

 

 Оқушылардың жауаптарының қысқаша сипаттамасы:

 

Топтарға арналған тапсырмалар

Жауаптар

Нанкин бейбіт шарты

1842 жылдың 29 тамызында Нанкин ағылшын-қытай келісіміне және «Қосымша протоколға» қол қойылды, бұл Қытай билеушілерінің британдықтардан жеңіліске ұшырағандарын айқындады.

Тяньзин бейбіт келісімі

Ұлыбритания, Франция және АҚШ-тың дипломатиялық өкілдіктері маньчжур императорына 1842-1844 жж. Жасалған келісім шартын қайта бекітуды талап етті. Бұл басқа да еуропалық елдердеің және АҚШ-тың Қатайдағы саудаларын кеңейтуді мақсат етті.

1858 жылы Тяньцзинь қаласында ағылшын-қытай және франция-қытай келісім шарттары жасалды. Оларда Англия мен Франция Қытайға Пекинде тұрақты дипломатиялық миссиялардың болуын мен ағылшын және француз саудагерлерінің бүкіл Қытай аумағында еркін жүріп-тұруға, сондай-ақ Янцзы өзенінде сауда жасауға құқылы болды. Сонымен қатар, сыртқы сауда жүргізу үшін кедендік және транзиттік баждар төмендетілген 11 порт ашылды. Ал қылмыстық апиынның заңсыз айналымы заңдастырылды. Қытай Англия мен Францияға контрибуция толейу міндеттелді.

Қытайдың Британия, Франция және АҚШ-пен жасатқан Тяньцзинь келісімшарттары Қытайды жартылай отарға айналуына тағы бір қадам жасалды.

Айгун бейбіт шарты

Қытайда ұалыптасқан жағдайды пайдалып, Ресей Цин империясына аймақтық айырбастау ретінде оған әскери көмек ұсынды. 1858 жылы Айгун шарты жасалды, оған сәйкес Ресей Амурдың оң жағалауына және Усурийск аймағын бақылауға құқыққа ие болды.

Париждегі бейбітшілік туралы келісім шарт

1860 жылғы 24-25 қазанында Пекин келісіміне қол қойылды, оған сәйкес Цин үкіметі Ұлыбритания мен Францияға 8 миллион лян көлеміндегі контрибуция төлеуге және сыртқы саудаға Тяньцзинді ашуға келісті.

 Тапсырма дескрипторлары:

- Оқушы Нанкин бейбіт шартының мазмұның дұрыс анықтайды

- Оқушы Тяньзин бейбіт келісімінің мазмұның дұрыс анықтайды

- Оқушы Айгун бейбіт шартының мазмұның дұрыс анықтайды

- Оқушы Париждегі бейбітшілік туралы келісім-шарттың мазмұнын дұрыс анықтайды

 

 5.Сабақ бойынша рефлексия. Сабақты қорытындылау үшін оқушыларға: Қытайдағы апиын соғыстарының нәтижесі қандай? – деген сұраққа жауап жазуды ұсыныңыз.

 Кейбір оқушылардан өздерінің жауаптарын оқып беруін сұраңыз, ал басқа оқушылар келісетінін немесе қосуға болатындығын ескере отырып, түсініктемелер мен толықтырулар бере алады.

 

 Оқушылардың жауаптарының нұсқалары:

  Апиын соғыстары Цин империясының экономикасын ғана емес, сонымен қатар оның саяси беделін де бұзды. Осы кезден бастап Қытай Батыс державаларының жартылай отары ғана болып қалды. Бұл жерден дамыған елдер ресурстар мен арзан жұмыс күшін пайдаланды. Қытайлықтарға мемлекеттің тәуелсіздігін және елдің халықаралық беделін қалпына келтіру үшін көптеген жылдар бойы зор құрбандықтарға толы күреш жүгізуге мәжбүр болды.

 Апиын соғыстары Қытай үшін ұлттық қорлау болып саналады. Дегенмен Қытай осы уақытқа дейін өзін өркениеттің жалғыз орталығы деп есептейді. Апиын соғыстарының тағы бір нәтижесі - Қытай Батыстан технологиялары мен инновацияларды, батыстық білім беру және медицина жүйелерін, қазіргі заманғы миссионерлік мектептермен ауруханаларды ұйымдастыруды үйренді. Бірақ мұндай прогрестің бағасы өте жоғары болды.

 

 6. Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға қаралған тақырып бойынша қосымша әдебиеттерді оқуды ұсыныныз, мысалы:

 - «1840-1842 жылдардағы ағылшын-қытай соғысы», Ұлы орыс энциклопедиясы, bigenc.ru сайтындағы электрондық нұсқасы.

 - Александр Бутаков, Александр Тизенгаузен «Апиын соғысы», 2002, https://www.ozon.ru/context/detail/id/1162521



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.