Зияткерлік ойындар. Дене шынықтыру, 7 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-тарау: Қазақ ұлттық және зияткерлік ойындары | Мектеп: | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Сынып: 7 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Зияткерлік ойындар | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.6 Жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін білу | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары | 7.2.6.6 Жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін қолдана білу | ||||||||||||
Жетістік критерийлері | Тоғызқұмалақ зияткерлік ойынында 5 стратегияны анықтап, қолдана отырып, жақсарту үшін жеке жоспарларың жазады. | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: қазақ ұлттық ойныдарындағы өздерінің қозғалыс дағдыларын және стратегиялық ойлауын талқылай, салыстыра және талдай алады. Мыналарды қамтиды : •ұлттық, зияткерлік •стратегия, тактика, жүріс •«Тоғызқұмалақ» (құмалақ, тұздық, отау, атсырау), «шахматтар», •рөлдер: ойыншы, төреші •команда, қарсылас, шабуылдау, қорғаныс •ережелер, бағалау, адал ойын •«Белбеусоқ» •«Соқыртеке» | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Бұл бөлімде оқушылар дәстүрлі қазақ ойындарындағы бірқатар стратегиялар мен тактикаларды оқып, жетілдіреді, сондай-ақ дәстүрлі қазақ ойындарының ережелерін, тактикаларын зерделейді. Оқушыларға әр түрлі рөлдерді кезек-кезен орындап, ойынды таңдау ұсынылады. Оқушылар адал ойын үлгілері мен бірлескен жұмыс дағдыларын талдайды және бағалайды. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Ойын кезінде физикалық есептеуілерді қолдану | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интернет ресурстарын пайдалану. | ||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар алдыңғы сыныптарда және тарауларда, сондай-ақ үйле және/немесе сыныптан тыс сабақтар аясында оқу кезеңінде жалпы шеберлік пен стратегиялық түсінікке қол жеткізген әр түрлі қазақ ұлттық ойындарында тәжірибені меңгерген. | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет. | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы | Сәлемдесу,оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру, жүрек қағысын(пульсін) тексеру. Сабақтың мақсатын түсіндіру . Оқушыларды суреттер құрастыру арқылы топтарға бөлу. Әр топ өз беттерінше жалпы дене жаттығуын жасайды. | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық | |||||||||||
Сабақтың ортасы
| «Тоғызқұмалақ» ойынындағы негізгі ережелерді қарастырыңыз. Ойынның мақсаты – ойыншы өз серіктесіндегі 81 тастан көбірек жеңу екендігін түсіндіріңіз. Ойыннан кейін олар пайдаланылған тактиканы және ойынды жақсарту бойынша стратегияларды талқылайды. Топ қатысушыларына өзінің ойыншысына көмектесулеріне болады. | Үлкен бос ойын кеңістігі Тоғызқұмалақ тақтайы және пішіндері (жұпқа). Ойын ережелері бойынша ақпарат: http://en.wikipedia.org/wiki/Toguz_korgool | |||||||||||
Сабақтың соңы | Құрал-жабдықтарды тиісті орындарына қою. Бүгінгі өтілген сабаққа рефлексия жазу. Көкіректі кере демді реттеу. Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады | Үлкен, таза алаң. | |||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.