Шытырман ойындар ақылы коммуникативті дағдылар. Дене шынықтыру, 11 сынып, қосымша материал.
Әдістемелік нұсқау
6-бөлім - Ойын-сауық ойындары арқылы ынтымақтастық және коммуникативті орта
Сабақтың тақырыбы: Шытырман ойындар ақылы коммуникативті дағдылар.
Оқу мақсаты: 11.3.4.4. Өзгелердің денсаулығын нығайтуға бағытталған дене белсенділігі көмегімен қауіпсіз сабақтар өткізу
Сабақтың мақсаты: - денсаулықты нығайтуға бағытталған дене белсенділігі арқылы қауіпсіз сабақтар өткізе алады
- Сабақтың басы.
Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.
Осыдан кейін білім алушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды.
- Сабақтың ортасы.
Білім алушылар баскетболмен айналысу кезінде қауіпсіздік ережесі бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.
Баскетбол ойынның қауіпсіздік ережелері:
- Баскетбол ойынына сәйкес спорттық киім кию, (кроссовка).
- Баскетбол ойынының техникасы мен такикасын орындау кезінде өте мұқият болу.
Баскетбол қалқанының астында отыруға болмайды.
Ойнаушылар ойын кезінде бір-бірін ұстауына, дөрекі қылық жасауына жол берілмеу.
Допты салмағына сәйкес таңдау.
Жаттығуларды орындауды ұйымдастыру барысында қойылатын біріңғай тлаптарды.
Сабақ басталар алдында оқушылар алқа, сақина, сағат, сырға және т.б. жарақат алуға мүмкіндік тудыратын заттарды шешіп, қыз балалар шаштың түюлері қажет. Қауіпсіздікті сақтау үшін дене тәрбиесі сабағында тиісті спорт киімдерімен ғана қатысу қажет.
Допты алып жүру кезіндегі қауіпсіздік:
- Жопты жұдырықпен және алақанмен ұрмау.
- Жылдамдықты азайтып, тоқтай білу;
- «финтті» қолдана білу;
- Қарсыласының орын ауыстырылуларын сөзіне білу;
Бір –бірін итермеу;
1 тапсырма.
(С, Т, ҚБ) Өткізілетін оқу тапсырмасының ережелері мен қауіпсіздік ережелері айтылып түсіндіріледі. Осыдан кейін білім алушылар
жұпта жұмыс жасайды:
Баскетболшының тұрысы:
а)Допты бір орында оң және сол қолмен алып жүру;
б) Бір қолдан екінші қолға ауыстырып алып жүру;
в) Қозғалыста допты оң және сол қолымен алып жүру.
Тапсырманы орындау барсында, қауіпсіздік ережесін сақтауын қадағалаңыз.
Допты еденге соғып алып жүру қолдың саусақтары мен білезік бөлігімен орындалады. Қолдың білезік бөлігі доптың үстінде, арт жағында орналасады.
2 тапсырма.
(С, Ж, ҚБ) Өткізілетін оқу тапсырмасының ережелері мен қауіпсіздік ережелері айтылып еске түсіріледі. Осыдан кейін білім алушылар баскетбол ойынындағы допты торға лақтырудың әдіс-тәсілдерін дамытуға арналған келесі оқу тапсырмаларын орындайды:
Допты бір қолмен жоғарыдан секіріп лақтыру
Допты бір қолымен бастан асыра торға лақтыру
Үлгі жаттығулары:
1) Допты қолдан-қолға ауыстыра отырып, оған тимей, денені айналдыра жүру
2) Доп арқада, екі қолда орындалады. Допты бастан асырып, алға лақтырып, сонда тосып алу. Егер допты алды-артқа лақтырып тосып алу. Осы жаттығуды бір қолмен орындау.
3) Еңкейіп, допты қолға ұстап, аяқтардың арасынан өткізіп алға қарай лақтырып, алдынан тосып алу.
1) Сапқа тұру. Допты жұп-жұп болып бір-біріне беру.
2) Допты бір саптан 2-ші сапқа иректеп кезекпен беру.
3) Дәл солай, тек допты берген соң оқушы қарсы алдындағының орнына барып тұрады.
4) Екі сап қарама-қарсы түрады: доп әр саптан кезекпен беріледі.
Допты беруді үйрету кезінде алаңнан ұшып көтерілген допты ойыншының тосу кезінде көңіл бөлу керек. Егер қадам ырғағына байланысты қате жасалса, оны келесі жаттығуларды жасау арқылы түзеуге болады:
1) Допты алаңға ұрып, сол мезетте сол аяқпен алға қадам жасау керек. Аяқтың жерге тиюі доптың алаңға тиюі бір мезетте болуы керек.
2) Дәл солай, тек аялдамай, 2-ші қадам жасау керек.
- Сабақтың соңы.
Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.
Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізуді ұсыныңыз.
Ресурстар: Үлкен бос кеңістік, баскетбол доптары, ысқырық, конустар, Рефлексия парағы.Баскетбол сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурсына сілтеме: https://xn--j1ahfl.xn--p1ai/library/instruktazh_po_tehnike_bezopasnosti_na_urokah_baske_112701.htmlhttps://sites.google.com/site/basketbolvskole/home/tehnika-bezopasnostiБаскетболдағы допты алып жүру интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=Lnfa-ZQgJ6Yhttps://www.youtube.com/watch?v=rGBWBpnqMW8&t=26shttps://www.youtube.com/watch?v=Gxg3DxJ_rjIhttps://www.youtube.com/watch?v=bN7PhwUd-u4Баскетбол ойынында шабуылдау техникасын оқыту әдістемесі интернет ресурсына сілтеме: https://infourok.ru/basketbol-oyininda-shabuildau-tehnikasin-oitu-distemesi-942947.htmlБаскетбол ойынын үйрену бойынша интернет ресурсына сілтемеhttp://summercamp.ru/%D0%9F%D0%BE%D0%B4%D0%B2%D0%B8%D0%B6%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D0%B8%D0%B3%D1%80%D1%8B_%D0%B4%D0%BB%D1%8F_%D0%BE%D0%B1%D1%83%D1%87%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D1%8F_%D0%B1%D0%B0%D1%81%D0%BA%D0%B5%D1%82%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D1%83
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру