Қазақтың ұлттық ойындарының балама нұсқасы. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар №3
Бөлім ұзақ мерзімді жоспары: 4-бөлім Қазақтың ұлттық ойындары | Мектеп: | ||||||
мерзімі: | Мұғалімнің аты: | ||||||
сынып: 10 | Қатысқаны: Қатыспағаны | ||||||
Сабақ тақырыбы | Қазақтың ұлттық ойындарының балама нұсқасы | ||||||
Оқыту мақсаты, осы сабақта қол жеткізетін (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.3.5.5. Дене белсенділік тәжірибесі үшін білім мен дағдыны дамыту | ||||||
Сабақ мақсаты | Әр-түрлі физикалық әрекеттерді пайдаланып, қазақтың ұлттық ойындарды ойнай алады | ||||||
Бағалау критерийлері | Біріккен әрі тиімді жұмыс көрсетеді Ойын кезінде әр-түрлі физикалық әрекеттерде дағдыларды түсініп қолданады | ||||||
Тілдік мақсаттар
| Мыналарды қамтиды:
«Ақсүйек» | ||||||
тәрбиелеу құндылықтар
| Құрмет, жауапкершілік, коллаборативті мәдениет, өмір бойы оқу | ||||||
пәнаралық байланыс | Математика, физика, биология | ||||||
АКТ қолдану | Интернеттен мәліметтер алу https://www.youtube.com/watch?v=FfFZmY4Fm9I | ||||||
Бастапқы білім | Оқушыларда алдағы сыныптарды және сабақтан тыс уақыттарда қазақтың ұлттық ойындары, шеберлік пен стратегиялық түсінік туралы білімдерді меңгерген. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Жоспарланған кезеңдері | Сыныпта Жоспарланған іс-шаралар | Ресурсы | |||||
Ұйымдастыру кезеңі 5-7мин | Оқушылармен сәлемдесу, бүгінгі сабақтың тақырыбымен және бағалау критериімен таныстыру.Сабақ барысындағы немесе дене жаттығуларын орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда, активити «сокыртеке» «сақина салу» ойынын ойнату. Жүгіріп орындалатын жаттығулар жиынтығы. бірінші топ құрал жабдықсыз орындалатын қарапайым жаттығулар кешенін құрады, сынып болып орындайды. (қол мен иық буындарына, мойынға және денеге, аяққа және жалпы денеге арналған); екінші топ құрал жабдықпен орындалатын жаттығулар кешенін құрады, сыныпқа ұсынады (нығыздалған доппен, гантелмен, секіргішпен,гимнастикалық орындықта, гимнастикалық қабырғада, акробатикалық жаттығулар). Оқушылардан сұрау - Әр түрлі бұлшық еттер топтарын жаттықтыратын жаттығуларды неліктен орындау қажет.(оқушылардың жауаптарын тыңдау, жауаптарына қарай бағалау) | Әрбір тапсырма үшін үлкен бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық. Аумақты белгілеу үшін фишкалар/конустар. | |||||
Негізгі бөлім 28-30 мин
| Презентация және бейне көрсету. 1-тапсырма Бағалау критериясы біріккен әрі тиімді жұмыс көрсетеді. Саралау:
«Көкпар» Ойынның алғашқы балама нұсқасы: ойынға - екі команда қатысады. Ойын алаң ортасынан басталады. Қарама қарсы жақта қазандық орналасқан. (қаз т. аудармасы. «котел»). Ысқырық бойынша «көкпар» ие болу жарысы басталады.Жеңіске жеткен капитан, ойынды бірінші болып бастайды. Ол өзінің командасындағы мүшелерге «көкпарды» беріп, «қазандыққа» жүгіріп барып, оны «қазандыққа» лақтыру керек. Команда бір ұпай алады. Қарсылас команда қарсыластардың жолын жауып, қарсылас командаға «қазандыққа» өтуге мүмкіндік бермей кедергілер құрастыруы қажет. Адал ойындағы адамгершілік құндылықтары туралы шағын топтарда талқылау. Ойыншыларды қошеметтеу, сырттай бақылау 2-тапсырма Бағалау критериясы ойын кезінде әр-түрлі физикалық әрекеттерде дағдыларды түсініп қолданады. «Ақсүйек» Бастаушы ақсүйекті басқаларға көрсетпей жасырады. Ойыншылар қай жаққа жасырғанын көрмей тұрады. Жасырып болғаннан соң, бастаушы: «Ал, іздеңдер» деп бұйырады. Бәрі іздейді. Ақ сүйекті тапқаны: «Мен таптым!» деп айқайлайды да, ақ сүйекті жоғары көтеріп көрсеткеннен кейін сөреге қарай жүгере жөнеледі. Қарсыластары оны қуып жетіп ұстап алуға тиіс. Ұсталып қалса, ол ақсүйекті өзін ұстаған ойыншыға береді. Ол әрі қарай жүгіреді. Сөйтіп ақ сүйекті қай топтың ойыншысы сөреге жеткізсе, қарсы топтағылар жеңілген есебінде ән салып береді. Ойын осылайша жалғаса береді. Сұрақ-жауап Қандай қиындықтар болды? Шешу жолдары? Оқушыларды орындаған жаттығуларына қарай талдау және бағалау. Өзін-өзі бағалау парағы. | Жүгіруге арналған жол және кең таза кеңістік. Фишкалар конустар,мұғалімге ысқырық, бор, секундомер Әрбір тапсырма үшін үлкен бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық. Аумақты белгілеу үшін фишкалар/конустар. https://www.youtube.com/watch?v=FfFZmY4Fm9I «Көршіңізге айтыңыз стратегиясы» Қойдың жамбас сүйегі немесе эстафеталық таяқша | |||||
Қорытынды 3мин | Бүгінгі сабақты қорытындылау мақсатында ПОПС – формуласын қолдану арқылы оқушылардан кері байланыс алу, ол ПОПС – формуласындағы белгіленген төрт жағдаят бойынша оқушылардан бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын жазу сұралады Үй жұмысы денені жерден көтеру 25 реттен 3кезеңмен | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
нәтижесін есепке алу арқылы | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Бақылау парағы, сұрақ жауап , бақылау, кері байланыс | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы ұлттық ойындар сабағындағы қауіпсіздік ережелері | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||
ПОПС - формуласы
Менің ойымша жүгіру.... | ||
Негіздеу | Себебі .... | |
Мысал келтіру | Мен оны дәлелдей аламын.... | |
Ой тастау | Қорытындылай келе мен былай дер едім... |
Бағалау парағы
Бағалау өлшемдері | Дескриптор |
Біріккен әрі тиімді жұмыс көрсетеді | Стратегия, тактика құра алады қызметтерді рөлге бөліп орындайды. Бір-біріне көшбасшылық жасайды. |
Ойын кезінде әр-түрлі физикалық әрекеттерде дағдыларды түсініп қолданады | Ойынында мұқияттық, денсаулықты нығайтуға ықпал ететін аз ғана дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді, оларға жауап қайтарудың кейбір негізгі жолдарын анықтайды Дене белсенділігінің алдында денені шынықтырудың маңыздылығы туралы білімін көрсетеді және түсіндіреді. |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.