Бақытты елдің тұрғындары. Дүниетану, 4 сынып, қосымша материал.
Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар
- «Ойлан да ата».
Сабақ бастала салысымен оқушыларды оның тақырыбына көңіл аударту керек. Ол үшін сұрақтарды оқып, оларды ойластыруды және стикерге жауап жазуды ұсыныңыз. Әр оқушы өз өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, тапсырманы өз бетінше орындайды. Жауаптары бар барлық стикерлер тақтаға жабыстырылады. Осы тапсырманы орындау кезінде оқушылардың отбасы құрамын, олардың өмірлік жағдайларын ескеру қажет. Оқушылар алған жауаптарды бір сөзбен қорытады-отбасы деп. Сондай-ақ, әрбір адамның кез келген жағдайында бірінші кезекте отбасы қолдау көрсетеді деген қорытынды жасайды.
- Сабақ мақсатын анықтау.Оқушылар сабақ тақырыбын тұжырымдай алады және орындалған тапсырмаға сүйене отырып оның мақсаттарын болжайды.
- Ойлан (жұппен, топпен). Тапсырманы орындай отырып, оқушылар ұсынылған кестені жұптарымен оқиды. Кестеде қандай ақпарат берілгенін анықтайды, заңдылықтарды табады. Кесте бойынша сұрақтарды талқылайды, өз өмірлерінен мысалдар келтіреді.
Содан кейін жұптар топтарға біріктіріліп, кестенің бос ұяшықтарын толтырады. Топтың шешімімен кестеге ең сәтті мысалдар енгізіледі. Әрбір топқа толтырылған ұяшықтардың біріне түсініктеме беруге мүмкіндік беру қажет. Оқушылар отбасы бюджетіне, отбасы қабылдайтын шешімдерге үлес қосатынын түсінуі керек.
- Түсіндір. Оқушылар отбасының барлық мүшелерінің өз отбасы алдында да, қоғам алдында да белгілі бір міндеттері бар екенін түсінуі тиіс. Тапсырманы орындауға кірісе отырып, оқушылар оқулықтың суреттерін қарап, оқулықта ұсынылған мәтінді оқиды. Содан кейін, жұппен бір-біріне қоғамға отбасы мүшелері қандай пайда әкелетіні туралы әңгімелейді. Осыдан кейін, сұхбат әдісімен оқушылар бір-біріне өз отбасы мүшелері туралы әңгімелейді. Оқушыларға сұхбат ережелерін еске салу керек: сәлемдесу, таныстыру, танысу, сұрақ қою-жауапты тыңдау. Оқушылар бір-бірінің жұмысын "үш шапалақ" әдісін қолдана отырып бағалайды.
- Жобалық жұмыс. Оқушыларды Әл-Фарабидің "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат" атты еңбегімен таныстыру қажет. Мүмкін болса, видеоны көруді ұйымдастырыңыз. Немесе трактаттан кейбір үзінділерді оқуды ұсыныңыз. Оқушылар топта адамды не бақытты ете алатынын талқылайды. Талқылауды оқушылар тек материалдық құндылықтармен шектелмейтіндей етіп бағыттау қажет, егер қажет болса, жетекші сұрақтар қойыңыз, мысалы: "егер адам жалғыз болса немесе ауырып қалса, бірақ оның ақшасы мен машинасы болса, ол бақытты ма?". Оқушылар өз идеяларын плакатта барлық бар құралдарды пайдалана отырып рәсімдейді. Ақпаратты ұсыну түрі оқушылардың өз таңдауына байланысты: сызбалар, суреттер, сөздік сипаттама, кесте және т.б. егер оқушылар тапсырманы орындауда қиындықтар туса, оларға суреттер немесе сөздер жиынтығын ұсынуға болады. Дайын постерлерді оқушылар сабақтан кейін назарларын аударып жүретіндей жерлерге, сынып қабырғаларына орналастыру қажет.
- "Синквейн" әдісі сабақта алған білімдерін жинақтауға мүмкіндік береді, сын тұрғысынан ойлауды дамытуға ықпал етеді. Оқушылар өз дәптерлерінде жұмыс істейді. Кейбір оқушыларға өз жұмыстарын дауыстап оқуды ұсынуға болады.
Теориялық материал:
Отбасының негізгі функциясының бірі – ғасырлар бойы атадан балаға жалғасып келе жатқан салт-дәстүріміз бен бай мәдени мұрамызды сақтай білетін ұрпақ тәрбиелеу. Адам мінезінің негіздері еңбекке, мәдени және жалпы адами құндылықтарға деген қатынасы отбасында қалыптасады. Өзін-өзі ұстау және қарым-қатынас дағдылары отбасы мүшелеріне қарап қалыптаса бастайды. Отбасы өсіп келе жатқан жас буынның тәрбиесімен ғана емес, сонымен қатар баланың денсаулығын нығайтуда маңыз- ды рөл атқарады. Отбасы салауатты өмір салтын ұстанудың іргетасын қалайтын алғашқы орта болып табылады. Салауатты өмір салтын ұстанған отбасында өмір сүру ұзақтығы да артып, ауру-сырқауға ұшырау қау-пі де азаяды. Мемлекеттің мықтылығы азаматтарының денсаулығы және олардың қоғамда өз орнын таба білуі, қоғамға риясыз қызмет етуімен бағаланады
ӘБУ НАСР әл-ФАРАБИ, ӘбуНаср Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870, Отырар қ. — 950, Сирия, Шам) — қазақ даласынан шыққан ұлы ғалым, ойшыл философ, математик, астролог, музыка теоретигі. Әскербасының отбасында дүниеге келген. Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара, кейін Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо), Бағдад шаһарларында білім алған. Ә. Н. әл-Ф. — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы” атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экон-сы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Ә.Н. әл-Ф. Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл филос., логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, геогр., матем., мед., муз. салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды.
https://el.kz/kz/news/archive/
Синквейн стратегиясы ( бес жолды өлең): Ой толғау кезеңінде қолданылады.Синквейн француздың «бес» деген сөзінен шыққан, яғни бес жолды өлең жазу әдісі.- Бірінші жолда - тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім)- Екінші жолда - тақырып екі сөзбен сипаттау (сын есім)- Үшінші жолда - тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу. (етістік)- Төртінші жолда - 4 сөзден тұратын бір сөйлем.- Бесінші жолда - тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз.Мысалы:1. Күй.2. Әсерлі, құдіретті.3. Мұңайтады, балқытады, тербентеді.4. Күй – адам сезімінің көрінісі.5. Өнер.Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
https://infourok.ru/bes-zholdi-le-zhne-esse-lgileri-sinkveyn-794774.html
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.