Ойындағы шығармашылық белсенділік. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 89 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық №89
Сабақ тақырыбы: Ойындағы шығармашылық белсенділік
Оқу мақсаты
8.1.5.1 кең ауқымдағы дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын анықтау және бағалай білу;
8.2.8.1 түрлі қимыл-қозғалыс негіздерінен туындаған рөлдерді көрсету және салыстыра білу;
8.1.6.1 қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қиындықтарды жеңу және жауап қайтара білу дағдыларын жақсарта білу;
Бағалау критериі:
- қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қиындықтарды жеңеді
-шабуыл кезінде туындаған қиындықтарға жауап қайтара білу дағдыларын жақсарта біледі;
- ойын тактикасы кезінде қимыл-қозғалыс негіздерінен туындаған рөлдерді көрсете алады;
Оқушыларды қауіпсізідік ережесіиен таныстырыңыз.
Бұл тапсырмада сынып 4 командаға бөліңіз. Екі команда футбол алаңының бір жартысында, қалған екеуі екінші жартысында ойнайды. Әр ойын алаңында бір команда – шабуылшы, екіншісі – қорғаушы. Ортадағы сызықтан ойынды бастаған шабуылшылар допты қақпаға салуға тырысады. Қорғаушылар бұған жол бермеуге жұмыстанады. Шабуыл уақытын шектеуге болады, мысалы 3 минутқа, одан кейін доп қарсылас командаға беріліп, командалар орындарымен ауысады. Егер командалар қақпаға допты тепсе, оларға бір ұпай беріледі, егер қақпаға сала алса, 3 ұпай беріледі. Шабуылдан кейін командалар орындарымен ауысады. Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.
Техникалық қабылдауларда оқыту практикада келесі түрде күрделеніледі. Алдымен аяқпен допқа соққы беру және допты тоқтатумен танысады. Осы қабылдауды жүзеге асырып меңгерген соң 3х3, 4х4, 5х5, 6х6 ойындарына қатысуға болады. Әрі қарай үйренілген қабылдаулар негізінде әр түрлі техникалық қабылдауларды уйренуге кіріседі.
Техникалық қабылдауларды меңгермеген ойыншы футбол ойнауға жіберілмеуі керек.
Алдымен, бар күшімен әдіс үйренуге кіріседі. Баспен соққы беруде әлсіз жел берілген допты қолдану керек.
Оқытылып отырған техникалық қабылдаулардың дұрыс орындалуын қамтамасыз ету үшін, қозғалыстың әрбір деталін білу қажет.
Табанмен допты тебуде соққы беретін аяқ табаны жанына бұрылып тұру қажет. Табанның ішкі жағымен берілген соққы табысты болып табылады. Бұл соққылар күшті емес, бірақ дәлдігімен ерекшеленеді. Қабылдаулармен танысқаннан кейін оны практикада жасап көрумен аяқталады.
Техникалық қабылдаулар бірыңғай жинақы және дара әдістер көмегімен жүзеге асырылады.
Қабылдауларды оқытуда жетекші әдіс болып табылады. Ал оқытуда күрделі қабылдауларды үйретуде, мысалы, аяқпен допқа соққы беру, баспен соққы беру, ұшып келе жатқан допты қағу және қайтару т.б.қабылдауларды үйренуде дара әдістерді қолдану керек болады. Бұл жас футболшылар элементарлы қабылдаулардан біртіндеп күрделене беретін қабылдауларды меңгеруіне септігін тигізеді. Дара әдістерді қабылдау негізінде қателіктер жіберілуі мүмкін. Бұл жағдайда әрбір қабылдаудың қимылдарын жеке-жеке үйрену қажет.
Техникалық қабылдаулардың күрделілігін үйретуде алдымен орнында тұрып, сосын қимылмен, қарсыласпен пассивті, қарсыласпен активті түрде, соңында ойын алаңында жүргізіледі.
Ойыншының қабылдаулары жүзеге асырып көруі уақытпен шектелмейді, әбден жаттығып болған соң, ойын алаңында сыңнан өтеді.
Техникалық қабылдауларды үйрету барысында жаттығушының әрбір уақытта тактикалық есептілігі де қалыптасады. Мұнда келесі тәуелділік орын алады. Ойыншының техникалық қабылдаулары түрлі болған сайын, оның тактикалық потенциалы да көп болады.
Техникалық қабылдауларды бекіту жаттығулар мен қозғалыстарды ойын кезінде жасаумен жүзеге асырылады. Осыған байланысты басты назарда футболшының ойын қимылдарына көңіл бөлу керек.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.