Гимнастикалық снарядтардағы жаттығулар жиынтығы. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары7

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: №3 Гимнастика арқылы танымдық дағдыны құрастыру.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Гимнастикалық снарядтардағы жаттығулар жиынтығы.

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.1.4.4. Сапалы орындалуды жақсарту үшін жаңа қозғалыс қабілеттерін дамыту.

Сабақ мақсаттары:

Оқушылар гимнастикалық элементтердің орындау техникасын жетілдіре алады.

Оқушылар гимнастикалық құрал-жабдықтарда (снарядтарда) жаңа қозғалыс әрекеттерін көрсете алады.

Оқушылар гимнастикалық құрал-жабдықтарда (снарядтарда) жаттығулар жиынтығын жасайды және көрсете алады.

Бағалау критерийлері:

Қауіпсіздік ережелерді біліп, сақтау.

Шығармашылық белсенділікті көрсету.

Дене дайындығының дамуын жетілдіру.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар: жұптық және топтық гимнастикалық жаттығуларды, сонымен қатар қозғалыстың құрамдас элементтеріне сараптау жүргізу, көрсету, талқылау және мәлімдеу.

Пәнге тән лексика мен терминология: тепе-теңдік жаттығулары, еркін жаттығулар жиынтығы, ұшу фазасы, топталу.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

• Акробатикалық жиынтықты орындауда неге реттілігі маңызды?

• Гимнастика Сізді қалайша физикалық тұрғыдан дамыта алады?

• Қандай траекториямен қозғала аласыз?

• Әр түрлі снарядтар қолданудағы қиыншылықтар мен қауіптерді айтыңыз?

• Басқа топтардың жұмыстарын бақылағанда неге құрылымдық сипаттама берілу керек?

Құндылықтарды бойға сіңіру

Ашықтық, шындық.

Пәнаралық байланыс

Биология.

АКТ пайдалану дағдылары:

https://www.youtube.com/watch?v=tUsh02BImb8

Алдыңғы білім

Алдыңғы сыныптарда, үйде және сыныптан тыс гимнастикада түсініктері мен негізгі білімдеріне ие.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 10 минут

Сыныптың жиыны. Мұғалім оқушыларға оқу мақсатын және оған жетуіне арналған критерийлерді хабарлайды.

Жүру, бір сап бойымен, түрлі тәсілдермен.

Бірқалыпты қарқынмен 5 минут бойы жүгіру. Мұғалім орындалу қарқынын бақылайды.

Жүру, денені қалыпқа келтіру.

Ж.Д.Ж. қозғалыста. Мұғалім есеп жүргізеді және орындауға жаттығулар береді.

Спортзал, ысқырық.

Сабақтың ортасы

11 – 36 минут

Сыныптың жиыны. Мұғалім алдымен өз кедергілер бағытын ұсынады, содан соң шығармашылық белсенділік таныта отырып оқушылар өз нұсқаларын ұсынады.

Кедергілер бағыты: 5 рет орнында отырып тұру, 2 рет алдыға айналу, 2 рет артқа айналу, гимнастикалық қоссырық бойында қолмен жүру, гимнастикалық кермеде тартылу, гимнастикалық бөрене бойымен жүру, қолды тіреп секіруді орындау. Ағын әдісімен орындалады.

Саралау: Гимнастикалық қоссырықта екі қолмен бірмезгілде қозғалып жүру, гимнастикалық бөрене бойымен артпен жүру, аяқты бүгіп төрттағаннан секіру.

Оқушылар өздерінің кедергілер бағытын құрай отырып, шведтік қабырғада жаттығулар орындайды.

Мұғалім қауіпсіздік ережелерін сақтауды және тапсырмаларды жоғары техникалық деңгейде орындауды талап етеді.

Спортзал, ысқырық, гимнастикалық маттар, гимнастикалық мост, гимнастикалық кіші ат, қоссырық, гимнастикалық бөрене, гимнастикалық керме.

Сабақтың аяғы

37 – 40 минут

Сыныптың жиыны: Мұғалім сұрақ қояды: қандай жаттығулар қандай бұлшықет топтарын дамытады?

Спортзал.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Жаттығуды орындау кезінде оқушылар өзара бағалау жүргізеді және дене дайындығының сапаларын жетілдіреді.

Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру.

Қосымша қолдау

Топтарда жұмыс жасау - сыныптастарына қолдау көрсету.

Қажет болса, мұғалімнің көмегі.

Неғұрлым қабілетті оқушылар басқа оқушыларға қызықты, қиын болып көрінетін шешімдерінің аспектілерін көрсете алады.

Сабақта саралаудың негізгі қағидасы - асқыну.

Топтық жұмысты оқушы жеке бағалау үшін және жеке қолдау үшін жүзеге асырады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары іске асырмалы болды ма?

ОМ-ға барлық оқушылар қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, не себепті?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және не себепті?

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал етуші еді (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Мен сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені айқындадым, келесі сабақтарда неге назар аудару керек?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.