Параллельдер мен меридиандар. Дүниетану, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім:Қоршаған ортаны қорғау

Мектеп: ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 27.02.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Толеубаева А.С.

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Параллельдер мен меридиандар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

4.2.1.2 глобус пен карталардың қолдану аясын, олардан негізгі нысандарды көрсете білу

4.2.1.3 глобус пен картадан параллельдерді, меридиандарды, экваторды көрсете білу

 Сабақ мақсаттары

«Экватор», «параллель», «меридиан» ұғымдарымен танысу;

Экватор, параллель, меридиан, полюстерді картадан және глобустан анықтау

 Бағалау критерилері

Экватор, параллель, меридиан мен полюстерді картадан және глобустан анықтау

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

глобус, параллель, меридиан ұғымдарын түсіндіре алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

параллель

экватор

солтүстік жартышар

оңтүстік жартышар

полюс

георграфиялық ендік

координатты жүйе

меридиан (бастапқы нөлдік)

полюс

географиялық бойлық

Неліктен екенін айта аласыз ба?

  • … параллель, меридиандар қажет?

 Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу құндылығы: оқушыларды жауапкершілікке, достық қарым-қатынасқа, білімпаздыққа тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

География, математика, ғылымға кіріспе пәндерімен байланыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Глобус ұғымымен таныс

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

5 мин

1.Ұйымдастыру кезеңі. Өткенді бекіту.

«Сиқырлы қорапша» ойыны. Оқушылар қорап ішіндегі сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар:

- Біз қандай климаттық белдеуде тұрамыз?

- Климат адамзат дамуына қалай әсер етеді?

- Біздің өңірімізде қандай қауіпті апаттар кездеседі?

- Өрт болған жағдайда қандай ережелерге сүйенуіміз керек?

-Қазақстан қандай материкте орналасқан?

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын ашу.

Жұптық жұмыс. Оқушыларға карточкада жазылған сөздер беріледі. Бірақ сөздердегі әріптер адасқан. Оқушылар жұпта отырып, дұрыс сөздер шығарады.

бгоусл

лапалеьрл

карвотэ

емидаинр

юпсло

Тексеру. Сөздерді тақтаға ілу.

  • Сабақта не туралы айтамыз?

/Оқушылардың жауаптарын тыңдау./

Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылады.

  • Сұрақтар, себет,
  • презентация

Сабақ ортасы

3 мин

2 мин

10 мин

6 мин:

( 3+3)

3 мин

4 мин

2. Мағынаны тану.

2.1. Венн диаграммасын толтыру.

Топтық жұмыс.

-Балалар, глобус пен картаның арасында қандай айырмашылық бар?

Оқушыларға Венн диаграммасы сызылған парақ пен тірек сөздер беріледі. Оқушылар тірек сөздерді тиісті дөңгелектердің ішіне орналастырып, жапсырады.

Тірек сөздер: жер бедері тегіс жазық түрінде беріледі, жоғарғы жағы – солтүстік, төменгі жағы – онтүстік бағыттарын көрсетеді, қалалардың атаулары қара әріппен жазылған, көлдер мен өзендердің атаулары көкшіл әріппен жазылған, латын тілінде «шар» дегенді білдіреді, геологтар пайдалы қазбаларды іздестірген кезде қолданады, жердің кішірейтілген дәл үлгісі, таулардың биіктігін анықтауға болады.

Топтар өз жұмыстарын қорғайды.

2.2. Пәнаралық байланыс.

(МК) Бейнероликті көру (Стоп-кадр әдісін қолдану, жаңа ұғымдар берілген кезде сөздер тақтаға ілінеді).

  •  https://www.youtube.com/watch?v=i-II5r_f5xI

- Бұл сөздердің ішінен сіздерге қандай сөз таныс?

- Бұл сөздер қай сабақта кездесті?

2.3., Ж) Мәтінмен жұмыс (66-67 бет).

- Мәтіннен параллель, экватор, меридиан анықтамасын тауып, глобустан бұл сиқырлы сызықтарды табыныздар.

-Жұпта бір біріне айтып шығыңыздар.

- Қай жұп сыпыпқа айтып береді?

2.3. (Ө, Ж) Сызбамен жұмыс.

Оқушыларға глобустың суреті беріледі.

Сызбада параллель, меридиан, полюстерді

анықтап, атауларын жазады.

Бұл жұмыстарды дескрипторлар бойынша бағалау.

Дескрипторлар:

  • Географиялық ұғымды анықтайды және оны түсіндіреді

Тексеру:

https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/kirispe-geografiyalyq-karta/lesson/meridiandar-men-parallelder

3. (Ө, Ж) Қалыптастырушы бағалау. (Жұпта тексеру)

«Дұрыс-бұрыс?» ойыны (егер дұрыс болса «+», бұрыс болса «-« қоямыз):

 тұжырымдар

+/-

1

Жер шарында 2 полюс бар.

2

Жер өз білігін айналғанда оның полюстері айналмайды.

3

Қазақстан оңтүстік жартышарда орналасқан

4

Ең ұзың параллель – бұл экватор

5

Экваторға қатарласа сызылған сызықтарды меридиан дейді

6

Аустралия оңтүстік жартышарда орналасқан

7

Оңтүстік, солтүстік полюстердің арасын қосатын сызықтарды экватор деп атайды

8

Токио қаласы (Жапонияның астанасы) шығыс бағытта орналасқан

Тірек сөздер, глобус, физикалық карта

жаңа сөздер:

параллель

экватор

солтүстік жартышар

оңтүстік жартышар

полюс

ендік көрсеткіші

координатты жүйе

меридиан

полюс

бойлық көрсеткіші

оқулық

сызба

ҚБ тапсырмалары

Сабақтың соңы

2 мин

5. Қорытынды.

Күрделі және жай сұрақтар қою арқылы оқушылар сабақтың қорытындысын жасайды.

Презентация, соңғы слайд

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация ресурстар (глобус, карта, диаграмма.кесте, сызба) көмегімен жүргізіледі. аудиал, кинестет, визуалдарға арналған тапсырмалар арқылы жүргізіледі, топтық, жұптық, жеке жұмыстар арқылы жүргізіледі.

Қабілетті оқушылар іс-әрекетке толығымен қатысу арқылы біршама күрделі тапсырмаларды орындайды, ашық сұрақтарға толық жауап бере алады.

Қалыптастырушы бағалау оқушылардың өз білімі мен түсініктерін зерттеулерін талқылау, пікірталас, жаңа ақпаратты талдау және жұпта өзара келісетін бірлескен қорытындылар жасау арқылы жүргізіледі, дескрипторлар беріледі.

Белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу