Ежелгі Грекия гимназия, лицей, академияларында нені үйретті. Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пәні: Дүние жүзі тарихы

Мектеп:

Уақыты: ____________________ 2017 ж.

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: ______

Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны:

Бөлім 3C: Ежелгі Грекия Мәдениеті

Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Грекия гимназия, лицей, академияларында нені үйретті

Оқыту мақсаттары

5.2.4.2 ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болуына, шаруашылықтың дамуына іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау

5.2.4.1 ежелгі қоғамның дамуындағы жазудың рөлін сипаттау

Бағалау критерийлері

  • Терминдер мен анықтамаларды салыстыру;
  • Ежелгі грек ғалымдардың ірі жетістіктерін атап, 1-2 мысал келтіру
  • Ежелгі грек ғалымдарының ғылыми жаңалықтарының өзектілігіне 1-2 дәлелдер келтіру;
  • Грек білімі мен ғылымының әлемдік мәдениет үшін маңыздылығына 1-2 қорытынды беріп, бағалау.

Дескрипторлар

  • Гимнасия, лицей, академия, палеста терминдерін анықтамаларымен дұрыс сәйкестендіреді
  • Ғалымның 2 ғылыми жаңалықтарын (немесе жетістіктерін) біледі және дұрыс тізбектейді
  • Жаңалықтың өзектілігіне 1-2 дәлел келтіреді өзектілігі
  • Әлемдік мәдениет үшін грек білімінің және ғылымының маңызы туралы 1-2 негізделген қорытынды жасайды

Пәндік лексика мен терминология

Гимнасии, Лицеи, Академии, Палестра, стиль

Диалог / хатпен үшін пайдалы сөз тіркестерінің сериясы

Ежелгі гректер пайымдауларында риториканы қолдануды құнды деп санады, себебі…

Біз ежелгі грек білім беру жүйесі мен заманауи білім беру жүйелерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын таба аламыз…

Біз Ежелгі грекғалымдарының әлемдік ғылымға қосқан үлесін бағалай аламыз, себебі…

Ежелгі грек жазба деректерінің … секілді дәлелдерге ие, сол себепті бізге олардың басқа өркениеттерге көзқарасы мысалы, скифтер туралы... айтады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

(БЫМ) Көне заманда «Баланың құлағы арқасында» деген мақал болатын. Оқушылардан бұл мақалдың мағынасын сұраңыз. «Қазіргі кезеңде бұл мақал әлі өзекті ме? Ол ежелгі грек мектептеріне тән болды ма?» деп сұраңыз

Оқушылар гректерде мектептер мен ғалымдар болғандықтан, бұл мақал да сол кезге тән болуы мүмкін деп жауап бере алады. Мұғалім сондай-ақ гректердің білім беру жүйесі мен грек жазуы қазіргі заманғы білім беру жүйесі мен жазудың негізін қалағанын түсіндіре алады.

Оқушылар ежелгі гректердің білім беру жүйесіне қатысты жаңа терминдермен жұмыс істейді: гимназия, палестра, стиль, лицей, академия.

Геродоттың өмірбаяны:

http://ancientrome.ru/dictio/article.htm?a=200348132

Сабақтың ортасы

20 мин

(Б) Оқушыларға әлемге танымал ежелгі грекиялық бес ғалым: Геродот, Гомер, Пифагор, Гиппократ, Эмпедокл суреттерін көрсетіңіз немесе беріңіз.

Келесі сұрақтары қойып, оларды оқушылармен талқылаңыз:

  • Суреттерде кімдердің бейнеленгенін айта ала ма?
  • Бұл адамдардың қашан, қайда өмір сүргенін, жұмыс істегенін және қайда біле ме?
  • Олар бір уақытта, бір жерде өмір сүрді ме, әлде әр түрлі кезеңде, әр түрлі орындарда өмір сүрде ме?
  • Бұл адамдар бір-бірімен кездесуі мүмкін бе еді?

(Б) Оқушылардың болжамдарын тыңдап, оларға «Ғылыми идеялар галереясын» құруы, осы қайраткерлердің әрқайсысының ғылымға қосқан үлесін мәліметтермен егжей-тегжейлі анықтап жазуы қажеттігін түсіндіріңіз.

(Т) Әр топ ежелгі грек мәдениетінің бес қайаткерінің бірін зерттеуі қажет. Топ команда қабылдаған идеяларды параққа жазып алуы керек.

(Б) Идеялар көрмесін ұйымдастырыңыз, оқушылардан бір-бірінің идеясына пікірін айтуын сұраңыз.

Пифагор, Гомер, Гиппократ және Эмпидокл туралы мәліметтер

http://dic.academic.ru

Философия бойынша интернет-энциклопедия http://www.iep.utm.edu/

Ежелгі грек мектебі туралы презентация

http://900igr.net/prezentatsii/istorija

ежелгі грек мектептері .../greekphi/

жұмыс жоспарын құру үшін қажетті үлгілер (құжаттың соңын қараңыз)http://www.london.ca/About_London/PDFs/workplan.pdf

Сабақтың соңы

10 мин

(ЗН) Тақырыпты оқып үйрену нәтижесінде оқушылар ежелгі гректердің мектепте білім беру жүйесі мен ғылыми білімдерінің әлемдік мәдениет үшін маңыздылығын бағалайды

Оқулықтарды жоспарлаудың веб-беттеріhttp://www.webcredible.co.uk/user-friendly-resources/web-usability/plan-usable-website.shtml

Қосымша мәліметтер

Бөліп оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай күрделі тапсырма бересіз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ Құндылықтар

Ой толғау

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу