Ойындағы шығармашылық белсенділік. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 88 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №88

Сабақ тақырыбы: Ойындағы шығармашылық белсенділік

Оқу мақсаты :

8.1.5.1 кең ауқымдағы дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын анықтау және бағалай білу;

8.2.8.1 түрлі қимыл-қозғалыс негіздерінен туындаған рөлдерді көрсету және салыстыра білу;

8.1.6.1 қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қиындықтарды жеңу және жауап қайтара білу дағдыларын жақсарта білу;

Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.

Күтілетін нәтижелер:

-оқушылар ойын тактикасында проблемаларды шешу кезінде қолданылатын тактикалар туралы білімдерін жетілдіреді.

- шабуылдағы үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсету кезінде жеке және жұптық тапсырмаларды қолданады.

- шабуыл және қорғаныс жасау кезіндегі әдістерді бекіту үшін қолданады.

–ойын белсенділігіне және стратегиясына талдау жасап, ойындардағы шығармашылық белсенділігін дамытады.

Сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салыңыз.

« Көңіл күй таразысы» стратегиясы .

Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту.

Шабуыл жасаушы ойыншы шабуылды қарсыласына шамасы жетпейді. Осы уақытта сандық басымдылық керек болады. Мұндай кездің көптен кездесуі маневр деп аталады және жоғары класты командалар ойын негізінде өте қажетті атрибут болып табылады.

  1.Жүгіріп өту. Ойыншылардың екі тобы жиналады. Олар кездеспелі колонна түзеді. Қашықтық 8-10м. Басты ойыншы қарсы допқа допты аяқпен соғып бағыттайды даөзі колонна соңына барып тұрады. Бұл жаттығуды эстафета түрінде жүргізе беруге болады. Әр ойыншы үш реттен орындайды.

  2.Үшбұрыш. үш ойыншы жаттығады. Олар 8м үшбұрыш түзе орналасады. Әріптестер допты бір-біріне кезекпен бағыттайды. Бағыты сағат тіліне қарама-қарсы.

  3.Зонадан шығу. Алаңда үшбұрыш тәрізді зона сызылады. Жоғары бұрышта жүргізуші ойыншы Б орналасады. Ол допты А ойыншыдан өткізіп В ойыншыға бағыттап отырады. Бірақ ол сызылған аумақтаншықпау керек. Период бойынша орын алмасады.

  4.Номер ретімен. Шектелген бөлімшеде жаттығушылар жаттығады. Әрқайсысына реттік номері беріледі. Ойыншылар оны естеріне сақтайды. Олар реттері бойынша бір-біріне допты беру керек. Соңғысы қайтадан біріншіге береді. Қате жіберген ойыншыға айып салынады.

  5.Допқа таласу. Алаңда 15х15м алаңша сызылады. Мұнда 6 ойыншы орналасады. Оның екеуі жүргізуші болып табылады. Қалғандары допты сырқа шығармай, жүргізушіге кездестірмей бір-біріне бағыттайды. Қате жіберген ойыншы жүргізушінің бірі болады.

  6.Ашыл. алаңда 20х15 алаңша сызылады. Жалаушадан сызық бойына 4 қақпа орналастырады.

  Әр командада 4 ойыншыдан. Олардың екеуі қақпашы ойынды бастаған топ қарсыластарына доп соғуға ұмтылады. Бұл тек қана ашылу шартында орындалады.

  7.Аумақтан – аумаққа. Алаңда 15х40 алаңша белгіленеді. Ол үш аумаққа белгіленеді. Үш команда ойнайды. Әр командада Б ойыншы 1 қақпашы. Қорғаушы шабуыл аумағында екі шабуылшы. Ойыншылардың бір аумақтан екінші аумаққа өтуіне болмайды. Шабуылшы командаларды көршілес аумаққа дәл бағыттау. Бума қарасында пас беруге болмайды. Осылайша бұл жаттығу ойыншының активті түрде қимыл жасауына септігін тигізеді.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.