Елімді мақтан етемін. Дүниетану, 4 сынып, қосымша материал.
Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулықтар
- «Біздің жетістіктеріміз» кіріспе тапсырмасы. Сабақтың басында, тақырыпты енгізу үшін оқушылардан мектепте оқығанда қандай марапаттар алғандарын көрсетуді сұраңыз. Бұл грамоталар, дипломдар, сертификаттар, кубоктар мен медальдар болуы мүмкін. Марапаттар немесе олардың фотосуреттерін мектепке алып келу керектігін оқушыларға алдын ала ескерту қажет. Оқушылар өздерінің марапаттарын көрсетіп, қандай жетістіктер мен қандай салада марапаттар алғандарын айтып береді.
- Ойлан.Алдыңғы тапсырманың негізінде оқушылар "жетістіктер"терминін түсінуді қалыптастырады. Алдымен олар бұл сөзді не білдіретінін түсіндіреді, содан кейін мемлекеттің жетістіктері болуы мүмкін бе және бұл қандай жетістіктер болуы мүмкін екенін пайымдайды. Соңында оқушылар әр адамның жетістіктері мемлекеттің жетістіктерімен байланысты ма деген сұраққа жауап беруі тиіс.
- Сабақ мақсатын анықтау.Орындалған тапсырмалар негізінде оқушылар сабақ тақырыбын тұжырымдайды және оның мақсатын болжайды.
- Анықта.Келесі тапсырманы орындау үшін оқушылар «тұрғын үй, көлік, медицина, білім беру» карточкаларын пайдалана отырып топтарға бөлінеді. Оқушылар өз топтарын тауып болғаннан кейін, Қазақ хандығы туралы білетіндерін: қандай ғасырда пайда болғанын, хандықтың негізін кім қалағанын, хандықтың пайда болуына не себеп болғанын, қандай жағдай болғанын еске алу керек. Содан кейін оқушылар Қазақ хандығы мен қазіргі Қазақстандағы халықтың өмірі мен тұрмысын Венн диаграммасын пайдалана отырып салыстыруы тиіс. Қабілеті төмен оқушылар оқулықтағы кестені кеңес ретінде немесе диаграммасыз мәтін түрінде тапсырманы орындай алады. Әр топ өз жұмысын сыныпқа ұсынып, біздің еліміздің осы саладағы 2-3 басты жетістіктеріне назар аударады. Топтың жұмысын "Бас бармақпен" әдісімен бағалауға болады. Содан кейін оқушылар Н.Назарбаев туралы оқулықтың мәтінін оқиды. Елбасының пікірінше, Тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстанның үш басты жетістігі не екенін атайды. Оқушыларға нақты осы жетістіктердің неге аталғанын түсіндіруді ұсыныңыз.
- Сөйлейтін сызба."Мемлекеттің жетістіктері" ұғымын қалыптастыру жұмысын жалғастыра отырып, оқушылар сызбаны оқиды. Тапсырма топта орындалады. Әрбір топ бір жетістікті таңдайды және оған түсініктеме береді. Содан кейін әрбір топ сызбаны 1-2 оқиғамен толықтыруға және өз таңдауын түсіндіруге мүмкіндігі бар. Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар ел тарихы бойынша барлық білімдерін өзектендіреді. Осылайша, оның басты жетістіктері туралы айта алады.
- Байқап көр.Келесі тапсырманы оқушылар сыныптағы оқушылар санына байланысты жұп немесе 3-4 адамнан топтарда орындайды. Топтар/жұптар құрамын ауыстыру үшін оқушылар ел атауымен карточканы таңдайды, өз жұбын/тобын табады. Содан кейін Астанадағы ЕҚЫҰ саммиті туралы оқулықтағы мәтінді оқиды. Өз елі үшін тиісті туды табады, ел туралы ақпаратты таңдайды, бұл елдің әлемдегі қауіпсіздікті сақтау үшін қандай идеяларды ұсына алатынын, Қазақстанмен қалай ынтымақтасуға болатынын талқылайды. Жұмыс істеу үшін оқушылар әлемнің саяси және физикалық картасын, анықтамалықтарды, энциклопедияларды, интернет ресурстарын, тарату парақтарын пайдалана алады.
