Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс дағдылары. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 13 сабақ.


3 сынып

2-бөлім – Қозғалыс және спорт ойындар

Сабақ тақырыбы: Қозғалмалы ойындардағы

қозғалыс дағдылары

Оқу мақсаттары:

3.2.8.8 Қарапайым әрекеттерді орындау кезінде айырмашылықтарын түсіндіре отырып, өзінің және басқаларының рөлін көрсету

Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:

Қозғалмалы ойындар оқушылардың шапшаңдық, икемділік, шыдамдылық, ептілік, күш-жігер дағдыларын дамытады;

Қозғалмалы ойындардың тигізетін әсерін біледі;

- Қозғалмалы ойындардағы қимыл-қозғалыс әрекеттерін қолданады.

Қозғалмалы ойындардың қозғалыс дағдылары ойындарының көңілді әрі пайдалы болатын себебі, бұл ойындарды ойнай жүріп, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, тепе- тендік сақтау және мінез-құлықты тәрбиелеу сияқты барлық негізгі қимыл –қозғалыстарды дамыта аласыңдар. Жарыс элементтері –айналып жүгіріп шығу, қарсыласыңды басып озу-ойынға өту тартымды, әсерлі сипат береді. Олар; шапшаңдық, ептілік, күш, шыдамдылық, икемділік және бұдан да маңыздысы, бұл дене қасиеттерін комплексте дамытылады. Қозғалмалы ойындарының көпшілігі шапшаңдылықты талап етеді. Күш пен энергияның көп жоғалуына алып келетін үнемі қозғалыс белсенділігі және қуаты қозғалыстың көп қайталануы бар ойындар шыдамдылықты дамытуға әсер етеді. Тартымды ойын сюжеті қатысушылар бойында жағымды эмоцияны тудырады және қажетті ерік сапалары мен дене қабілеттерін қоса отырып кез-келген тәсілдерде көп қырлы зор белсенділікпен жеңіп отыруға шақырады. Дене тәрбиесінде қозғалмалы ойындар оқушылардың ептілік дағдыларын жетілдіреді. Мұндай ойындар оқушылардың ептілік, жылдамдық қасиетін дамыта отырып, төзімділікке тәрбиелейді.

Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс дағдылары

Тапсырма

«Күн мен түн» оыны. Оқушыларды екі топқа бөліп, сабақты жарыс түрінде өткізу. Ойын ережесін түсіндіру. Алаңнын ортасына біріне - бірі параллель екі сызық сызылады, олардың арақашықтығы 1-1,5 м. Ал, сол екі түзу сызықтын екі жағынан 10-20 м. қашықтықта «үйлер» сызықтары сызылады. Ойыншылар екі тең командаға бөлініп, орта сызықта қатар тұрып өздерінің «үйлеріне» беті жағымен тұрады. Бір команда «түн», бірі «күн» болады. Жетекші «күн» деп команда бергенде, «түн» командасының ойыншылары өз үйлеріне қашуы тиіс, ал «күн» командасы оларды ұстауға тырысады. Ұсталған ойыншылардың санын есептеп болған соң өз командасына жібереді. Белгіні оқыс түрде берген абзал. Осы түрде ойын жалғаса береді. Ал жетекші команда беруде екінші бір түрін қолдануы мүмкін. Мысалы бір дөңгелек нәрсені алып, оның бір жағы ақ, бір жағы қара болады. Ақ жағы - «күн» деген команданы білдіреді, ал қара жағы - «түн» деген команданы білдіреді. Жетекші ойыншылардың көңілін бөлу үшін ойын барысында түрлі-түрлі жаттығулар жасауы мүмкін. Ойынды бірнеше рет ойнауға болады. Ойын соңынан қай команда көп ойыншы ұстайды, сол жеңімпаз болады.

Ереже: 1. Команда берілместен бұрын үйге қайтып кетуге болмайды. 2. Ойыншыларды тек үйдің сызығына жеткенше ұстау керек. 3. Ұсталган ойыншылар есепке кіргеннен кейін қайтадан ойнауға болады.

Дескриптор:

«Күн» мен «Түн» ойыны

Оқушылар өз жұмыстарынжүргізеді;

Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;

Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;

Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс

Сабақты қорытындылау.

Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.