«Дәстүрлер мен фольклор адамның қалыптасуы мен тәрбиесінде қандай рөл атқарады?». Дүниетану, 1 сынып, дидактикалық материал.
«Жауын жауса – жер ырысы, батыр туса – ел ырысы»
«Жүйрік ат – ер қанаты»
«Сулы жер – береке, елдің іші – мереке»
«Туған жердің ауасы да – шипа»
Толағай батыр туралы аңыз
Ерте заманда, үлкен өзен бойында Саржан деген аңшы отбасымен өмір сүріпті. Бір күні оның отбасында Толагай деген ұл дүниеге келеді. Толағай ай санап емес, күн санап өседі. Күндердің күнінде жауын жаумай, қуаншылық болады. Шөлден мал қырылып, жұт келеді.
Елін жұттан құтқару үшін Толағай батыр алыстағы тауды өз еліне әкеледі. Шаршаған батыр ауылына жеткенде тау астынан шыға алмай қалады. Сол таудың астында мәңгіге қалып қояды. Содан бері бұл тау «Толағай» деп аталады.
………………………………………………………………………………………………
Жаңа сөздермен жұмыс:
«Күшті», «ер», «батыл», «ер жүрек», «халқын сүйетін», «жаны ашитын», «мейірімді»;
«ерлік», «батыр», «мейірімді», «әлсіз», «күшті», «сараң» сөздері жазылған карточкалар.
ерлік
батыр
мейірімді
әлсіз
күшті
сараң
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.