- «Саммит» ойыны. Оқушылар өз елі туралы қажетті ақпарат жинағаннан кейін "Саммит"ойынын өткізіңіз. Оқу үстелдері мен орындықтарды шеңбер бойынша қоюға болады, оқушылар елдің аты жазылған ту мен тақтайшаны қояды. Спикер әр топтың алдында тақтаның жанына шығып, картадан Қазақстанды көрсетіп, оның Қазақстанмен бейбітшілік пен ынтымақтастықты қолдау мәселелері жөніндегі ұстанымын баяндайды. Неғұрлым қабілетті оқушы саммиттің жетекшісі рөлін атқарады, әр елге сөз береді, регламент туралы алдын ала ескертеді. Әр топқа 1 минут уақыт беру керек. Ойын барысында оқушыларда саммит - жауапты және күрделі жиын екенін және осындай іс-шараны ұйымдастыру және өткізу ел болашағы үшін маңызды деген түсінік қалыптасады. Олар ЕҚЫҰ саммитін Астанада өткізу біздің мемлекетіміздің үлкен жетістігі екенін түсінеді. Оқушылардың жұмысы үшін "үш шапалақ" әдісімен алғыс айтуға болады.
- Сен білесің бе? Еліміздің жетістіктері туралы әңгімені аяқтай отырып, оқушыларға "Сен білесің бе?" айдарын оқуды ұсыныңыз. Оқушылар нені білгенін айтып беруін сұраңыз. "Ең танымал спорттық елдердің рейтингі" деген ұғымды нақтылаңыз, осы рейтинг неден қалыптасатынын талқылаңыз. 2 жылдық рейтинг кестесін оқушыларға көрсетіңіз. Оқушылар рейтингтегі жоғары орын да елдің жетістігі екенін түсіне алады.
- Рефлексия «2 минуттық эссе».Сабақта білгендердің барлығын жинақтай отырып, оқушылар "Мен өз елімді мақтан тұтамын"атты эссе жазады. Жұмысқа 1-2 минут беріледі.Яғни, оқушылар Қазақстан Республикасын мақтан тұтуы мүмкін деген қорытынды тұжырымдау қажет. Бұл тапсырма сабақ материалын меңгеру деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.
Теориялық материал
Қазіргі Қазақстан тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі 2010 жылы Еуропа, Орталық Азия және Солтүстік Американың 56 елін біріктіретін ірі өңірлік құрылым - Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық ету болды. Қазақстан посткеңестік кеңістік елдері арасында бірінші болып ұйымға төрағалық етті. Бұл тарихи шешім Республиканың халықаралық саясатта өсіп келе жатқан рөлінің танылуына ықпал етті. Біздің еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалығының ұраны төрт "T": сенім (trust), дәстүр (tradition), ашықтық (transparency) және төзімділік (tolerance) болды. Сенім-халықаралық қатынастардың негізгі ресурсы. 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда он жылдан астам үзілістен кейін өткен ЕҚЫҰ Астана саммиті Қазақстан төрағалығының қорытынды оқиғасы болды – жоғары деңгейдегі алдыңғы кездесу 1999 жылы Стамбулда өтті. Саммитке мемлекет және үкімет басшылары, ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары лауазымды шенеуніктері, басқа да халықаралық және аймақтық ұйымдардың өкілдері қатысты. Олардың арасында – ЕҚЫҰ Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо, БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун, Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон, Германия Федералдық канцлері Ангела Меркель, Италия Премьер-министрі Сильвио Берлускони және т. б. бар. Астана Саммиті ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының халықаралық саясаттағы өсіп келе жатқан поляризацияны еңсеруге және Ұйымға қатысушы елдер арасындағы өзара оқшаулауға деген саяси еркін көрсетті. Саммиттің негізгі тақырыптары Еуроатлантикалық және Еуразиялық кеңістіктегі тұрақты қауіпсіздік мәселелері, Ауғанстан мәселесі, "мұздатылған" қақтығыстарды шешу болды. Кездесу аяқталғаннан кейін жоғары деңгейде Астана декларациясы қабылданды. Астанада өтетін Саммит делегациялар басшылары тарапынан жоғары бағаға ие болды. Ұйымның Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо Қазақстан астанасында қабылданған шешімдер жалпы қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылдың бірыңғай стратегиясын әзірлеуге ықпал ететінін атап өтті. БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун ЕҚЫҰ-ға қазақстандық төрағалық етуді барынша табысты деп атады. Ал АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон ЕҚЫҰ Саммиті Қазақстанның халықаралық қоғамдастықтағы үлкен рөлінің куәсі болып табылатынын атап өтті.http://www.akorda.kz/ru/national_projects/obse-2010_1338973041
Саммиттің құжаттары мен фотосуреттерін мына сілтеме бойынша көруге болады:https://www.osce.org/ru/event/summit_2010
Ресей екі құрлықта — Еуропа мен Азияда орналасқан. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста Қытаймен,оңтүстік-шығысында Солтүстік Кореямен, Моңғолиямен, Қазақстанмен, Әзірбайжанмен, оңтүстік-батыста — Украинамен, батыста — Финляндиямен, Беларусьпен, Эстониямен, Латвиямен, Норвегиямен шектеседі.
Ресейдің ауа райы оның үлкен аумағына байланысты әр түрлі: көп аумағы континенталды немесе қоңыржай континенталды, қысы ұзақ және қысқа ыстық емес, соған қарай Ресейді 3 үлкен аймаққа бөлуге болады:
- Еуропалық Ресей, Орал тауынан батысқа қарай аумақты алып жатыр.
- Сібір, Оралдан Тынық мұхиты жағалауына дейін созылып жатыр.
- Қиыр Шығыс Ресейі.
Ресей Федерациясы Еуразияның солтүстік-шығысында орналасқан, аумағы жалпы құрлықтың 1/8 бөлігін қамтитын, жерінің ауданы жөнінен дүниежүзінде бірінші орын алатын аса ірі мемлекет. Ресей жері батыстан шығысқа қарай 9 мың км-ге (Калининград облысын есептемегенде), солтүстіктен оңтүстікке қарай 4 мың км-ге созылып жатыр. Ел аумағы 11 сағаттық белдеуді қамтиды[11].
Ресей аумағының 1/4-і Еуропада, 3/4-і Азияда орналасқан. Оның жағалауларын үш мұхиттың суы шайып жатыр. Ресей Федерациясының шекарасының жалпы ұзындығы 58,3 мың км, соның ішінде теңіздік шекара 38 мың км-ді құрайды.
Ресейдің әлемдегі ең ірі материкте орналасуы оның экономикалық-географиялық жағдайының қолайлы жағы болып табылады. Өйткені Еуразияда дүние-жүзі мемлекеттерінің 40%-дан астамы, халықтың басым көпшілігі орналасқан. Жалпы алғанда, Ресейдің 12 мемлекетпен теңіздік шекарасы бар, ал 14 мемлекетпен құрлық арқылы байланысқан. Ресей құрамына енетін Калининград облысы анклав болып табылады, өйткені оның елдің негізгі бөлігі мен ортақ шекарасы жоқ.
Көршілес мемлекеттердің көп болуы, олардың көпшілігінің неғұрлым дамыған батыс бөлікте орналасуы елдің сыртқы байланыстарына қолайлы ықпал етеді. Дегенмен Ресей өзінің көршілік жағдайының қолайлы тұстарын әлі де болса толығымен пайдаланбай келеді. Ресейдің географиялық орны әлемдік экономикалық орталықтарға қатысты алғанда қолайсыз болып табылады. Өйткені ол Батыс Еуропаның дамыған елдерімен, АҚШ және Жапониямен тікелей құрлық арқылы шектеспейді, аса маңызды теңіздік сауда жолдарынан алыста орналасқан. Алайда ел аумағының Еуропаны Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен теміржол арқылы байланыстырып жатуы, Солтүстік теңіз жолын игеруі Солтүстік Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен байланысты жақсартуға оң ықпал етеді. Қиыр Шығыстың айрықша орны әлемдегі үш ірі мемлекеттің (Ресей, Қытай, Жапония) тоғысында жатуымен анықталады. Ресейдің тынық мұхиттық жағалауы Азия-Тынық мұхит аймағындағы елдердің барлығымен де теңіз арқылы байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Франция Республикасы (фр. République française) — Батыс Еуропадағы ең ірі мемлекет, жерінің ауданы жағынан ол Ұлыбританиядан екі есе үлкен. Францияның құрамына Корсика аралы, Жерорта теңізі мен Бискай шығанағындағы ұсақ аралдар енеді. Француз одағы деп аталатын бірлестікке бес шалғай департамент (Кариб теңізі алабындағы Гваделупа, Мартиника, Оңтүстік Америкадағы Гвиана, Үнді мұхитындағы Реюньон, Атлант мұхитындағы Сен – Пьер мен Микелон) және т.б. жатады. Халық саны 64,6 млн адам(1 шілде 2014). Француздар өз елін «гексагон» (алтыбұрыш) деп атайды. Еуропаның батысында орналасқан елдің негізгі аумағының құрылықтағы шекаралары солтүстікте Бельгия мен Люксембург, шығыста Германиямен Швейцария, ал оңтүстік – шығыста Италия және Монакомен, оңтүстік – батыста Испанияжәне Андоррамен шектеседі.
