Қазақтың ұлттық ойындарына балама нұсқа ойындар. Дене шынықтыру, 10 сынып, презентация. 26-27 сабақ.
Сабақ тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындарының балама нұсқасы
Оқу мақсаты:
10.2.4.1. Адал ойындағы адамгершілік құндылықтарын талдау және бағалауСабақ мақсаты: - Ұлттық ойындарды ойнату арқылы адамгершілік құндылықтарды дарыту.- Ұлттық ойындарға қызықтыра отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеуМиға шабуылТоғызқұмлақ ойыны қашан пайда болды? Неліктен “Қойшылар алгебрасы” деп атаған?Қазақ өкілдерінен кімдер ойнаған? Тоғызқұмлақ спортшыларынан кімді танисың? Тоғызқұмалақ ойынын қай елдер ойнайды?Тоғызқұмалақ ойынының негізгі ережелері қандай?
- Құмалақ
- Қазан - Отау - Бастаушы - Қостаушы - Тұздық - АтсырауТоғызқұмалақ ойынының негізгі терминдері:
Тоғызқұмалақ – қазақта кең тараған қызықты ойын, әлемдік мәдениетінің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын зияткерлік (интеллектуалдық) ойын, логикалық ойлау өнері. Археолог-ғалымдарының пайымдауынша ойынның пайда болу мерзімі 4000 жыл шамасын қамтиды. Бас шынықтыратын бұл ойынды біздің ұлттық “шахматымыз” десе де болады. 162 таста ойнатылады.
Тоғызқұмалақ ойынының негізгі ережелері
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған 81 құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны бастаушы, екінші жүріс жасаған ойыншыны қостаушы деп атайды.
Қоштаушының
оталары
Бастаушының қазаны
Бастаушының отаулары
Қостаушының қазаны
Ежелгі тоғызқұмалақ тақтасы
Қазіргі заманғы тоғызқұмалақ
тақтасы
Балалар, «Тоғызқұмалық ойынын үйрену»
бейнебаянын тамашалаймыз?Тұздық алу ережесі Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде- «Тұзды үй», қазіргі тілде-тұздық деп атайды. Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауына таратқан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек. Сонда сол отауда қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, ойынның аяғына дейін сіздің меншігіңізге айналады. Енді жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ, міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады. Тұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады.
Атсырау ережесі:
Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ кеми бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері азая береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірі өз отауларында жүріс жасай алмай қалатын жағдай да кездеседі. Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші тауысып алып, жүріссіз қалуы «атсырау» деп аталады. Мәселен, қостаушы атсырауға ұшыраса, бұл жағдайда бастаушы қосымша бір жүріс жасап, барлық құмалақтарды өз қазанына салып алады. Сөйтіп, бастаушы жеңімпаз атанады.
Егер ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса, ойын бірден тоқтатылып, сол ойыншы жеңімпаз болып табылады.
Тапсырмаға қойылатын критерий:
Орындалатын стратегия логикалық тұрғыдан қол жетімді болу керек;
Жүру жолы нақты көрсетілуі керек;
Математикалық есептеулер көрсетілуі керек.
Балалар, бүгінгі сабақтан не білдіңіз?
не үйрендіңіз? нені білгіңіз келеді?Чемодан мясорубка қоқыс жәшік
Үйге тапсырма
Тоғызқұмалақ ойнындағы стратегиялар мен тактикалар бойынша қосымша іздену.
Пайдаланылған ресурстар
Ә. Ақшораев «Тоғызқұмалақ» Тараз, 2000.
С. Тілеубаев «Тоғызқұмалақ - өнері» 1999 ж.
https://www.youtube.com/watch?v=2tTcwhZA5m8 «Тоғызқұмалық ойынын үйрену»
https://www.youtube.com/watch?v=tFbVBoPihP0 «Тоғызқұмалық ойынын үйрену»
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.