Жүгіру, секіру реттілігі. Дене шынықтыру, 6 сынып, дидактикалық материал. 2 сабақ.


Дидактикалық материал 6 сынып

Жеңіл атлетика

  • Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резина аяқ киім қию керек.
  • Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып кілт тоқтауға болмайды.
  • Ойлы-қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешік т.б.) аспай-саспай өтуді есте сақтаған жөн.
  • Жүгіру, секіру, лақтыру алаңдарын көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.
  • Тырма мен күректі сабақ өтетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі т.б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) қаратып қоюға болмайды.
  • Спорт құралдарын (граната, диск, найза т.б) лақтырғанда, лақтыру бағытында адамның болмауын қарап, бақылап алу қажет.
  • Ұзындыққа , биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды майдалап, қопсытып алу керек.
  • Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.
  • Лақтырған ядроны қағып алуға болмайды және ядроны лақтырар кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.
  • Жауын-шашында күндері лақтыратын құрал-жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану керек.

Жеңіл атлетиканың түрлері мен тарихи дамуына сипаттама Қазақстандағы жеңіл атлетиканың даму тарихы

            Қазақстанда жеңіл атлетика үйірмесі 1916 жылы Шығыс Қазақстандағы Семей қаласында құрылып,  жұмысын  бастаған  еді.  Бірақ,  ол  Азамат  соғысы  жылдарында  тарап  кетіп,  тек  1930 жылы  ғана  қайта  қолға  алынды.  Совет  өкіметі  өзінің  алғашқы  күндерінен  бастап-ақ  жастар арасында дене тəрбиесінің өсуіне ат салыса бастады. Мұндай игілікті жаңадан өрістеу ісі оңайға түскен жоқ. Кейбір документтердің айтуына қарағанда, Қазақстанда Совет өкіметінің алғашқы күндерінен бастап-ақ ұлт спортынан үйірмелердің жұмыс істегенін байқау қиын емес.  В.И.Лениннің  нұсқауымен  1918  жылы  22  сəуірде  «жаппай    əскери  оқыту  жүйесі» құрылды. Бұл ұйымның міндеті қызыл Армия қатарына қосылған жастарға əскери тəрбие беру еді.  Осы  жылдарыақ  əскери  дайындық  оқу  мектеп  оқушыларының  да  бағдарламасына  кірді.  Осылай  жаппай  орта  білім  беру  əскери-патриоттық  жəне  дене  тəрбиесін  беру  жүйесі біріктірілді.  1920  жылы  өткен  Бірінші  бүкілодақтық  спартакиада,  дене  тəрбиесі  мен  спорт жұмысының  елімізде  күннен-күнге  қанат  жайып  өсіп  келе  жатқанының  айғағы  болды.  Бұған спорттың  21  түрінен  7000  спортшы  қатысты.  Сол  1928  жылы  Петропавл  қаласында Қазақстанның  бірінші  спартакиадасы  өтті.  Оған  200-ден  астам  спортшылар    қатысты. Спартакиада халықтың дене шынықтыру мен спортқа деген ынта ықыласын айқындап берді. Қазақстаннан  Олимпиадалық  ойындарға  жеңіл  атлетика  бойынша  3000  м.  қашықтыққа кедергілі жүгіруден бірінші болып Евгений Кадяйкин қатысты. Одан кейін Рип Олимпиадасына əйгілі  қазақстан  спринтері  Ғұсман  Қосанов  үлкен  жетістікке  жетті.  Ол  өзінің  командалас тобымен  күміс  медальді  жеңіп  алды.  Содан  4  жыл  өткеннен  кейін  ол  Токио  Олимпиадасында атақты желаяқтардың бірі Əмин Тұяқовпен бірге жақсы өнер көрсетті. Ғұсман Қосанов – жеңіл атлетикадан  ҚСРО-ның  еңбек  сіңірген  спорт  шебері,  Европаның  бірнеше  дүркін  жəне Олимпиадалық ойындардың əр жылдарындағы чемпионы жəне жүлдегері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Əмин Тұяқов жеңіл атлетикадан – ҚСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері,  Европаның  бірнеше  дүркін  чемпионы  жəне  жүлдегері,      Қазақстанның  еңбек сіңіргенжаттықтырушысы.  Жеңіл  атлетикадан  (200  метрге  жүгіру)  Əмин  Тұяқов,  Бекен  Күреңкеев  (1500-3000  м.) спартакиаданың алтын медальдарын жеңіп алды. Қазақстандықтар арасында Олимпиадалық бірінші алтын медальды Владимир Муравьев жеңіп  алды.  Сол  Мəскеу  Олимпиадасында  Татьяна  Песавая  үлкен  жеңіске  жетті.  Биіктікке секіруден  Сергей  Кулибаба  2  орын  алды.  1988  жылы  Сеулде  биіктікке  секіруден  Григорий Егоров қола медальға  ие болды. Ольга Шишигина Сидней Олимпиадасында жеңімпаз атанды. Ал  1953  жылы  тұңғыш  рет  қазақстандық  жеңіл  атлетика  спортшысы  Владимир  Руцкий  ҚСРО құрама  командасына  енді.  Қазақстандық  спорт  шеберлері  Е.Кадяйкин,  Ғ.Қосанов,  Ə.Тұяқов, В.Совешков,  А.Голомазова  жəне  Л.Микитенко  Олимпиада  ойындарына  қатысты,  бірнеше дүркін  Совет  одағының  чемпиондары  атанды.  В.Солдатенко  Еворпа  чемпионы  атағын  жеңіп алды. Бұл 1971 ж. Хельсинкиде болды.  

ОҚУШЫЛАРҒА СПОРТ ЗАЛЫНДАҒЫ

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ БОЙЫНША НҰСҚАУ

I.Жалпы қауіпсіздік ережелері

1.Бұл нұсқауды сақтау спорт залында дайындалатын барлық оқушылар үшін міндетті.

2.Дене шынықтыру сабағына дәрігерлік тексеруден және қауіпсіздік техникасы нұсқамалығынан өткен оқушылар жіберіледі.

3.Спорт залында тек спорт киімі мен табаны таймайтын аяқкиімде ғана дайындалуға болады.

4.Спорт залына сырт киіммен кіруге болмайды .

5.Жеке гигиена талаптарын сақтау керек (дене таза болуы,тырнақ қысқа етіп алынуы тиіс).

6.Спорт залына портфель мен сөмке алып кіруге болмайды.

7.Спорт залындағы жарақат алу қаупі:

-электр жарығын қосқан кезде (электр тогынан зақымдану );

-ҚТ сақтамаудан (қолдарды,буындарды жарақаттау,соғып алу);

-бұзық немесе даындалмаған спорт снарядтарында жұмыс істеу кезінде.

8.Сүлгі мен сабын салынған жеке дорбаша болуы тиіс.

II.Сабақ басталар алдындағы қауіпсіздік талаптары

1.Спорт киімнін киім шешетін орында ауыстырып кию керек.

2.Мұғалімнің рұқсатынсыз немесе кезекшінің бұйрығынсыз спорт залына кіруге болмайды.

3.Спорт залына сабырмен,асықпай,тәртіп пен реттілікті сақтап кіреді.

4.Электр жарығын өз бетінше қосуға болмайды.

5.Мұғалім рұқсат бермей тұрып желдету үшін есікті ашуға болмайды.

6.Мұғалімнің нұсқауынсыз спорт құралдары мен снарядтарының орындарын ауыстыруға болмайды.

7.Осы сабаққа арналған ҚТ бойынша нұсқамалықты мұқият тыңдау керек.

III.Сабақ кезіндегі қауіпсіздік талаптары

1.Мұғалімнің бұйрығынсыз жаттығуларды және оқу тапсырмаларын орындауға кірісуге болмайды.

2.Төсеніш төселмеген жағдайда спорттық снарядтарда жаттығу орындауға болмайды.

3.Снарядтарда жұмыс істердің алдында оларды құрғақ,таза шүберекпен сүртіп алу керек.

4.Жаттығуларды орындау кезінде бір-біріңе сақтық етуді естеріңнен шығармаңдар.

5.Доптарды бір-біріне қарма-қарсы лақтыруға болмайды,жұп-жұп болып жұмыс істегінде бір ғана доп болуы тиіс.

6.Мұғалімнің тапсырмасында көрсетілмеген жаттығуларды орындамаңдар.

7.Сабақта тәртіп пен реттілікті сақтаңдар.

8.Сабақтан мұғалімнің рұқсатынсыз кетпеңдер.

9. Жаттығу жасар алдында снарядқа жақын тұрған оқұшының жоқтығына көз жеткізіп алыңдар.

IV.Апатты жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары

1.Өз-өзіңді нашар сезінген жағдайда сабақты тоқтатып,бұл туралы мұғалімге хабарлау керек.

2.Жарақат алған жағдайда мұғалімге хабарлаңдар,ол сендерге алғашқы көмек көрсетеді.

3.Кабинетте апатты жағдай орын алғанда,өрт шыға қалған жағдайда мұғалімнің нұсқауымен ұйымдасқан түрде,жылдам,абыржымай,спорт залын тастап шығыңдар.

V.Сабақ біткеннен кейінгі қауіпсіздік талаптары

1.Спорт залынан мұғалімнің командасымен,асығып-үсікпей,сабырмен шығыңдар.

2.Беті-қолдарыңды сабындап жуыңдар.

3.Спорт киімдеріңді,аяқкиімдерінді шешіндер,оны тек спортпен айналысуға ғана пайдаланындар.

4.Сабақ кезінде өздерің байқаған барлық кемшіліктер туралы мұғалімге хабарлаңда.

Ресурстар: Үлкен бос кеңістік.Ысқырық, конус, нығыздалған доп, гимнастикалық мат, орындық, фишкалар, бор.Дене қыздыру жаттығуларына сілтеме:http://www.tula-tf.ru/articles/elementy_razminki_ili_kak_podgotovit_sebya_k_trenirovke.htmlТөменгі сөренің орындалу техникасы интернет ресурстарына сілтеме:http://msuathletics.ru/books/sprint/sprint_technique.html https://www.youtube.com/watch?v=L6bi7k_3gz0

Мектептегі жеңіл атлетика теориясы мен әдістемесі интернет ресурсына сілтеме: http://emirb.org/mekteptegi-jeil-atletika-teoriyasi-men-edistemesi-penini-ou-ed-v2.html?page=2



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу