Ұзындыққа секіру негіздері. Дене шынықтыру, 4 сынып, сабақ жоспары.
Дене шынықтыру пәні
CАБАҚ ЖОСПАРЫ №
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:1-бөлім: Жүгіру, секіру және лақтыру. Ортақ тақырып:Менің Отаным – Қазақстан. | Мектеп: | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||
Сынып: 4 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы: | Ұзындыққа секіру негіздері. | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.3.2.1 Дене қызметімен айналысқан кезде, денені қыздыру және босаңсыту қажеттілігін көрсету және талқылау. 4.3.3.1 Дене қимылдарын орындау кезінде немесе орындағаннан кейін белгілі бір физикалық өзгерістерді көру үшін бірқатар бақылау стратегияларын қолдану. | |||||||
Сабақ мақсаттары | Дайындық бөлімінде денені қыздыру жаттығуларын, секіруге арналған арнайы тапсырмаларды орындау, әр түрлі секіру дағдыларын көрсету және физикалық өзгерістерді бақылау стратегияларын қолдану. | |||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||
Тілдік мақсаттар | Сыныптағы оқушыларға түсінікпен, пәннің мазмұнымен жұмыс істеуге қажетті тілді қамтамасыз ету, талдау жасауға қажетті фразалар;
| |||||||
Құндылықтарды дарыту | Салауатты өмір салтына дағдылануды жоспарлы орындау, сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, құрметпен қарау, ынтымақтастық, жауапкершілікті сезіну, жан-жақты білім алуға дайын болу; | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі, дүние тану. | |||||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ (әсіресе ғаламторды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану. Жеңіл атлетикалық секіру бойынша нұсқаулыққа сілтеме: http://www.fitnessera.ru/shkolnye-normativy-kak-prygat-v-dlinu-daleko-s-mesta-i-razbega.html | |||||||
Бастапқы білім | Бұл тарауда оқушылар тапсырмалар арқылы өздерінің жүгіру, секіру және лақтыру дағдыларын дамытады. Оқушылар жүгіру, секіру және лақтыру техникасын, кейбір үйлестіру қабілеттерін дамытады және дене шынықтыру сабағы кезінде жарақат алудан сақтану шараларына назар аударады. | |||||||
Жоспарлардағы әрекеттер | Б = барлық сынып ЖЖ = жұптық жұмыс Тәж = оқушы тәжірибесі ҚБ = қалыптастырушы бағалау Т = топтық жұмыс Ж = жеке жұмыс К = оқытушы көрсетеді | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 15 минут | (Б) Оқытушы сыныпта жарақаттанудың алдын алу мақсатында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама жүргізеді. Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Адымның ұзындығына көңіл бөу. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Жаттығуларды барынша біркелкі реттілікті сақтап орындау, қандай да бір бұлшық еттің, буынның қозғалысына тиімді әсер ету. Жаттығуларды негізгі бөлім бойынша арнайы бағытта орындату. Арнайы қозғалыстар үшін әр түрлі бұлшық еттерді дайындау жаттығуларын ұқыптылықпен қайталату. | Үлкен, бос ойын кеңістігі. Мұғалімге ысқырық, секундомер. | ||||||
Сабақтың ортасы 20 мин | (Ж, К) Оқушылар сызыктың бойымен тұрады (бормен сызылған немесе секірмектің керілген жібі) және сызыққа тимей, 30 секунд бойы жан-жағына секіреді. Қысқа үзілікспен (бір минут) үш рет қайталағаннан кейін оқушыларға денсаулыққа қатысты сұрақтар қойыңыз. (Т, ҚБ) Сынып шағын топтарға бөлінеді. Оқушылар әр топтан бір-бірлеп, түрлі әдістер қолданып, секірмек арқылы секіреді: екі аяқпен, бір аяқпен, т.б. Ең ұзақ уақыт сүрінбей секіретін ойыншы жеңімпаз болады. (Т, Тәж) 4-5 адамнан тұратын топтарда оқушылар қолда бар инвентарьды пайдаланып, «ұзындыққа секіру» тапсырмасын құрады. Олар қажетті инвентарьды, ережелерді, секірулерді бағалау әдісі мен әрбір оқушыға рұқсат етілетін секіру санын анықтайды. «Ұзындыққа секіру» тапсырмасын аяқтағаннан кейін оқушылар тапсырманы орындау барысында орын алған бір- бірінің күшті жақтары мен кемшіліктерін бағалайды. | Үлкен кең ойын кеңістігі, бор, конустар, секірмектер. Мұғалімге арналған ысқырық, секірмек. Секірмелер: сілтемеhttp://vremya-sovetov.ru/sport/kak-nauchitsya-pryigat-v-dlinu-s-mesta.html | ||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия. Кері байланыс. Сабақ соңында білім алушылар рефлексия жүргізіледі: Денені қыздыру жаттығулар, секіруге арналған тапсырмалар кезінде әдеттегі қателерге назар аударады, анықтамалар береді. Білім алушылар таңдаған белгілі тапсырмаларда білім алушының қызығушылықтарын қолдап және дамытып, оңтайлы қозғалыс дағдыларын бақылау. | |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. | ||||||
Берілген тапсырмаларды, жүйелі секірулер жинағының реттілігін көрсетеді. Жаттығуларды барынша біркелкі орындау, орындалу сапасы, бірлескен тапсырмалардың мағынасын ашу. Қабілеті жоғары білім алушылар қозғалыс әрекеттерін қайталап, сынып алдында орындалуын өз бетінше көрсету. | Білім алушылардың өз бетінше тапсырмамен белсенді жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу. Қозғалыс әрекеттерін белсендендіру. Секірулер барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар. | Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау. | ||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Сабақ мақсаты негізгі бөлімдегі тапсырмалардың орындалуына, күрделендіруге байланысты қойылған. Білім алушылар оқу мақсатының мағынасын анықтап, белсенді түрде ынталанып, тапсырманың баламалы нұсқаларын әзірлеу, қателерді түзету, әр түрлі деңгейлі тапсырмалардың орындалуына қол жеткізу. Әр тапсырмаға бөлінген уақыт жеткілікті болды. Әр түрлі деңгейдегі секірулердің орындалу нұсқаларын бақылау, саралау, қозғалыс үйлесімділігін, әдістерін назарда ұстау. Жоспарланған іс-әрекеттер кезеңдері бойынша толығымен меңгерілді. Жекелеген оқушыларға төзімділігін, секіру дағдысын қалыптастыруға тапсырмалар берілді, әр түрлі деңгейдегі қимыл-қозғалыстар қарастырылды. | |||||||
Жалпы баға. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Жүйелі жаттығулар жинағына, қозғалыс әрекеттерінің шартына, ойынның мағынасына, сапасына көңіл бөлу. Топтың деңгейін, ынтымақтастық белсенділігін анықтау. 2: Әр-түрлі қозғалыс дағдыларының орындалу үйлесімділігінің сақталуы. Өзін-өзі, дене өзгерістерін бақылау. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Саралап, деңгейлі тапсырмалар беру. Түрлі деңгейдегі тапсырмалар. Тапсырмалардың, ойындардың және жаттығулардың айырмашылығы, нұсқаларының күрделілігі. 2: Негізгі дене жаттығуларының орындалу үйлесімділігі. Әр-түрлі қозғалыс дағдыларының мағынасын ашу. Танымдылығын дамыту. (Когнитив) Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Сыныптың белсенділігін, ынтымағын ұстану. Қарым-қатынас орнату үшін ойындарда әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру, ұсыну әдістерін қарастыру. Топтық іс-әрекеттердегі секірумен түрлендірілген ойындарға және ойындардың баламалы нұсқаларына байланысты сұрақтар қою. Танымдылығын дамыту. Қарғымақпен секіріу қимыл-қозғалыстарын бірнеше рет қайталап көрсетуге мүмкіндік беру. | ||||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.