Танзимат саясаты Осман империясын күшейтуге әсер етті ме? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, қосымша материал.


 МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

  8 СЫНЫП, САБАҚ 10.1

 

 Бөлім V. XIX ғасырдағы империялар және олардың бақталастығы

 Сабақ тақырыбы: Танзимат саясаты Осман империясын күшейтуге әсер етті ме?

 Оқу мақсаттары:

 7.4.2.1 - түрлі мемлекеттердің өнеркәсіптік даму сатысына өту процесінің ерекшеліктерін салыстыру;

 7.3.2.2 - XVIII-XIX ғасырдың ортасындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістерді сипаттау

 Тарихи концепт: дәлел

 

 Сабақтың өзара байланыс компоненттері:

 

  1. Сабақтың басында ұйымдастыру және алдыңғы алған білімді өзектендіру сәті өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру.

 

 2. Сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға ХVІІ ғасырдың соңындағы ең жоғарғы дамыған кезеңіндегі Осман империясының картасын көрсетіңіз. Оқушылардаң сұраныз: Бұл қандай мемлекет? Бұл ел туралы не білесіідер? Бұл елдің пайда болуы тарихы ортағасырлық Қазақстан тарихына қандай қатынасы бар деп ойлайсыңдар? Осы мемлекет территориясы барынша кеңейген кезеңінде қандай аймақтарды қамтыды? Сұлтан II Осман билік жүргізген кезеңі мен оның тағдыры туралы не білесіңдер? Янычарлар туралы не білесіз? Осы империяның аумағында қазіргі қандай мемлекет орналасты?

 Оқушылардың жауаптары:

 Бұл Осман империясының аумағы. 1299 жылы оғыз тайпаларының (Арал теңізі ойында өмір сүрген тайпалар) бір бөлігі Кіші Азия аумағына Тоғұрыл-бектің басшылығымен Қазақстаннан көшіп-қонған кезде пайда болған. Бұл тайпалар салжұқтар деп аталды. Олар Византияға шабуыл жасап, Кіші Азияда өз биліктерін нығайта алды. Осман мемлекетінің атауы Тоғұрыл-бектің ұлы - сұлтан Осман Ғази (1299-1326 жж.) атымен байланысты. Осылайша қазіргі Түркия елі тарихының алғашқы кезеңдері қазақ халқының ата-бабаларының - оғыз тайпаларының – тарихымен тығыз байланысты.

 Оқушылар бұл мемлекетті сұлтан басқарғанын біледі, оған визирлар - кеңесшілер көмектесті. Византияны басып алғаннан кейін мемлекеттің астанасы Стамбул (бұрынғы Константинополь) болды. 1453 жылы Византия құлағаннан кейін Осман мемлекеті империяға айналды.

  XVI-XVII ғасырларда Осман империясы өзінің ең жоғары даму кезеңіне жетті. Осы кезеңде Осман империясы әлемдегі ең қуатты елдердің бірі болды. Солтүстікте Венгрияның оңтүстік шекарасынан, солтүстікте Речь Посполитая, оңтүстікте Йеменге дейін, батыста Алжирдан, шығысында Каспийге дейін созылған көпұлтты, көптілдік мемлекет болған. Оның аумағыга Оңтүстік-Шығыс Еуропа, Батыс Азия және Солтүстік Африканың бір бөлігі енді. Сұлтан I Селим (1512-1520 жж.) билік құрған кезінде Осман мемлекеті халифат деп аталды.

 Оқушыларға осы сабақта XIX ғасырдағы империяның жағдайын білетіндерін айтыңыс.

 

 3. Оқушылардың жауаптарын толықтырып, талдап, мұғалім сабақтың тақырыбын, оқыту мақсаттарын, тарихи концептісін және бағалау критерийлерін хабарлайды. Оқушылар дәптерге сабақтың тақырыбын жазады. Барлық оқушылар оқу мақсаттарын түсінгеніне көз жеткізіңіз.

 Оқудың мақсаты мен міндеттеріне негізделген сабақтың мақсатын оқушылармен бірге бекітіңіз:

- Осман империясын дамытуға арналған танзимат реформасының себетері мен салдарын анықтау;- Танзимат саясаты қаншалықты сәтті болғаны туралы қорытынды жасау.

 

 4. Топтық жұмыс. Оқушыларды 4 топқа бөліңіз, Осман империясында өткізілген келесі сұлтандар жүргізген реформалары туралы әр топқа ақпараттық ресурстар ұсыныныз:

 1-і топ: III Селим, 2- і топ - II Махмұд, 3-і топ - I Әбдұл-Меджид, 4- і топ - II Әбдұл-Хамид.

