Ойын жағдайларындағы техникалық амал тәсілдерді іске асыру. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары. 9-10 сабақ.
Дене шынықтыру пәні бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары №
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-тарау: Спорттық - ойын қызметінің техникасы мен тактикасы | Мектеп: Петропавл қаласы ХББ НЗМ | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
| |||||||||
Сабақ тақырыбы | Ойын жағдайларындағы техникалық амал тәсілдерді іске асыру | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.1.1.1. Спецификалық қозғалыс әрекеттерін талдау және бағалауды орындау | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | Ойын барысында допты қабылдау әдістерді үйрету | ||||||||||
Бағалау критерийлері | - ойын кезінде допты жүргізеді және пас береді; - спецификалық қозғалыс әрекеттерін талдайды - спецификалық қозғалыс әрекеттерін бағалайды | ||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Пән лексикасы және терминология: Спорт ойындарының жеке және командалық қозғалыс дағдыларын дамытуға көмектесетіндігі туралы өзінің түсінігін талдап, көрсете алады, Мыналарды қамтиды:
| ||||||||||
Құндылықтарды баулу | Белсенді азаматтық ұстанымы, бір бірін сыйлау. | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дене және денсаулық ғылымдарымен байланыс, қауіпсіздік, салмақ/ағым динамикасы. Информатика (интернеттен ақпарат іздеу), математика (кеңістік, бағыт және бұрыш), биология (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физика (жылдамдық, салмақ, энергия), психология (шағын топтарда жұмыс жасау) пәндерімен байланыс. | ||||||||||
Кілттік дағдылары дамыту | Жұптық және топтық жұмыстар арқылы коммуникативтык дағдыларды дамыту. | ||||||||||
Алдын ала білімі | Оқушылар алдағы сыныптардағы дене тәрбиесі сабағында алынған, сондай-ақ мектептен тыс қызметте игерген спорт ойындарындағы техниканың, тәсілдер мен стратегияның білімдері мен дағдыларын меңгереді. | ||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңі | Сабақта жоспарланған қызмет | Құралдар | |||||||||
Сабақтың басы 15 минут | Мұғалім оқушыларды қарсы алады. Одан әрі мұғалім сабақ тақырыбын және оқыту мақсатын айтады. Тақырыбы: "Ойын жағдайларында техникалық тәсілдерді іске асыру". Мұғалім оқушыларға бағалау критерийлерін қалыптастыруды ұсынады. Мұғалім спорт ойындары бойынша сабақ кезінде (оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі) ҚТ әңгімелейді. (Б,С) Мұғалім ағзаны алдағы физикалық жүктемеге (ОРУ орнында) дайындау үшін жаттығуды өткізеді. (Ж,Ж) Әрі қарай баскетбол доптарымен жүгіру жаттығулар(доп сезіміне жұмыс істеу, жаттығу) өткізіледі. Мұғалім әр оқушыға кері байланыс береді. | Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік. . | |||||||||
Сабақтың ортасы 20 минут | (С,Т,Ж) Мұғалім сыныпты жұптарға (үштіктерге) бөледі. Допты лақтыруды өңдеу: - допты орыннан лақтыру; - допты қозғалыста лақтыру. Қабілетті оқушылар тапсырманы бір-бірінен үлкен қашықтықта және жылдам қарқынмен орындайтын болады.
(ҚБ) Мұғалім оқушылардың жұмысын бақылап, әр жұпқа кері байланыс береді. Тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім әр жұпты өзін-өзі бағалауды сұрайды. Сұрау керек: Тапсырманы орындаған кезде қандай қиындыққа тап болдыңыз? Себетке лақтыру:
| Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік. Мұғалімге ысқырық, уақыт өлшеуіш, фишкалар, баскетбол. Допты сезіну оқыту бейнесіне сілтеме: https://www.sovsport.ru/articles/808590-tehnika-broska-v-basketbole-glavnye-pravila | |||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Сабақ соңында оқушылар рефлексия өткізеді: Сұрау керек: Орындалған жұмысты қалай талдай аласыз? | ||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Сапқа тұру. Мұғалім оқушыларға сабақ тақырыбын және оқыту мақсатын еске салады. (ЖЖ) Әрі қарай ол жүгіру жаттығуларын өткізеді және ЖДЖ на месте. | Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік. Мұғалімге ысқырық. | |||||||||
Сабақтың ортасы 25 минут | (С,Т,Ж) Колоннадағы жұмыс. Допты кейіннен себетке лақтырып жүргізу. Мұғалім неғұрлым қабілетті оқушылардан кем қабілетті оқушылар үшін тәлімгер ретінде әрекет етуді сұрайды.
(ҚБ) Мұғалім оқушылардың жұмысын бақылап, оларға кері байланыс береді. Сұрау керек: Командалық жұмыста коммуникация дағдысы қаншалықты маңызды? "Австралиялық салки"баскетбол ойын элементтерімен қозғалмалы ойын.
Мұғалім тапсырманың орындалуын қадағалайды және кері байланыс береді. Жеңілдетілген ережелерге сәйкес «стритбол» оқу-жаттығу ойыны. (ҚБ) Мұғалім тапсырманың орындалуын қадағалайды және кері байланыс береді. Кейін оқушылардан ойындарды өзара бағалауды сұрайды. | Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік. Мұғалімге ысқырық, уақыт өлшеуіш, фишкалар, баскетбол. Баскетболдағы лақтыру техникасы оқыту бейнесіне сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=GFP7dCcxLUM | |||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Мұғалім оқушыларды "сұрақ – жауап"әдісін қолдана отырып сабақтың рефлексиясын орындауды сұрайды. -Сабақ кезінде не орындалды? Неліктен? - Баскетбол ойынының нақты қимыл әрекеттерін қалай бағалайсыз? | ||||||||||
Дифференциалды оқыту: - көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? -кабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау: – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс: - денсаулық және қауіпсіздік ережелері. - АКТ. - құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||
Тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға кеңес беру арқылы қолдау көрсетуді жоспарлап отырмын. Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырмаларды екі реттен қайталауға ұсынамын. | Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асарамын. Сабақ барысында келесі сөздерді қолданамын: «Жақсы!», «Өте жақсы!», «Тамаша!». Бағалау үшін «Басмармақ» әдісін қолданамын, мысалы: басмармақ жоғары-«жоғары», басбармақ сол жаққа қырымен-«орташа», ал басбармақ төмен көрсетілген-«төмен» деңгейлерді білдіреді. | Коллаборативті орта құру, оқушылардың жас ерешеліктерін ескере отырып тапсырмалар құрастыру, қызмет түрін ауыстыру, кеңес беру. | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
| |||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Белгілер:
С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс Ж = жеке жұмыс
Тәж = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру