Қазақтың ұлттық ойындары, ойындағы стратегия және тактика. Дене шынықтыру, 11 сынып, дидактикалық материал.


Ұлттық ойындар

«Аударыспақ» ойыны (выталкивание из круга)

А) ойынды түсіндіру

Б) көрсету

В) сыныпты екі топқа бөлу

Г) ойын процессі

Екі екі оқушыдан төрт ойыншы ойнайды. Бірінші ойыншы екінші ойыншыны арқасында ұстап жүреді, ал арқадағы ойыншы келесі топтың ойыншысын арқадан аударып алуға тырысады. Қай топ аударып түсірсе, сол топ жеңіске жетеді.

Игра называется «Бой всадников». Чертится круг, ученики садятся друг другу на плечи и начинает выталкивать соперников из круга.

«Соқыр теке»

Ойыны да біздің қазақтың көптен келе жатқан ойын түрі. Бұл ойын кез-келген жерде ойнала беретін болғандықтан, көп пайдалануға болады. Оқушылар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады да, ортада көзі байланған бір адамды қалдырады. Соқыр теке – сол. Қалғандары оны қолымен түртіп қойып, одан айнала қашады. Соқыр теке түрткен адамды ұстап алуы керек. Ойын солай жалғаса береді, қашан мұғалім тоқтатқанша. Бұл ойын сезімталдыққа, жылдамдыққа баулиды. Ойынға 10-12 адамға шейін қатысуға болады.

«Соқыртеке» — ұлттық ойын. Ойын үйде де, далада да ойнала береді. Ойын үйде де, далада да ойнала береді. Ойыншылар шеңбер құрып, дөңгелене турады да, ортада көзі байланған бір адамды қалдырады. Соқыр теке — сол. Қалған ойыншылар соқыр текені қолымен түртіп қойып, одан айнала қашып журеді. Ал соқыр теке сол түрткен адамды ұстап алып, тануға тиісті. Егер ол устаган кісіні таныса, оның көзін байлап, соңы соқыр теке жасайды. Өйтпеген жағдайда соқыр теке ойыны apы қарай жалғаса береді.Ойынға қатынасушылар жиылып, алқа-қотан тұрғаннан кейін, бір қыздың, не жігіттің көзін байлап, қолына бір метрдей жас шыбық беріп, ортаға шығарады. Ол:Қараңғыда көзім жоқ,Тиіп кетсе сөзім жоқ.Қайда кеттің қалқа жан,Жетектейтін өзің жоқ.Қолға түскен құтылмас,Қала бермек көзім боп,— деп таяғын өзі болжаған тықыр, дыбыс естілген жаққа қарай соза береді. Айнала трған ойнаушылар қашып жүріп:Соқыр — соқырақ,Оң көзіңе топырақ.Топырағын алайын,Тотияйын салайынСаған бір ем табайын,—деп келіп, «Соқыр текеге» тиіп қашып жүреді. Осылай ойнап жүргенде «соқыр текенің» қолына түскен ойнаушы ұтылады да, екеуі орын ауыстырады.«Соқыр теке» мен оны түрткілеп қашып жүрушілердің өрісін мөлшерлеп сызып қояды.

тұмақ ұру

Тұмақ ұру – қазақтың ұлттық ойыны, оған ат үстінде отыра алатын кез келген жігіт қатыса алады. Ойын жазық кең алаңда ойналады. Ойын шартына сәйкес, жерге биіктігі салт аттының қолының деңгейінен аспайтын құрық қадалады. Оның басына тымақ, не малақайды іліп қояды. Салт атты ойыншыға таяқтың басында ілулі тұрған тымақты (не малақайды) көрсетеді де, орамалмен көзін көрмейтіндей етіп мықтап байлайды. Сонан соң оны атқа мінгізіп, қолына қамшы ұстатады да, бірер айналдырып: «Тымақты ұрып көр!», - деген сөздермен басын тымақ ілінген таяққа қаратып қоя береді. Көзі байланған салт атты қолындағы қамшысымен тымақты ұрып жерге тырысады. Тымақты үш әрекеттен кейін ұрып түсіре алмағандар жүргізушінің рұқсатымен айып ретінде ән, тақпақ орындап, ойынға қайта қатыса алады. Тымақты бірінші болып ұрып түсірген ойыншы жеңімпаз атанады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.