 Оқушылар осы сұлтандардың реформаларын келесі критерийлерді пайдаланып сипаттау керек:

 - Реформаны жүргізудің алғышарттары (себептері).

  •  Реформаның барысы, мазмұны.
  •  Реформаның салдары, нәтижесі.
  •  Империяны дамыту үшін қабылданған реформалардың сәттілігін бағалау.

  Тапсырмаға арналған дескрипторлар:

 - оқушы реформалардың кем дегенде 2 себебін дұрыс анықтайды;

 - оқушы реформанын кем дегенде 2 шарасын дұрыс анықтайды;

 - оқушы реформалардың кем дегенде 2 салдарын дұрыс анықтайды;

 - оқушы реформалардың сәттілігі туралы қорытынды жасалды.

 

 Оқушылардың тапсырманы орындау нұсқасы:

 

Сұлтандар-реформаторлар

Реформаның себептері

Реформаның мазмұмы

Реформалардың қорытындысы

Сәттілігін

бағалау

III Селим (1789-1807 жж.)

Әлсіз сұлтанның үкіметі еуропалықтарға тәуелді болды

Әскери реформалар: артиллерия құрылды, еуропалықтардың жаңа әскери моделі қолданылды, флот қалпына келтірілді, Стамбулда әскери-инженерлік мектеп ашылды.

1807 жылы янычарлардың көтерілісі нәтижесінде III Селим тағынан тайдырылып, өлтірілді. Барлық реформалар жойылып, олардың жақтастары жазаланды.

Реформалар сәтсіздікке ұшырады

II Махмұд

Румелияның билеушісі Мұстафа Паша Байрақтар Осман империясында басталған реформаларды жалғастыруға шешім қабылдады.

Ол жас сұлтан II Махмұдты таққа отырғып, реформаларға кірісті.

Мұстафа Байрақтар визир лауазымын алды. Ол ауқатты феодалдарды сұлтанның билугуне бағындыру үшін олармен келіссөздер жүргізді, сөйтіп он беделді Порта – Осман мемлекетінің үкіметін қалыптастыруын тырысты.

Ұлт-азаттық қозғалыстар күшейіп, халықтар біртіндеп империяның құрамынан шыға бастады.

Реформалар жеңіліске ұшырады

I Абдул-Меджид (1839-1861 жж.)

I Абдул - Меджид батыс мәдениетіне бас иіп, елдің барлық салаларын нығайту мақсатында әкесі бастаған реформаларды («танзимат-и-хайрийе» - «қайырымды реформалар») жалғастырды.

 

Министрліктер құрылды.

Мұсылман емес халықтар өкілдеріне армияда қызмет етуге рұқсат етілді, ұлттық әнұран мен туы қабылданды, Наполеон кодексінің үлгісінде заң жинағы жасалды, алғаш теміржол мен телеграф салынды.

I Абдул-Меджид мінезі жұмсақ болғандықтан, оған қоршаған ортасы көп әсер етті; сондықтан оның реформалары тиянақсыз болды.

ағылшын және француз капиталының қатысуымен Оттоман банк құрылды. Шетел капиталын кеңінен тарту елідің Еуропаға тәуелділігін нығайтты.

Реформалар жетістікке жартылай жетті.

 

 

II Әбдұл-Хамид (1876-1909 жж.)

Сұлтанның жеке билік режимін қалыптастыруға және исламизмнің идеологиясына сүйеніп империяны сақтап қалуға бағытталды

Батыс кеңесшілерінің қысымымен 1876 жылдың 23 желтоқсанында конституция қабылданды.

Еуропалық үлгідегі армияда құрылды. Шетелдіктер оқытатын әскери мектептері ашылды.

Осман империясы еуропалық державалардың жартылай отарына айналды.

Реформалар жетістікке жартылай жетті.

 

 

 Жұмыстың аяқталуымен топтар өз жұмыстарын сыныпқа ұсынады, басқа топтардың сұрақтарына жауап береді.

 Барлық оқушылармен келесі сұрақтарды талқылаңыз:

 Бұл реформалардың алғышарттары не болды? Олардың ортақ мақсаты қандай? Неліктен ХІХ ғасырда Осман империясын нығайту мақсаты орындалмай қалды?

 Оқушыларды осы реформалардың сәтсіздігінің негізгі себептері: Батыс елдеріне қарағанда империяның техникалық жағынан артта қалуы, шексіз монархия мен феодалдық тәртіптердің сақталуы, ислам халифатының құндылықтарының жақтаушылардың ұстанымы таралуы – осындай қорытындыға жеткізініз. Жартылай феодалдық қатынастар сақталып, Осман империясы индустриялық тұрғыда дамыған Еуропаға төтеп бере алмады. Еуропа бұл империяны экономикалық тұрғыдан өзіне тәуелді қылды.

 

  •  Жұптық жұмыс: Оқушыларды XIX ғасырдағы Осман империясының жағдайы туралы жазылған карточкалармен қамтамасыз етіңіз. Оқушылар бұл карточкаларды империяның әлсіреуін немесе нығаюын сипаттайтын факторларды мағыздылы бойынша іріктеу керек.

 Тапсырмаға арналған дескрипторлар: оқушы:

 - XIX ғасырдағы Осман империясының әлсіреуінің маңызды факторларын анықтайды,

 - империяны нығайтуға ықпал ететін факторларды анықтайды.

 Карточкалардың мысалдары:

  •  XIX ғасырда түрік билігіне қарсы Балқан халықтарының көтерілісі жиеленді.
  •  1828-1829 жж., 1853-1856 жж., 1877-1879 жж. орыс-түрік соғыстарында Осман империясы үлкен шығындарға ұшырап, соғыста жеңіліске ұшырады.
  •  1826 жылда сұлтан II Махмудтың жарлығымен жойылғанға дейін барлық тұрғындар жеккөрінген янычарлар корпусы сақталды.
  •  Гректерге және басқа да Балқан халықтарына қарсы үздіксіз соғыстар жүргізілді.
  •  Танзимат реформалары (қайта ұйымдастыру) 1839-1870 жылдары жүргізілді: барлық азаматтардың еркін өзі қалаған дінді таңдау құқығы берілді, салық жинау тәртібі белгіленді, әскери қызметтің ұзақтығы қысқартылды.
  •  1856 ж. мұсылмандардың және мусульмандар еместердің құқықтың теңдігі туралы заңның қабылдануы мұсылмандар арасында наразылық тудырды және ішкі саяси жағдайдың шиеленісуіне себеп болды.
  •  1865 жылы жазушы Намык Кемал «Жаңа османдар» атты жасырын ұйымын құрды. Үйым конституцияны қабылдау және елде парламентті құру үшін күресті.
  •  1876 жылы конституция қабылданды және парламент құрылды.
  •  1877-1878 жж. орыс-түрік соғысындағы жеңіліске ұшырағаннан кейін, II Әбдұл Хамид парламентті таратып, өз билігін нығайта бастады, сол үшін «зұлым» яғни зұлымдық, қысымшылық, қысым мағынасындағы лақап атау берілді.
  •   XIX ғасырдың 70-жылдарының басында Осман империясының батыстық державаларына тәуелділігі артты.
  •   XIX ғасырдың соңында шетелдік капиталистер теңсіздік сауданы кеңінен қолданды, әділетсіз несиелер мен экономика саласында келісім-шарттар жасалды.
  •  Ауыл шаруашылығы төмендеді.
  •  Шетелдік тауарлардың бәсекелестігі нәтижесінде жергілікті қолөнер күйреді.
  •  Феодалдық қатынастар капиталистік өнеркәсіптік өндірістің дамуына кедержі жасады.
  •  1875 жылдың қазан айында елдің ресми түрде жарым-жарты қаржылық банкроттыққа ұшырағаны жарияланды.
  •  1879 жылы Түркия өзінің толық қаржылық банкроттығын жариялады.
  •  Түркияның қаржылық банкротқа ұшырағаннан кейін Англия, Франция, Германия, Австрия-Венгрия, Италия кредитор-елдер болды.
  •  Экономикалық тәуелділік Батыс елдерінің Осман империясының ішкі саясатына араласуларына әкелді.
  •  1889 жылы конституциялық нормаларға оралуға бағытталған Жас түріктердің алғашқы ұйымы құрылды.

 Осы жұмыстың аяқталғанынан соң оқушыларды келесі сұраққа жауап берулерін сұраңыз:

 Карточкаларда империяның әлсіреуі емес, нығайту туралы мәлімдемелер болды ма?

 Оқушылар мұндай мәлімдемелер бар болды деп жауап беріп, мысалдар келтіреді.

 

 6. Рефлексия. Орыс император I Николай Осман империясын «Еуропада өлмейтін науқас адам» деп атады. Осы сөздерін қалай түсіндіруге болады? – осы сұрақты талқылау барысында оқушылар сабақ бойынша қортынды жасайды.

 Оқушырдың жауаптары: Ресей империясының билеушісі осы сөздері арқылы Батыс елдерінің әлсіз Осман империясының ресурстарын және оның Еуропа мен Азияның қиылысындағы қолайлы стратегиялық орналасуын өз мүдделері үшін пайдалану үшін сақтауға мүдделі болғандарын мәлімдейді.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу