Секіру фазаларын қолдану. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 99 сабақ.


Сабақ жоспары № 99

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8- бөлім Жеңіл атлетика дағдысы арқылы денсаулықты нығайту  Мектеп:

Күні:

Сынып: 8 Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы: Секіру фазаларын қолдану.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.3.1 түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

- қауіпсіздік ережесін біледі;

- секірудің түрлі жаттығуларын іс жүзінде орындай алады;

-секіру жаттығулары денсаулыққа тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіре алады;

 Бағалау критериі

- қауіпсіздік ережесін біледі;

- секірудің түрлі жаттығуларын іс жүзінде орындай алады;

-секіру жаттығулары денсаулыққа тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіре алады;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

жүгіру, секіру және лақтыруда қажетті дағдыларды сипаттай, талқылай және көрсете алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • ұзақ жүктеме кезінде бақылау және қауіпсіздік
  • күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік
  • есепті уақыт, нақты уақыт
  • қадам, қозғалыс
  • екпін алу, ұшу және қону
  • лақтыру кезіндегі дәлдік
  • физикалық белсенділік
  • төменгі және жоғарғы сөре
  • арақашықтықта жүгіру

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар

Дене жүктемесі сіздің денсаулығыңызға қалай әсер етеді?

Секіру кезінде қандай қиындықтарға тап болдыңыз?

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар эстафеталық ойын кезінде қарсыласына құрмет көрсете алады.

Пәнаралық байланыстар

Физика пәнімен байланыс.

АКТ қолдану дағдылары

Сілтеме::

http://www.gomelscouts.com/pryzhkovaya-estafeta.html

Бастапқы білім

Жеңіл атлетика бойынша тәжірибелік білімдері мен денсаулық бойынша түсініктері бар.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7

7-8

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Күтілетін нәтижелер:

- Оқушылар тәжірибе алмасуға және мәселелерді шеше алады.

- секіру жаттығулары белсенді және салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дамытуға назар аударып, жеңіл атлетикада жалпы дағдыларды (жүгіру, секіру, лақтыру) дамытады.

II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

(Ж) « Ақылды доп » стратегиясы.

Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту.

Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

ЖДЖ қозғалыста және бір орында.

«Қала ішіндегі қала» ойыны.

Допты «қабылдау-пас-соққы» тізбегі команданы шабуылдаушы соққысын көрсету

Оқушыларды екі топқа бөлу «Қала ішіндегі қала» ойынын ойнау. Допты «қабылдау-пас-соққы» тізбегі команданы шабуылдаушы соққысын көрсету. Үш өлшемді кеңістік өзгерістерін қолдану не динамиканы сәйкестендіру шығармашылық тәсілдегі алуан түрлілікті жеңілдетеді. Әр топ өздерінің топ басшысын тағайындайды. Ойын үлкен немесе кіші аланда ойнатылады. Аланның төрт бұрышына төрт шеңбер қойылады жүгірген ойыншылар шеңберге кіру керек. Ойында бірінші топ аланның ішінде болса екінші топ аланның сыртында берілген допты ұрады да белгіленген шеңберге қарай жүгіреді, аланның ішіндегі топ ойынға қосылған допты алып бір-біріне беру арқылы екінші топтың жүгірген ойыншысына тигізу керек. Егер жүгірген ойыншы шеңберге кірсе доппен ұра алмайды. Ойыншы шеңберден шықса ғана ұрады. Осылайша топтар кезек-кезек ауысып отырады.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Сабақтың ортасы

10-30

(Т, Ж, ҚБ)

Жүгіріп келіп ұзындыққа секірудің көрсеткіштері:

ұлдар – 2,60м. («3») 3,00м. («4»)

3,20м. («5»)қыздар – 2,20м. («3») 2,60м. («4»)

2,80м. («5»)

1-топ ұзындыққа секіру тәсілдерін үйреніп жатқанда, 2-топ секіртпе жіппен секіреді.

Эстафета. «Кім алысқа секіреді?»

Шарты:2 топ оқушылары кезекпе-кезек бір орында тұрып, ұзындыққа секіреді. Әроқушының секірген ұзындықтарын бормен белгілеп, соңғы оқушы секіргеннен кейін әр топтағы барлық оқушының ұзындыққа секірген өлшемдері қосылады. Қай топтың ұзындыққа секірген өлшемі көп, сол топ жеңіске жетеді.

Дескриптор

- қауіпсізідк ережесін сақтайды;

– секіру тапсырмаларын құрастырады;

– секіру кезінде қолдың серпілу қимылын дұрыс орындайды;

-секіру қимылдарын орындай алады;

Саралау жүзеге асырылады.

а) физиологиялық сипаттамаларға:

  - ұлдар жоғары жүктеме жасайды;

- қыздар аз жұмыс істейді;

б) физикалық қабілеттерге:

- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;

- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.

Бағалау: оқушылар өзін өзі бағалау.

Талдаңыз:

Дене жүктемесі сіздің денсаулығыңызға қалай әсер етеді?

Секірудің қандай түрі сіз үшін қиындық тудырады.?

Үлкен бос кеңістік, ысқырық, уақыт өлшеуіш , керекті құрал-жабдықтар.

Сілтеме::

http://www.gomelscouts.com/pryzhkovaya-estafeta.html

Үлкен бос кеңістік, ысқырық, уақыт өлшеуіш, картон, кедергілер

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «табыс критериі » әдісі ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын орындайды. (жалпы дамытушы жаттығулар),

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.
  • Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.
  • Байқау, тыңдау, сұрақ қою.
  • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?
  • Оқушылар дескриптор арқылы бірін бірі бағалайды.
  • Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.