Ойын тактикасы. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 82 сабақ.
Сабақ жоспары № 82
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: 7-бөлім Командалық ойынның негізгі дағдысы Мектеп: | Күні: Сынып: 8 Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сабақ тақырыбы: Ойын тактикасы | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.2.4.1 дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді қолдану және талқылай білу | |||||
Сабақ мақсаттары | - қауіпсіздік ережесін біледі; -ойын тактиксының балама түрін құрастыра алады; -ойын кезінде құрылымдық тәсілдерді қолданып талқылай алады; | |||||
Бағалау критериі | - дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыра алады -ойын тактикасы кезінде балама түрлерін құруға қажет ережелер құрастыра алады; -құрылымдық тәсілдерді қолданып оны талқылай біледі; | |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Командалық ойында қажет болатын дағдыларды талқылау Пәнге тән лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Талқылау үшін сұрақтар Бұл тапсырманы орындау кезінде қандай қозғалыс машықтары дамиды? Сіз ойында қолданған тактика мен стратегия нәтижелі болды ма? | |||||
Құндылықтарды дарыту | (Өмір бойы үздіксіз білім алу) Оқуға деген сүйіспеншілікті білуге құмарлық, шығамашылық пен оқылатын материалға сыни қарау, қарым-қатынас пен мінезді, денені және ақыл-ойды үздіксіз дамыту арқылы бойға сіңіру. Оқушылардың өз бетімен оқуға болысатын дағдылары мен қабілеттерін дамытуды қамтиды. (Ынтымақтастық) Жылы қарым-қатынасты орнату, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру мен құрылымдық ұстанымды дамыту, қарым-қатынас орнату кезіндегі сыни ойлау қабілеті. (Академиялық шындық) Басқа адамдардың ойлары мен идеяларын құрметтеу, академиялық шындықтың ұстанымдарын сақтау, плагиатқа және ақпараттың көзін көрсетпеуге төзбеушілік. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Биология пәнімен байланыс. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Ғаламтор ресурсына сілтеме: Қозғалмалы ойындардағы футбол элементері | |||||
Бастапқы білім | Оқушылар командалық және жеке ойынды бағалайды. Әсіресе, тиімді ойын үшін тактикалар мен стратегиялар әзірлеуге назар аударады. | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-7 7-8 | Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз». Мұғалім Сіздер үшін денсаулық ұғымы нені білдіреді деп сұрақ қояды. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады. Күтілетін нәтижелер: -оқушылар проблемаларды шешу кезінде қолданылатын тактикалар туралы білімдерін жетілдіреді. -мақсатқа жету үшін мұғалім жеке және жұптық тапсырмаларды қолданады. - Спорттық ойындар және эстафеталар тактикаларды, шабуыл және қорғаныс жасау кезіндегі әдістерді бекіту үшін қолданылады. –Оқушылар ойынның тактикасы мен стратегиясына талдау жасап, ойындардағы шығармашылық белсенділігін дамытады. II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады. (Ж) «Ақылды доп » стратегиясы өткізеді. Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту. Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды. Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады. Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз? | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық Ғаламтор ресурсына сілтеме: Футбол добының жүргізу қауіпсіздік ережесі: https://vzsf.ru/tehnika/tehnika-vedeniya-myacha/
| ||||
Сабақтың ортасы 10-30 | (Т, Ж, ҚБ) «Футбол элементін қамтитын эстафета». Сынып екі командаға бөлініп, қарама-қарсы қақпаға қарап сапқа тұрады. Команданың бірінші нөмірлерінің алдында футбол добы болады. Мұғалімнің белгісі бойынша бірінші нөмірлі ойыншылар допты аяғымен қақпаға қарай алып келеді де, оны айып алаңнан қақпаға теуіп, оны өз командасына қарай кері алып кетеді. Өз командасына жеткен кезде оны екінші нөмірлі ойыншыға беріп, өзі саптың соңына тұрады. Қарсылас командаға көп доп салған және эстафетаны бірінші аяқтаған команда жеңімпаз болады. Сұраңыз Бұл тапсырма қандай физикалық қасиеттерді дамытады? Бұл тапсырманы орындау кезінде қандай қиындықтар туындады. Дескриптор -қауіпсіздік ережесін сақтайды. -допты алып жүреді . -допты қақпаға тебеді. -өз командасына жеңіс алып келеді. Оқушылар допты алып жұру техникасын жақсартады.
Ойын нәтижесіне оқушылармен бірге талдау жасаңыз. Оқушыларға ойын ережесін өздерінше жасауды ұсыныңыз Саралау жүзеге асырылады. а) физиологиялық сипаттамаларға: - ұлдар жоғары жүктеме жасайды; - қыздар аз жұмыс істейді; б) физикалық қабілеттерге: - оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады; - Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді. Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізуді ұсынады. Мұғалім сұрақ қояды: Командалық ойында ойыншылардың машықтарын қалай дамыту керек? Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді. Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады. Сабақ соңында оқушылардың қажеттіліктеріне қарай екі жақты ойын ұйымдастыру. | Әрбір әрекет үшін кең, бос кеңістік, ысқырық, секундомер, бор. Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік, футбол добы, ысқырғыш, конустар, қақпа. Ғаламтор ресурсына сілтеме: Қозғалмалы ойындардағы футбол элементері | ||||
Сабақтың соңы 35-40 | Рефлексия: Оқушылар рефлексиялық карточка толтырады. Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары. Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды). Мұғалім үй жұмысын береді: - пән терминологиясын жаттау; - таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу. Оқушылар тамырдың ырғағын санайды. | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық
| ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
|
|
| ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.