Доппен ойналатын ойындар. Дене шынықтыру, 7 сынып, сабақ жоспары.
Дене шынықтыру пәні бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары № | |
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: Петропавл қаласы ХББ НЗМ 6-бөлім: Командалық ойындардағы бірлескен оқу. Күні:
Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: 7 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақтың тақырыбы: | Доппен ойналатын ойындар. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.2.4.1. Әділ ойындағы патриоттық сезімді көрсететін мінез құлықты түсіну және қолдану. |
Сабақ мақсаттары | Әр-түрлі тактика мен стратегияларды көрсету, түсіндіру және үйрету; |
Бағалау критерийлері |
|
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: командалық ойындардағы қарым-қатынас дағдыларын сипаттай, талқылай және көрсете алады. Пән лексикасы және терминология: Мыналарды қамтиды:
|
Құндылықтарға баулу | Азаматтық белсенді позицясы және отанды сүю. |
Пәнаралық байланыстар | Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы. |
Кілттік дағдыларды дамыту | Әр оқушы жұмысын орындағаннан кейін, анализ өткізіп, зерттеу дағдысын дамытады. |
Алдын ала білімі | Оқушылардың алдыңғы сабақтардан және мектептен тыс қызметтен алған командалық ойындар туралы білімдері мен дағдылары бар. | ||
Сабақтың барысы | |||
Жоспарланған сабақ кезеңі | Сабақта жоспарланған қызмет | Құралдар | |
Сабақтың басы 10 минут | (C,К) Мұғалім оқушылармен амандасады. Содан кейін стритбол туралы мәліметтерді сұрайды. Сүрақтар:
Мұғалім оқу мақсаттары мен жетістік критерийлерін оқушылардың өздері құрып, дайын нұсқамен салыстыруларын ұсынады. Осыдан сабақтың жетістік критерийлері шығарылады. Оқушылармен сабақтың тақырыбын анықтайды «Спорт түрлерінен қозғалмалы ойындар». Сабақтың басында ерекше көңіл бөліну керек: - оқушылардың зейінін қоюына; - оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтауға/ОМ - оқушылармен сабақтың соңына күтілетін нәтижені анықтау. (С) Оқушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды. (ЖЖ) Оқушылар арнайы жаттығулар орындайды. | Үлкен бос кеңістік. | |
Сабақтың ортасы
| Одан соң мұғалім оқушыларға ноутбук таратады. Оқушылар 3 топқа бөлініп интернет арқылы стритбол ойынының ережелерімен танысады. Сұраңыз: Стритбол ойыны туралы не түсінді? Не біледі? Бір біріне айтып талдайды Допты екі адым жасап торға лақтыру. Оқушылар екі тізбекке тұрып, допты еденге соғып, торға жүгіріп, екі адым жасап секіріп допты торға салады. Тапсырмаға дескрипторлар:
(С, Т, ҚБ) «Стритбол ойыны» Команда үш ойыншыға бөлінеді: шабуылдаушылар мен қорғаушылар. Әр қалқанның тұсында ойын жүргізіледі: бір команданың үш ойыншысы допты сақинаға лақтыруға, ал екінші команданың үш ойыншысы допты ұстап алып, оны шеңберге лақтыруларына кедергі келтіруге тырысады. Қай ойыншы допты жоғалтса, сол ойыншы сызықтың сыртына шығып, допты лақтыруды жүргізеді. Ойын барысында қорғаушылар шабуылдаушылармен орын ауыстырады. Нақты бір уақыт ішінде допты бірнеше рет лақтырған команда жеңіске жетеді. Тапсырмаға дескрипторлар:
Мұғалім әр топқа басқа топтарды бағалғуды ұсынады. Одан соң оқұшылар жұп жұпқа бөлініп нығыздалған доптармен әртүрлі ЖДДЖ орындайды. Кейін мұғалім әрбір оқушыны орындаған тапсырмаларын талдауға шақырады (Не жасалды? Не жасалмады? Неліктен? Не кедергі болды? Тапсырманы орындағанда қандай көмек болды?) (ҚБ) Мұғалім әр оқушыны диалогтық әдіс арқылы бағалайды. | Спортзал алаңы. Ысқырғыш, баскетбол доптары. Бейне баянға сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=FACIs4NAlp4 | |
Сабақтың соңы 10 минут | Сабақтың соңында оқушылар рефлексия өткізеді:
| Стикерлер, маркерлер, қаламдар. | |
Саралап оқыту - көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау: – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс: - денсаулық және қауіпсіздік ережелері. - АКТ. - құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |
Шеңбердің сыртындағы оқушыларға допты бірден екі қолмен жоғарыдан, төменнен қабылдап қайтаруды орындай алмаса, қағып алып, лақтыру арқылы орындатуды жоспарлап отырмын. Қабілеті жоғары оқушыларға ойын кезінде допты тек төменнен қабылдап, қайтаруды ұсынамын.ұсынамын. | Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады. Мұғалім келесі сөздерді қолданады: «Жақсы!», «Тамаша!», «Мұқияттырақ!», «Жинал!», «Сен бұдан да жақсы орындай аласың!» Келесі сұрақтар қойылады: Сіздер физикалық денсаулықты нығайтуға арналған қандай жаттығуларды білесіңдер және қолдана аласыңдар? Сабақтарда қауіпсіздік ережелері қандай? | Коллаборативті орта құру, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып тапсырмалар құрастыру, қызмет түрін ауыстыру, кеңес беру. | |
Сабақ бойынша рефлексия
| |||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||
Белгілер:
С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс
Ж = жеке жұмыс Тәж. = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.