Өзен алқаптарындағы ұлы өркениеттер туралы қалай біле аламыз? Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша №1
Мәтінді мұқият оқып шығыңыз. Сұрақтарға жауап беруге көмегі тиеді деген кілт идеяларды сызып қойыңыз. Тапсырманы орындап болғаннан кейін, өз идеяңызды топта талқылаңыз. Өз жауаптарыңызды төмендегі көрсетілген формалардың біріне салып жинақтап, қорытындылаңыз:
- Презентация
- Рөлдік ойын (қойылым)
- Өлең, тақпақпен жеткізу
- Постер
- Схема
- Карта
А тобының дескрипторлары:
- Ежелгі Қосөзен (Тигр-Ефрат өзендері) адамдардың өмір сүру тұрмыстарына қалай әсер еткендігін түсіндіріңіз.
- Ежелгі Қосөзен (Тигр-Ефрат өзендері) адамдардың өмір сүру тұрмыстарына қалай әсер еткендігіне 2 мысал келтіріңіз.
- Не себепті Шумер өркениеті өзен бойында қалыптасты.
Шумер бірінші өркениет деңгейіне жетті және ежелгі (қазіргі Ирак) аумағын мекендеген. Б.з.б. 4000 Шумерлер шығысқа және Эламның тауларынан төмен Парсы шығанағы бастауы бойынша батпақты жазығының (ежелгі шумерлік) келді. Олар Ефрат және Тигр өзендерінің бойларына қоныстанып, батпақтарды құрғатып, су реттеуді үйреніп және ауыл шаруашылығы игерумен айналысты. Өздерінің гүлденген қала-мемлекетін құрды, 3500 жылы б.э.д. ішіне Иран, Элам, Ассур, Үндістан және Жерорта теңізі жағалауы шумер реттеу салаларындағы сауда дамуымен қатар жетілдірілген металл өңдеу, тоқыма бұйымдар, монументалды сәулет және жазу жүйесін құрды. Шумер мемлекеттерінде олардың әрқайсысы өкілі жер бетіндегі діни және әкімшілік өкілеттіктерге ие болғанына қарамастан, бас діни қызметкер (патеси) болып табылады, жергілікті құдайлардың, сипаты ретінде қарастырылады, солтүстік Месопотамияда семит мемлекеттік - ерте тарихи кезеңде ең маңызды орталықтары Ур, Урук, Еруду, Лагаш, Ниппура, Сиппар және Аккада қаласы болды.
Аккад патшалығы — семиттердің көне заманда Месопотамияда құрған алғашқы мемлекеті. Негізін біздің заманымыздан бұрын 2330 жылдар шамасында Аккад қаласының билеушісі Саргон І қалаған. Әуелі ол Киштің билеушісін талқандап, Аккад княздігін құрды. Одан кейін Умма патшасы Лугальзагесиге соққы беріп, Оңтүстік Месопотамияны жаулап алды. Саргон І-нің және оның ұрпақтарының тұсында семиттер билеген алғашқы мемлекет аумағы солтүстік және батыс (Жерорта теңізі) бағыттарында кеңи түсті. Аккад патшалығы құрылған кезден бастап шумер тілін аккад тілі ығыстырып шығарды. Халықтың дүниетанымында да біраз өзгерістер орын алды. Шумерліктер мен аккадтықтардың табынатын құдайлары “араласып” кетті. Бірақ мемлекет ұзақ өмір сүре алмады. Саргон І-нің кезінде-ақ жаулап алынған халықтар бірнеше рет көтеріліс жасады. Оның немересі Нарамсиннің тұсында (б.з.б. 2250 ж. ш.) ыдырай бастаған Аккад империясы көп ұзамай ұсақ мемлекеттерге бөлініп кетті. Біздің заманымыздан бұрын 2220 жылы Аккад қаласын гутилер басып алғаннан кейін, Оңтүстік Месопотамияның басты орталығы Вавилон болды
Емельянов В.В. Древний Шумер. Очерки культуры. 58 б
Қосымша №2
Мәтінді мұқият оқып шығыңыз. Сұрақтарға жауап беруге көмегі тиеді деген кілт идеяларды сызып қойыңыз. Тапсырманы орындап болғаннан кейін, өз идеяңызды топта талқылаңыз. Өз жауаптарыңызды төмендегі көрсетілген формалардың біріне салып жинақтап, қорытындылаңыз:
- Презентация
- Рөлдік ойын (қойылым)
- Өлең, тақпақпен жеткізу
- Постер
- Схема
- Карта
В тобының дескрипторлары:
- Инд және Ганг өзені аңғары не себепті алғашқы өркениет ошағына айналды. Екі мысал келтіріңіз.
- Инд және Ганг өзені бойы тұрғындарының шаруашылығына сипаттама беріңіз.
- Инд және Ганг өзенінің ежелгі үнділіктердің рухан және діни өмірлеріне қалай әсер еткеніне мысал келтіріңіз.
Археологиялық ескерткіштер Үндістанда тас ғасыры кезеңінің өзінде-ақ адамзат қоғамының өмір сүргенін дәлелдейді. Бұл дәуірдің қабаттарынан шелль-ашель мәдениетіне жататын тас құралдар табылған. Инд өзенің жазығынан табылған қола мәдениетінің қалдықтары б.з.б. 3-мыңжылдықтың бас кезіне жатады. Инд жазығындағы ежелгі мәдениеттер б.з.б. 3-мыңжылдықтың 2-жартысынан б.з.б. 2-мыңжылдықтың 1-жартысына дейін, Гуджтаратта бұдан да бұрынырақта пайда болған деп есептелінеді (Хараппа мәдениеті). Б.з.б. 2-мыңжылдықтың 2-жартысында Үндістанға арийлер келіп, алғашында Пенджабты, соңынан Ганг жазығын мекендеді. Ежелгі үнді діни мадақтау жырлары мен жадылау өлеңдерінің жинағы — ведалар арий тайпаларының өмірін суреттейді. Арийлер мал, егін өсірумен айналысып, әр түрлі қолөнерді меңгерді, сауда-саттық жүргізді. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың 1-жартысында Солтүстік Үндістанда бірнеше құл иеленуші мемлекеттер пайда болды..
Керамика жасау мен мата тоқу кең өріс алды. Құдайлар пантеоны 2000 астам құдайлар мен әулиеледен құралды. Құдайлардың негізгі әрекеттері жолбарыспен, қолтырауынмен күресу сияқты мифологиялық тақырыпта балшық тақтайшаларға салынатын болған. Суреттердің көбінде жазулар мен жазбалар жазылатын болған. Бұл ежелгі үнді өркениетінде жазу-сызу ерте пайда болғандығының белгісі.
Антонова Е. В. Индийская цивилизация на пути к первым государствам. — М.: Изд. Фирма «Восточная литература» РАН. 1998. — 224 с.
Қосымша №3
Мәтінді мұқият оқып шығыңыз. Сұрақтарға жауап беруге көмегі тиеді деген кілт идеяларды сызып қойыңыз. Тапсырманы орындап болғаннан кейін, өз идеяңызды топта талқылаңыз. Өз жауаптарыңызды төмендегі көрсетілген формалардың біріне салып жинақтап, қорытындылаңыз:
- Презентация
- Рөлдік ойын (қойылым)
- Өлең, тақпақпен жеткізу
- Постер
- Схема
- Карта
С тобының дескрипторлары:
- Ежелгі Қытай өркениетінің басты ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- Не себепті Ежелгі Қытай өркениетінде алғашқы мемлекеттер құрыла бастады, екі мысал келтіріңіз.
- Ауыл шаруашылығының дамуы ежелгі қытайлықтарға қандай әсерін тигізді.
Б.з.б. III мыңжылдықтағы Қытайдың ежелгі тұрғындары Хуанхэ өзенінің орта және төменгі ағысында тұстарын, Бохай шығанағының жанындағы жазықтықты, және Қытайдың басқа аумақтарының кең жазықтарын мекендеген. Бүл аумақтарда өмір сүрген тайпалар түрліше аталған: солтүстікте — «ли», шығыста — «и», батыста — «цзян» немесе «жун», оңтүстікте — «мань». Ежелгі халықтар тайпаларға біріккен рулық қауымдармен өмір сүрген және ортақ шаруашылықты жүргізген.
Б.з.б. III мыңжылдықтың соңында өндірістік күштердің одан әрі дамуы, жеке меншіктің пайда болуы және қоғамның таптарға бөлінуі рулық құрылымның ыдырауына және оның орнына мемлекеттің пайда болуына алып келді. Шамамен б.э.д. 1600 ж. шығыс «и» тайпалары Солтүстік Қытайдың үлкен аумағын жаулап алып, өз қарсыластарын жеңді де, Шан (инь) мемлекетін кұрды.
Елді басқару ісінің ру-тайпа көсемдерінің ықпалы басым болды. Патшалық билік барысында сарай қызметкерлері қалыптасты. Олардың арасынан патшаның бірінші кеңесшісі тағайындалды. Патшаның бұйрықтарының іске асуын қадағалайтын, жарлық-бұйрықтарын жазып отыратын арнайы адамдар тағайындалды. Патшалық қазына мен мұрағат басшысы ретінде тағы бір адам қызмет етті. Осылайша алғашқы билік жүесі қалыптасты. Елдің шағын мемлекеттерге бөлініп, олардың арасындағы талас-тартыс, күрестің күшеюі елдіңдамуына әсер етті. Өзендерге бөгеттер мен каналдарды әркімнің өз қалауынша жасап алуы ауыл шаруашылығына кері әсер етті. Әрбір мемлекеттің шекарасынан өту үшін кеден салығын төлеу қажеттігі сауда байланыстарының дамуын тежеді. Елдегі ішкі наразылықтар мен көшпелілердің басып көру әрекеттерін болдырмау үшін мықты мемлекет қажеттілігі сезілді. Ондай мемлекетті саудагерлер де қажет деп есептеді. Бұл олардың бүкіл ел көлемінде еркін сауда жүргізуіне мүмкіндік беретін еді. Б.з.б. IV ғ. Цин мемлекетінде бірнеше заң шығарылып, оны патша қызметкері Шан Ян жүзеге асырып отырды.
Васильев Л.С. История Древнего мира. Т-1, Владос., М., 1995 г. 472 стр
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру