«Қара індет» не себепті жылдам таралды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

  6 СЫНЫП, САБАҚ 14.1

 

VI бөлім: XIV - XVI ғасырдың бірінші жартысында ортағасырлық еуропалық қоғам.

Сабақ тақырыбы: «Қара індет» не себепті жылдам таралды?

Оқу мақсаты:

6.2.4.1 - адам өміріндегі қоршаған орта туралы білімнің рөлін түсіндіру.

Тарихы концепт: Себеп пен салдар

 

Сабақтың өзара байланыс компоненттері:

 

 1. Сабақтың басында ұйымдастыру және бұрынғы алған білімді өзектендіру сәті өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру. Өткен материалды бекіту үшін «Реттілікті қалпына келтір» атты оқыту ойынын өткізіңіз. Оқушылар топтарына «Моңғолдар» бөлімі бойынша негізгі мәліметтер жазылған карточкалар жиынтығын беріңіз. Оқушылар бұл карточкаларды себеп-салдар мен хронологиялық реттілік бөйынша дұрыс орналастырулары керек. Карточкалардың мысалдары: Орталық Азия - Орхон мен Керулен өзендерінің алқабының табиғи жағдайы - моңғолдардың көшпелі өмір салты жайылымдар үшін тайпалардың өзара күресі салт атпен жүру өнері - аң аулау және жиі болатын ішкі өзара қақтығыстар - садақ ату өнері төзімді тапалша келген аттар - көрші тайпаларға қарсы күрестегі жетістіктер - моңғолдардың мықтылығының күшеюі - біртұтас мемлекеттің құрылуы - мемлекеттің талантты көшбасшысын таңдау - «Ясa» заңдар жиынтығын жасау - ірі әскери компаниялар - іскерді күшейту - Орта Азияға, Кавказға, Еділ аймағына саяхат - Шыңғыс ханның қайтыс болуы - Шыңғысханның ұрпақтары әлемдік империясын құру жаулап алған халықтармен қарым-қатынас - кең империяны басқару қиындығы - империяның ыдырауы Моңғол империясының ыдырағаннан кейін пайда болған феодалдық мемлекеттер - Еуразиядағы орталықтандырылған мемлекеттердің қалыптасуы.

 Мұндай жұмыс коллаборативті орта құруға, оқушылардың назарын аударуға ықпал етеді, оларды болашақта пән бағдарламасының материалдарын жақсы меңгеруге ынталандырады.

 2. Сабақтың тақырыбын айқындау үшін, оқушыларға оба дәрігерінің бейнесін көрсетіңіз және бұл кім екенін сұраңыз. Оқушылардың жорамалдарын немесе дұрыс жауаптарын тыңдағаннан кейін бұл ортағасырлық Еуропада қалыптасқан оба дәрігерінің бейнесі екенін, оның негізгі міндеті - эпидемия кезінде пациенттерді емдеу болғанын айтыныз. Оба дәрігерлерінің арнайы қорғаныс костюмінің ерекшелігінің бірі - құстың тұмсығына ұқсайтын бетпердесі. Содан кейін оқушыларға қазіргі заманғы дәрігердің суретін көрсетіп, олардың ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табуын сұраңыз. Ұқсастықтар: барлық кезеңдердің дәрігерлері әрдайым адамдарды ауыр сырқаттардан емдейді, және олар өздерін қорғаулары керек, сондықтан маска, қолғап, плащ немесе халат, кейде арнайы көзілдірік таққан. Айырмашылығы: киімнің түсі қара және ақ, құралдарының әртүрлілігі. Сабақ барысында олар ортағасырлық медицина ерекшеліктерімен танысатындарын хабарлаңыз.

 Сабақ тақырыбын хабарлаңыз, оқушыларды оқу мақсаттарымен, тарихи концептісімен және бағалау критерилермен танастырыңыз. Оқушылар дәптерге сабақтың тақырыбын жазады.

 Оқушылармен бірге зерттеу жұмысының бағыттарын анықтаңыз:

- оба ауруының белгілерін сипаттау;

- эпидемиядан емдеудің ортағасырлық әдістерін зерттеу;

- орта ғасырларда әртүрлі елдердегі эпидемиядан емдеу әдістерін салыстыру;

- сабақтың тақырыбы бойынша қорытынды жасау.

 3. Бейнероликпен жұмыс. Оқушыларды Қара індет туралы бейнересурсты қарауды ұсыныңыз. Қарап болғаннан кейін келесі сұрақтарды талқылаңыз:

 - Қара індет деген не?

 - Ол қай жылдары болды?

 - Қандай аймақтар эпидемияға ұшырады?

 - Ауру белгілері қандай?

 - Бұл аурудың себептері қандай?

 - Еуропалықтарға індет қалай жұқты?

 - сол кезде аурудан қалай қорғауға болатын болды?

 - Еуропа үшін бұл эпидемияның салдары қандай болды?

 - Бейнероликтен қандай әсер алдыңдар?

 - Неліктен біз бұрынғы уақытта мұндай эпидемияның болғанын білуіміз керек?

 Тапсырма дескрипторлары. Оқушы:

 - бейнересурстан маңызды ақпаратты ала алады;

 - сұрақтарға толық және нақты жауаптар береді;

 - өткен тарихи оқиғалары бойынша өз көзқарасын білдіреді;

 - өткенді зерттеудің маңыздылығын бағалайды.

 

 3. Оқулықпен жеке жұмыс. Оқушыларға жеке жұмыс түрін ұсыныңыз: оқулық мәтінін қолдану арқылы әрбір бағанда кемінде 5 аргументті көрсетіп, келесі кестені толтыру қажет:

Орта ғасырда обаны қалай емдеген

Жұқпалы аурулардың алдын-алу және емдеудің заманауи әдістері қандай?

1.

2.

3.

4.

5.

1.

2.

3.

4.

5.

 Тапсырманың дескрипторлары. Оқушы:

 - орта ғасырларда жұқпалы ауруларды емдеудің кемінде 5 әдісін анықтайды,- қазіргі уақыттағы жұқпалы аурулардың алдын алу және емдеудің кем дегенде 5 тәсілін анықтайды.

 Осы жұмысқа бөлінген уақыт аяқталғаннан кейін, дескрипторлармен өзара бағалау жүргізіледі. Оқушылармен мына мәселені талқылаңыз: Өткен және бүгінгі күнде жұқпалы ауруларды емдеудің ұқсас және ерекше тәсілдері бар ма? Бұл айырмашылықтардың себебі неде?

 Оқушылар емдеу әдістеріндегі негізгі айырмашылық – қазіргі медицина саласындағы ғылыми білімнің дамуы және заманауи медициналық жабдықтар мен құралдардың пайдаланылуы деп айтулары мүмкін. Орта ғасырларда халықтың көпшілігінің сауатсыздығы, Еуропадағы медицинаның төмен деңгейі, қалалардағы антисанитариялық жағдайлар, жеке гигиенаны қадағалау дәстүрінің жоқтығы, сондай-ақ адамдардың діни санасының басым болуы ауруларға қарсы табысты күрес жүргізуге кедергі келтірді.

 Дескрипторлар:

  • Оқушылар өздерінің көзқарастарын еркін айтады, өған қатысты дәлел келтіре алады.

 4. Топтық жұмыс. Оқушылар топтарына орта ғасырларда түрлі елдерде емдеу тәсілдері қандай болғаны туралы материалдармен қамтамасыз етіңіз және эпидемияға қарсы дәрігердің іс-әрекеттерін кішкене сахналау дайындауды ұсыныңыз.

 1-топ араб дәрігері,

 2- топ - қытай дәрігері,

 3-топ - христиан дәрігері немесе Еуропадағы діни қызметкері,

 4-топ – үнді дәрігері.

 Тапсырмаға арналған уақыттың соңында оқушылар сынып алдында өз қойылымдарын көрсетеді, қалған топтар сұрақтар қойып, топтардың жұмыстарын талқылайды. Оқушылардан сұраңыз: Қандай қорытынды жасауға болады? Оқушылар орта ғасырда әлемнің кейбір аймақтарында оба және басқа да эпидемияларды емдеудің өте тиімді әдістері болды деп жауап бере алады. Бұл әртүрлі өңірлердегі елдердің дамуының біркелкі емес, адамзаттың түрлі мәдениеттері мен діндердің өзара тиімді алмасу қажеттілігін көрсетеді. Оқушыларды осы ойын іс-әрикеттерінің нәтижесі бойынша терең қорытындыға алып шығу қажет.

 Тапсырманың дескрипторлары:

  • Әр елдердегі ортағасырлық медицина ерекшеліктерің дұрыс сипаттайды.
  • Окушы адамның денсаулығын сақтау саласындағы ғылыми білімнің маңыздылығы туралы қорытынды жасайды.
  • Оқушы ғылым және басқа да салаларда жетістіктерімен алмасу үшін халықтар, мәдениеттер мен діндер арасындағы бейбіт қарым қатынастардың маңыздылығын айқындайды.

 

 5. Рефлекция кезеңін өткізу үшін «Ағашты жандандыру» әдісін пайдаланыңыз. Оқушыларға слайдта жапырақтары жоқ ағаш бейнесін көрсетіңіз. Оқушылардан өткен сабақ туралы немесе сабақта зерттелген мәселелер бойынша өз ойларын жапырақ түрінде жасалған жасыл стикерге жазып, ағашқа жапсыруды сұраңыз. Нәтижесінде ағаш жасыл және «тірі» болып шығады.

 Кейбір «жапырақтарды» оқып, оқушылардың пікірлерін талқылаңыз.

 6. Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға сабақтың тақырыбы бойынша көркем әдебиет туындыларды оқуды ұсыныныз, мысалы:

 - Джованни Бокаччо: “Декамерон”

 - Альбер Камю. «Оба» романы.

 

 Сабақтың тақырыбы бойынша қосымша теориялық материал:

 Альберт Камюдың «Оба» кітабының мазмұнын

 қысқаша сипаттайтын фрагменттер

 

 Обадан бірінші дәрігердің үйіндегі күзетші қайтыс болды. Қаланы жаулаған ауру – ол оба екенін әзірше ешкім білмейді. Аурыға шалдыққандардың саны күн сайын артып келеді. Дәрігер Риэ Парижден іріткіні әкелуге сарыныс береді, бұл науқастарға көмектеседі, бірақ ол тез арада таусылады. Қала префектурасы айқын қажеттілігін түсініп, қалада карантин жариялайды. Oрaн жабық қалаға айналады.

 Карантин жарияланған сәттен бастап қала тұрғындары өздерін түрмеде отырғандай сезінеді. Оларға хат жіберуге, теңізде жүзуге, қарулы күзетшілер қорғайтын қаланың сыртына шығуға тыйым салынады. Қалада біртіндеп азық-түлік аяқталады, бұл сәтпен контрабандашылар пайдаланады. Кедейлер арасында жоқшылық таралды, ал қара нарықта азық-түлік сатып алуға мүмкіндіктері бар Оранның бай тұрғындары ойын-сауық мекемелеріне, кафе мен мейрамханаларда уақыттарын көңілді өткізді. Бұл қасірет қанша уақытқа созылатыны туралы ешкім білмеді. Адамдар бір күнмен өмір сүреді.

 Арнайы карантиндік мекемелерден оралған көптеген адамдар жақын туыстарынан айырылып, ақыл-ойын жоғалтып, өз үйлерін өртеп жіберді, осылайша індеттің таралуын тоқтатуға тырысты. Енжар үй иелердің көз алдында тонаушылар өрте кіріп, олардың мүліктерін тонауға кірісті.

  Әуел баста жерлеу рәсімдері барлық ережелері сақталып орындалды. Дегенмен, эпидемияның масштабы соншалықты, бейітте орындар өлген адамдардың денелерін қабылдай алмай, оларды шөңқырларға тастап кетуге мәжбүр болатын болды. Өлген адамдардың денелері қаладан шығарылып, өртетілді. Көктемнен бері оба күшейе түседі. Қазан айында дәрігер Кастел Оранның өзінде қаланы иемденген вирустан іріткі жасайды, өйткені бұл вирус классикалық нұсқасынан біршама ерекшеленетін. Бубон обасына уақыт өте келе өкпе обасы да қосылды.

 Іріткіні үмітсіз науқасқа, Отон тергеушінің ұлына сынақтан өткізу туралы шешім қабылданады. Доктор Риэ және оның достары баланың азаптануын бірнеше сағат бойы бақылайды. Оны құтқара алмайды. Оларға баланың өлімі ауыр әсер келтіреді, күнәсіз жанның шетінеуін уаымдайды. Алайда, қыстың басталуымен қаңтар айының басында науқастардың сауығулары жиі кездесетін болды. Уақыт өте келе, оба тырнақтарын босатып, зардап шеккендерді құшағынан босатып, күші таусылып қалады. Эпидемия сөйтіп тамамдалды.

 (Е.В. Семина, дереккөз: Әлемдік әдебиеттің барлық шедеврлерінің қысқаша мәлімдемесі).



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Ерзат
    Ерзат 19.12.2023 23:20
    0 + 0 -
    Ерзат