Еуропалық Одаққа енетін дамыған мемлекеттердің аралығында орналасуы Францияның еуропалық біртұтас қарым – қатынастарының дамуына оң әсер етеді.Францияның теңіздік шекаралары Жерорта теңізі, Бискай шығанағы және Ла-Манш бұғазы бөліп тұр. Жағалауларында кеме тоқтайтын қолайлы қойнаулардың болуы Францияның ежелден – ақ теңіз көлігінің дамуына және Еуропа ғана емес, басқа дүние бөліктерінде орналасқан елдермен де сыртқы сауда экономикалық қатынастар орнатуына алғышарт болды. Франция мемлекеттік құрылымы жөнінен унитарлы республика болып табылады, әкімшілік – аумақтық бөлінісі жағынан 96 департаменттен тұрады. 1958 жылы генерал Шарль де Голль елде мемлекетті басқарудың жаңа үлгісі – Бесінші республиканы орнатты. Франция республикада президенттің айрықша зор өкілеттілігі бар,ол елдің сыртқы саясатына қатысты мәселерді шешеді. Президент тағайындаған премьер – министр үкіметті басқарып, елдің ішкі жағдайына толығымен жауап береді.Елдегі заң шығарушы орган – екі палатадан сенат және ұлттық жиналыс тұратын парламент.
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A4%D1%80%D0%B0%D0%BD%D1%86%D0%B8%D1%8F
Канада — Солтүстік Америкадағы мемлекет, Ресейден кейін әлемде екінші ел. Астанасы – Оттава қаласы. Канада өзінің жерінің кең-байтақтығымен ғана емес, сондай-ақ көптеген арктикалық архипелагты аралдарымен ерекшеленеді. Канаданың жағалауларын Атлант мұхиты, Тыных мұхиты және Солтүстік Мұзды мұхит шайып жатыр. Көрші елдерінің ең үлкені АҚШ, одан басқа Даниямен (Гренландия аралы) және Франциямен (Сен-Пьер и Микелон (франц. Saint-Pierre-et-Miquelon) аралдары қауымдастығы) көршілес орналасқан. Канаданың АҚШ-пен шектесетін оңтүстік және Альяскадағы солтүстік батыс шекарасының ұзындығы 8893 км. құрайды.Территориясының ауданы 9 984 670 шаршы км.. Оның ішінде құрлықтың жері 9 093 507 шаршы км., сулы жері 891 163 шаршы км.. Канаданың территориясының басым бөлігі жазықтық болып келеді. Канада жерінің аумағы бойынша (суларымен қосақанда) әлемде екінші орынды иеленеді, ал Солтүстік Америка материгінде ең үлкен ел болып табылады. Канада аталған материктің солтүстігін түгелімен алып жатыр деп айтуға болады, тек АҚШ-қа тиесілі Альясканы қоспасақ. Елдің солтүстігіндегі жерлердің көбі Арктикалық аймаққа кіреді. Олжерлерде үнемі мұз жатады немесе екі жылдай уақыт бойы температура нөлден төмен болып сақталады. Канаданың тағы бір географиялық ерекшелігі – әлемдегі ең ұзын жағалау шекара Канадаға тиесілі.
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D0%B4%D0%B0
География, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, оқушылар сабақта жұмыс істейтін басқа елдердің көрікті жерлері туралы қосымша ақпаратты осы сайттан табуға болады.:https://travellan.ru/
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру