Наурыз мерекесінің қандай мәні бар? Дүниетану, 2 сынып, сабақ жосары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»

Мектеп: Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Наурыз мерекесінің қандай мәні бар?

Оқу мақсаттары

2.1.6.1 таңдауы бойынша ҚР ұлттық және мемлекеттік мерекелерінің мәнін түсіндіру

Сабақ мақсаттары

  • ҚР ұлттық және мемлекеттік мерекесінің мәнін түсіну.

Бағалау критерийлері

  • Ұлттық және мемлекеттік мерекелерді ажырата алады;
  • Наурыз мерекесінің мәнін түсінеді.

Тілдік мақсаттар

Наурыз, татуласу, кешіру, «Жаңа күн», мереке, достық

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық, еңбек және шығармашылық құндылықтарын дарыту әңгіме барысында, презентация арқылы жүзеге асады

Пәнаралық байланыстар

Ғылымға кіріспе, математика, қазақ тілі

Алдыңғы меңгерілген білім

1-сыныпта өткенді қайталау

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

Психологиялық дайындық

Оқушылар «Шаттық шеңберіне» жиналады.

Оқушылар гүл сыйлау арқылы бір-біріне тілек тілейді. Мұғалім барлық балаларға сәттілік тілеп, шеңберде тұрған оқушыларға қима қағаздар таратып береді. Қима қағаздарда буынға бөлінген сөздер жазылған. Оқушылар сол буындардан сөз құраулары қажет.

Қима қағаздарда төмендегідей сөздер жасырылған.

Нау –рыз

Тә- уел-сіз-дік

Құр-бан Айт

Же-ңіс

Дос-тық

Ас-та-на

Ға-рыш-кер-лер

қушылар буындардан сөздер құрайды/.

Балалар сөздерді құрап, олардың мән-мағынасын ашады.

/Ескеру: Сөздер түрлі-түсті қағаздарда жазылған. Сол түстерге сәйкес оқушылар топтасып отырады/.

- Балалар, қалай ойлайсыздар, осы сөздердің бәріне ортақ қандай ұғымдарды білесіздер?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

/мереке, таулы күндер, т.б./

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Бағалау критерийлерімен таныстыру.

Гүл

Қима қағаздар

слайд

Сабақ ортасы

3 мин

12 мин

3 мин

6 мин

1 мин

5 мин

(Ұ) Постер құрастыру.

Мақсаты: «Мереке» ұғымын жан-жақты талқылау, миға шабуыл.

Оқушылар мереке ұғымына сипаттама береді.

(Т) «Ұлттық және мемлекеттік мерекелер» ассоциация құру.

Мақсаты: ҚР ұлттық және мемлекеттік мереклереріне ассоциация құру арқылы олардың ұқсастығы мен айырмашылығын, мән-мағынасын түсіну.

Тапсырма орындалып болған соң «Галерея» әдісі бойынша топтар постерлерімен алмасады. Әрбір топ жасыл, қызыл, көк түсті стикерлер арқылы мәліметті өз тобымен ойласа отырып, ретке келтіреді.

Мұндағы:

Қызыл түсті стикер - қате жазылған ақпарат;

Жасыл түсті- мәліметтердің ішіндегі ең ұнаған ақпарат;

Сары түсті – бағалаушы топтың өздерінің қосқан мәліметі (толықтырылған ақпарат).

/Постерлер толықтырылған соң, әрбір топ өз постерлерін қорғайды/.

Топтар бірін-бірі стикерлер арқылы бағалайды.

(Ұ) Бейнежазба. «Әли мен Айя». Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы туралы

Мақсаты: Наурыз мерекесінің мәнін түсіну.

Оқушылар ұжыммен бейнежазбаны тамашалайды.

) Постермен жұмыс

Мақсаты: оқушылардың өздері білетін және бейнежазбадан жинақтаған білімдерін ортаға сала отырып, Наурыз мерекесінің ерекшелігі туралы өз ойларын ортаға салу, мән мағынасын түсіну.

- Балалар сіздер қандай бейнежазбаны тамашаладыңыздар?

/Наурыз мерекесі туралы/

-Ендеше, өз жұптарыңызға Наурыз мерекесі туралы білетін ақпараттарыңызды бөлісіңіздер.

(Ұ, Ө) «Сөйлейтін микрофон»

Мақсаты: Ұлттық және мемлекеттік мерекелер мен Наурыз меркесін туралы алған білімдерін анықтау, сұрақ қоя білуге, толық әрі нақты жауап беруге дағдылану.

Мұғалім қолына микрфон алып оқушыларға бір сұрақ қояды. Қай оқушы жауап берсе, сол оқушы микрофонды алып, басқа балаларға бүгінгі сабақ бойынша сұрақ қояды. Осылайша ойын өз жалғасын табады.

Мұғалімге ұсынылатын сұрақтар:

  • Мереке сөзін қандай сөзбен ауыстыруға болады?
  • Қандай ұлттық мерекелерді білесіз?
  • Қандай мемлекеттік мерекелерді білесіз?
  • Ұлттық және мемлкеттік мерекенің айырмашылығы неде?
  • Ұлттық және мемлкеттік мереклердің ұқсастығы неде?
  • Наурыз меркесінің басқа мерекелерден қандай ерекшелігі бар?
  • «Наурыз» сөзі қандай мағынаны білдіреді?
  • Наурыз мерекесі күні табиғатта қандай өзгерістер болады?, т.б.

Ойын аяқталған соң ең үздік сұрақ пен жауап анықталып, ауызша мадақталады.

(Ең үздік сұрақ пен жауапқа сыйлық әзірлеуге болады. (мысалы: «Алтын микрофон», т.б.))

Постер

Постер құрастыру

Түрлі-түсті стикерлер

https://www.youtube.com/watch?v=UY_6GCRamB8

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы туралы мультфильм

Микрофон

Сабақтың соңы

3 мин

Өзін-өзі бағалау «Мен үшін....». Сынып қабырғаларында смайлдар ілініп түр, солардың қасына барып өздерін бағалайды.

Қызықты, түсіндім

Сұрақтар пайда болды

Қиын болды

Смайлдар суреттері

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Дифференциация іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың дербес қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде көрінуі мүмкін.

Дифференциация уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу