Акробатиканың жеңіл элементтері. Дене шынықтыру, 4 сынып, сабақ жоспары.


Дене шынықтыру пәнінен қысқа мерзімді

CАБАҚ ЖОСПАРЫ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім: Гимнастиканың негізгі элементтері.

Ортақ тақырып: Мәдени мұра.

II -тоқсан

Күні:

Мектеп:

Сынып: 4

Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы:

Акробатиканың жеңіл элементтері.

Оқу мақсаттары

4.1.2.1 дене дамуына ықпал ететін түрлі жүйелі жаттығулар мен қозғалыстарды орындау сапасын арттыруды түсіну және көрсету.

Сабақ мақсаттары

Акробатикалық жаттығулардың элементтерінің жинағын жекелеп, кешенді жинақтай, реттілік сақтап орындап көрсету.

Бағалау критерийлері

  • Дене сапасын арттыратын түрлі жаттығулар мен қозғалыстарды орындайды және орындалу сапасын арттырады.

Тілдік мақсаттар

Оқудың тілдік мақсаты.

Білім алушылар:

Тігінен, алға иілу, артқа иілу, бастапқы қалып, негізгі тұрыс.

Пәндік лексика және терминология.

Мыналарды қамтиды:

  • композициялық элементтер: кеңістік, іс-әрекеттер, динамика;
  • денені игеру дағдысы, сермеу, тік тұру.

Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері.

  • ептілік, тепе-теңдік, үйлесімділік;
  • аударылулар алға және артқа, жауырынға, көпірге тұру.

Құндылықтарды дарыту

Денсаулықты нығайту мен сақтау, ағзаның дұрыс дамуын қамтамасыз ететін гигиеналық ережелерді ұстану және орындау дағдыларын қалыптастыру бағыттарын қарастыру.

Пән аралық байланыс

Қазақ тілі, дүние тану.

АКТ қолдану дағдылары

АКТ (әсіресе ғаламторды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану. Мектептегі гимнастика сабағы техника қауіпсіздігі сілтеме; http://www.dima-boing.com/tehnika-bezopasnosti/

Бастапқы білім

Оқушылардың алдыңғы сабақтардағы гимнастиканың негізгі элементтерін білуі, түсінуі дамыған. Оқушылар жалпы дамытатын жаттығулардың жиынын, акробатикалық элементтерді орындай алады.

Жоспарлардағы әрекеттер

Б = барлық сынып ЖЖ = жұптық жұмыс Тәж = оқушы тәжірибесі

ҚБ = қалыптастырушы бағалау Т = топтық жұмыс

Ж = жеке жұмыс К = оқытушы көрсетеді

Сабақ барысы

Сабақ кезендері

Сабақтағы іс-әрекеттер

Құрал-жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы:

10 минут

(Б) Оқытушы сыныпта жарақаттанудың алдын алу мақсатында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама жүргізеді.

Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин.

Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Адымның ұзындығына көңіл бөу. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру.

Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Арнайы гимнастикалық элементтерге арналған бұлшық еттерді қыздыру жаттығуларын ұқыптылықпен қайталату. Аяқ, қол буындарына арналған жаттығулар кешенін орындау. Төсеніште орындалатын жаттығулар жиынтығы.

Үлкен, бос ойын кеңістігі. Нұсқама жүргізуді есепке алу журналы.

Мұғалімге ысқырық, секундомер.

Сабақтың ортасы

25 минут

(К,Б,Тәж) Оқушылар дайындық жаттығуларын орындайды.

Түрлі отырған қалыптан, арқада жатқан қалыптан топтасу.

Тіреле отырған қалыптан, тізеде тұрған қалыптан алға аунау.

(Б,Ж,ҚБ) Алға домалау: Орындау техникасы. Матқа жақындау; тізені бүгіп, денені алға еңгейту, алақанды маттың шетіне қою. Саусақтар алға бағытталуы тиіс; иек кеудеге жанасып тұрады. Одан кейін шынтақты бүгіп, аяқпен аздап серпіліп, баспен аунайды – матқа желкені, мойынды, жауырынды, белді ретімен қою. Егер дене бүгіліп тұрса, жұмсақ аунап түседі. Үйрету реттілігі:

(Б,Ж,ҚБ) Артқа домалау: Орындау техникасы. Артқа домалап түсуде әуелі шалқалап жатып, қолды иықтан асыра тіреу арқылы артқа тербетілуден бастаған жөн, жауырынға тұрған қалыптан артқа қарай аударылып, қолды иықтан асыра еденге тигізіп, қайтадан жүрелеп отыру. Егер дене бүгіліп тұрса, жұмсақ аунап түседі. Үйрету реттілігі:

(Б,Ж,ҚБ) Жауырынға тұру: Орындау техникасы. Жауырынмен тұру топтамада артқа аунап орындалады. Иыққа дейін аударылып, шынтақты денеге жақындатып, төсенішке қойыңыз, сол мезетте денені тік қалпында ұстап тұрыңыз, содан кейін қолдың буынын арқаға жауырынға жақындатып қойыңыз, сирақты тік ұстаңыз.

Үйрету реттілігі:

(Б,Ж,ҚБ) Көпірге тұру (мостик): Көпір жасап тұру үшін екі аяқты алшақ қойып, жамбасты ілгері жіберіп шалқайғанда, бас пен екі қолды артқа қарай қатар иіп, қолды жерге тіреу керек.

Үлкен бос кеңістік. Гимнастикалық төсеніштер.

Акробатиялық элементтерге үйрету кезеңдері мен әдістері, сілтеме бойынша өтіңіз:

http://www.autogallery.org.ru/1723pro/s4fizra.htm

Орындау техникасы, жауырынға тұру. Сілтемесі төменде: http://pedportal.net/nachalnye-klassy/fizkultura/stoyka-na-lopatkah-466969

Сабақтың соңы:

5 минут

Рефлексия. Кері байланыс. Сабақ соңында білім алушылармен рефлексия жүргізіледі: Теориялық және практикалық жаттығуларда мұғалім бірлескен, жекелеген тапсырмалар кезінде, әдеттегі қателерге назар аударады анықтамалар береді. Білім алушылар таңдаған белгілі дене сапасын арттыратын түрлі жаттығулар мен қозғалыстарды анықтап, оңтайлы қозғалыс дағдыларына әдістер ұсынылады.

Үйге тапсырма

Гимнастика бөліміндегі ҚЕ білу. Қарапайым акробатикалық элементтерді жетілдіру.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Берілген тапсырмаларды, жүйелі жаттығулар жинағын жекелей элементтер бойынша көрсетеді. Жаттығуларды барынша үйлесімді орындау. Бірлескен тапсырмалардың мағынасын ашу. Орындалуын сапасын, анықтау.

Қабілеті жоғары оқушылар қозғалыс әрекеттерін қайталап, сынып алдында орындалуын өз бетінше көрсету.

Білім алушылардың өз бетінше тапсырмамен белсенді жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін анықтауы, түзеуі. Дағдыларын дамытуға ынталану. Қозғалыс әрекеттерін белсендендіру. Жаттығулар барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар.

Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау. Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу.

Дене қуатын үнемдеу шарттары.

Дұрыс тыныс алу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаты негізгі бөлімдегі акробатикалық тапсырмалардың орындалуына, күрделендіруге байланысты қойылған.

Оқушылар оқу мақсатының мағынасын анықтап, белсенді түрде ынталанып, әр түрлі деңгейлі тапсырмалардың орындалуына қол жеткізді.

Әр тапсырмаға бөлінген уақыт жеткілікті болды.

Әр түрлі деңгейдегі жаттығулардың орындалу нұсқаларын бақылау, саралау.

Қозғалыс үйлесімділігін, техникалық ережесін назарда ұстау.

Жоспарланған іс-әрекеттер кезеңдері бойынша толығымен меңгерілді.

Жекелеген оқушыларға үйлесімділігін, дағдысын қалыптастыруға тапсырмалар берілді, әр түрлі деңгейдегі қимыл-қозғалыстар қарастырылды.

Жалпы баға. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Жүйелі жаттығулар элементтеріне, қозғалыс әрекеттерінің шартына, сапасына көңіл бөлу.

Топтың деңгейін, ынтымақтастық белсенділігін анықтау.

2: Әр-түрлі қозғалыс дағдыларының орындалу үйлесімділігінің сақталуы.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Саралап, деңгейлі тапсырмалар беру. Түрлі деңгейдегі тапсырмалар. Тапсырмалардың және жаттығулардың айырмашылығы, нұсқалары күрделендіру.

2: Негізгі дене жаттығуларының орындалу үйлесімділігі. Әр-түрлі қозғалыс дағдыларының мағынасын ашу. Танымдылығын дамыту. (Когнитив)

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сыныптың ішкі жағдайына, білім алушылардың үнін есту, жекелеген білім алушыларға әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру, ұсыну әдістерін қарастыру. Тапсырманың орындалуына байланысты сұрақтар қою. Тарсырманы бірнеше рет қайталап көрсетуге мүмкіндік беру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.