Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 92 сабақ.


8 бөлім: Жеңіл атлетика арқылы салауатты өмір салты

Тақырыбы: Салауатты өмір салтын қалыптастыру

3-сынып

Оқу мақсаттары:

3.3.4.4. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде тиісінше жауап қайтарып, қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру керек екендігін түсіну және көрсету

Оқу бағдарламасына сілтеме

3.4. Денсаулық жағдайын нығайтуға бағытталған бірқатар физикалық жүктемелерге қатысу барысында сәйкес әрекет етіп, қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды және оларды жеңе біледі

 

Сабақ мақсаты:

Дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді және көрсетеді

Бағалау критерийлері:

Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын көрсетеді;

Жаттығуларды орындау барысында қиындықтарды және тәуекелдерді түсінеді.

Бөлім мен тақырыпқа қысқша шолу

Адамның денсаулығы қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудыңжаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюісалауатты өмір салтын сақтау қолдауда

Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық денсаулық

Денсаулық бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну

Жекебас тазалығының ережелері

- Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса

- Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу

- Ұйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа

- Тамақ ішердің алдында, жұмыстан кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу

- Бет орамал пайдалан, мұрныңның әрқашан таза болуына көңіл бөл.

Тапсырма

(Т, К, ҚБ) «Поезд ойыны». Бір лектің бойында тұрған қарама–қарсы команданың алдына 10-12 метр қашықтықта конустар нмесе фишкалар қойылады. Бірінші нөмірдегілер сағат тіліне қарсы конусты айнала жүгіріп өз командасына келеді. Командасының жанына келгеннен кейін екінші нөмірдегі ойыншы бірінші нөмірдегі ойыншының белінен ұстап конусқа қарай қайтадан жүгіреді. Конусты айналып келгеннен кейін екінші нөмірдегі ойыншының белінен үшінші нөмірдегі ойыншы ұстайды да алға қарай жүгіреді. Ойын барлық ойыншы бірдей ұстасып жүгіргенде аяқталады. Жеңіске бірінші келген команда жеңіске жетеді. Мұғалім осы ойын бойынша қауіпсіздік ережесіне назар аударуы қажет. Назар аударыңыз; оқушылар тапсырманы дұрыс тыңдап, әрбір іс-әрекетті дұрыс орындалғанын қадағалау. Ойында команданың бірінші нөмірдегі ойыншысы көп жүктеме алады, сондықтан ойынды қайталаған кезде соңына жіберу қажет.

«Поезд» ойыны.

Дескриптор:

- Жүгіру кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтайды.

- Жүгіру кезіндегі қозғалыс әрекеттерін жасайды.

- Ойынның ережесін біледі.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.