Әр түрлі секірулерді түрлендіру. Дене шынықтыру, 9 сынып, дидактикалық материал.


9 класс. Жеңіл атлетика тарауы. Әр түрлі секірулерді түрлендіру тақырыбына дидактикалық материалдар.

Орнынан ұзындыққа секіру жаттығулары.

Бір орында  тұрып ұзындыққа секіру. Бұл секіру жаттығуларында аяқты итеру екі аяқпен бір уақытта орындалады. Секіру техникасы: Тік тұру, аяқ қатар қойылған; аяқтың ұшына көтерілу, бір уақытта қолды алға жоғары көтеру; бірден төмен, алға жоғары, қол қимылдарын жасау, екі аяқпен бірге алға қарай итерілу. Серпілу барысында аяқ алға қойылады, жерге түсу барысында аяқ бүгіліп түседі, қол алда.

Орындықтан секіру жаттығулары.

Оң және сол аяқпен гимнастикалық орындықтан екі жағына секіру.

Аяқтардың арасын ашып тізені жоғары көтеріп секіру

Өкшені көтеріп табанды бір-біріне тигізу

Екі аяқты біріктіріп орындықтың екі жағына секіру

Кедергілерден секіру жаттығулары.

Кедергі арқылы жүгіріп өту

Екі аяқпен секіріп өту

Бір жанымен секріп өту

Аяқты кезектестіріп көтеру арқылы секіріп өту

Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру.Ұзындыққа екпіндеп секіру төрт сатыға бөлінеді:Екпін. Екпін керекті жылдамдықты жинап алу үшін қажет. Екпін алғаннан кейін секіруші жүгіріп жылдамдық алады. Мұндағы жүгіру адымдық жүгіру деп аталады. Секіруші өзінің әр жүгіру адымын, қозғалысын қадағалау керек және жүіріп келе жатып оң, солға қозғалмай түзу жүгіру керек, адымы өте кең болу керек.Итерілу. Итерілуге жақындағанда секіруші соңғы 3-4 адымдық жылдамдығын көбейту керек. Белгіленген сызыққа келгенде секіруші сызықтан аспай бар екпінмен жерге түсу үшін ұшады. Ұшу. Секіруші белгіленген сызықтан екпін алып секіргеннен кейін ұшу кезеңі басталады. Ұшу кезінде секіруші өзін бір қалыпта ұстап, мүмкіндігінше алысқа жерге түсудің тәсілдерін орындайды.Ұшу кезеңінде тәсілдерді үш түрге бөліп қарауға болады:1)ұшу кезінде бір аяқты бүгу;2) ұшу кезінде екі аяқты бүгу;3) ұшу кезінде екі аяқты қайшыландыру, яғни ұшып бара жатқанда екі аяқты ауада кезек-кезек сермеу.Ұшу кезіндегі тәсілдер -секірушінің қаншалықты ұзындыққа секіретінін көрсететін шешуші тәсілдер.

Жерге түсу. Бұл секірудегі соңғы тәсіл, секірушінің қанша ұзындыққа секіргенін көрсетеді. Жерге түсу кезінде екі аяқтың тізесін жазады, иықты, кеудені алдыға қарай бүгіп, екі қолды төмен немесе алға жібереді. Секіруді дамытуға арналған эстафета. «Кім алысқа секіреді?»Шарты: 2 топ оқушылары кезекпе-кезек бір орында тұрып, ұзындыққа секіреді. Әр оқушының секірген ұзындықтарын бормен белгілеп, соңғы оқушы секіргеннен кейін әр топтағы барлық оқушының ұзындыққа секірген өлшемдері қосылады. Қай топтың ұзындыққа секірген өлшемі көп, сол топ жеңіске жетеді.Дескриптор арқылы бағалау жүргізу.1.Ұзындыққа секіру техникаларын қолданып, ретімен орындай ала алады.Жүгіріп келіп секірудің 4 фазасын меңгере білді. Өз қабілетін жоғары деңгейде көрсетті.2. Жүгіріп келіп, бір орында тұрып секіру техникасын түсінді. Жаттығу барысында ретімен қолдана алды. Секіруді жақсы орындай білді.3. Ұзындыққа секіру түрлерін біліп, ажырата алды. Секіру техникасымен танысып, қолдануы туралы айтты. Жүгіріп келіп секіруді, бір орында тұрып секіруді орындауға тырысты.Оқушылар жаңа тақырыпты практика жүзінде орындап көрсете алады.

Сабақты қорытындылау.

Оқушымен кері байланыс - Секіру техникаларын қолданып, ретімен орындайды.Жүгіріп келіп секірудің сатыларын орындау барысында қателеспейді.Ұзындыққа секіру әдіс - тәсілдерін толық меңгеріп, тапсырманы жоғары деңгейде орындады.- Қашықтыққа секіру әдістерін толық орындай алмайды.Тапсырма орындау барысында жақсы нәтиже көрсетуге ұмтылады.Оқушының дене қозғалысы орта деңгейде.- Оқушының физикалық деңгейі төмен. Сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін жұмыс жасауды қажет етеді.Икемділік қабілеті әлсіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.