Қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 17 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық

Оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтар.

Сабақтың кіріспе және дайындық бөлімдерінде оұушыларға алдағы жұмыс туралы көрсету арқылы ұсыну. Бұған презентацияны пайдалана отырып, сабақтың тақырыптары мен міндеттерін талқылау арқылы қол жеткізіледі. Қозғалыс кезінде және жаттығулар жасағанда балаларға қашықтықты және қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйрету маңызды. Сабақтың негізгі бөлігінде, ойындарда міндеттерді орындаған кезде, ережелердің сақталуын бақылап, оқушылармен ойынның тиімділігін арттыру үшін талқылау керек. Сабақтың соңғы бөлігінде оқушылардың ағзасының функционалдық жүйелерін толқудан тыныштандыруға ауысу үшін төмен қарқындылық ойындары таңдалады.

Әдістемелік нұсқаулық

Жеңіл атлетика элементтері бар эстафеталарды өткізу бойынша нұсқаулқытар.

Сабақ кезінде жалпы эстафета ойындарының тиімділігін арттыру үшін ұсынылған эстафеталарды жақсартуды іске асыру ең алдымен барлық ойыншылар бір мезгілде ойнайтын етіп жасалатындығы. Эстафетаның мазмұны оңай және жылдам өзгеруі мұғалімнің қалауы бойынша нақты білім беру жағдайына негізделген күрделі немесе жеңілдетілген болып келеді. Осылайша, эстафета жарысы физикалық дамуы үшін оқушыларға қажетті негізгі физикалық және өмірлік қасиеттерін қалыптастырып, моториканы және дағдыларды дамытуда маңызды рөл атқарады.

Ойындар мен эстафеталарға қатысу кезінде оқушылар әлемдік көзқарас, оның ұжымда жұмыс жасауын дамытады. Эстафеталық ойындар ұжымдық әрекеттердің дағдыларын тәрбиелеуге қабілетті. Топтық жұмыс оқушыларға ережелерге бағынуға, бір-біріне құрметпен қарауға үйретеді.

Эстафеталар

Оқушы міндетті:

  • Мұғалімнің белгісінсіз эстафетаны бастамауы керек.
  • Өз жолымен эстафетаны бастауы керек.
  • Егерде құрал-жабдықтар басқа команданың жолағына түсіп кетсе, абайлап оны алып өзіңнің жолағыңа оралып әрі қарай тапсырманы орындау қажет.
  • Алдыңғы ойыншы тапсырманы орындап болмай жәнеде эстафетаны қолын тигізу арқылы бермейінше алдын ала саптан жүгіріп щығуға болмайды.
  • Эстафетаны беріп болғаннан кейін өз командасының соңына тұру керек.
  • Эстафета мезгілінде саптан шықпау, отырмау және еденге жатпау керек.

2-бөлім – Қозғалыс және спорт ойындар

Сабақ тақырыбы: Қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы ойындар

Оқу мақсаттары:

3.1.2.2 Дене дамуы үшін қарастырылған түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыстарды қалай орындау керек екендігін білу және түсіну

Сабақтың мақсаты:

- Түрлі дене жаттығуларын орындаған кезде қозғалыстардың қалай орындау керектігін біледі және түсінеді

Бағалау критерийлері:

  • дене жаттығуларын байланыстыра орындай отырып, қозғалыс машығын жақсарту жолдарын біледі;
  • дене жаттығуларын байланыстыра орындай отырып, қозғалыс машығын жақсарту жолдарын түсінеді.

Сабақтың басы:

Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды иез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен...иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен. Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз» Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Орташа қалыпта жүгіру, алаңның оң жағынан сол жағына қарай .

1. Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру.

2. Жеңіл жүгіріске көшу .

3. Аяқты артқа, қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру.

4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру, екі қол белде

5. Жылдамдыққа жүгіру

6. Қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп, түсіру, демді қалпына келтіру.

Әдістемелік нұсқаулық

 Қозғалмалы ойындардағы техникалық қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.

Дене шынықтыру сабағында басты назар аударатын мәселе - жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет. Төменде бағдарламаның жекелеген тараулары (бөлімдері) бойынша сақтауға тиісті қауіпсіздік ережелері.Сабаққа спорт үйірмесіне келген оқушы арнайы спорт киімдерін киіп, оның таза болуын қадағалауды міндеттейді;Ойынға арналған алаңды даярлау. Жергілікте ойналатын ойындарды өткізу кезінде жетекші онымен алдын-ала танысып, ойынға қажетті шартты шекараны белгілеп өтуі тиіс. Ойынға арналған орынды жетекші оқушылармен бірге отырып, даярлайды. Алаңды белгілеп өту көп уақытты талап ететін жағдайда бұл ойын басталмастан бұрын жасалынады. Қарапайым белгілеуді ойын шартын түсіндірумен біруақытта немесе ойын басталғанға дейін жасауға болады, ал әңгіме белгіленген шекараны көрсетумен толықтырылады. Егер ойын жиі өткізілсе, үнемі қолданылатын белгілеу жасауға болады.

Қозғалмалы ойынға арналған инвентарь даярлау. Қозғалмалы ойын сәйкес инвентармен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл жалаушалар, түрлі-түсті бойаулар, әртүрлі көлемдегі доптар, ағаштар, сақиналар, секіргіштер және т.с.с. Инвентарь жарқын түсті, ойынды байқаулы болуы керек,  бұл әсіресе бастауыш сынып оқушылары үшін маңызды, ал көлемі мен салмағы – ойыншылардың әлі келетіндей болуы тиіс. Инвентар саны алдын-ала қарастырылады.

Ойынды алдын-ала талдау. Ойынды өткізбес бұрын жетекші ойын үрдісін ойлап табуы және ойын барысында туатын барлық мүмкін жағдаяаттарды қарастыруы тиіс. Әсіресе қаламаған құбылыстардың алдын-ала, қарастыру қажет. Ойыншылардың берілген ұжымын жақсы білетін жетекші ойыншылар ролін алдын-ала белгілеп, ойынға әлсіз және пассивті ойыншыларды қалай тарту керектігін қарастыруы керек. Кейбір ойындарды өткізу үшін ол алдын-ала өзіне көмекшілерді таңдап алады, олардың қызметтерін анықтайды, қажет болған жағдайда оларға даярлануға мүмкіндік береді. Көмекшілер бірінші болып ойын ережесі мен оның өткізу орнымен танысады.

2. Сабақтың ортасы.

Әдістемелік нұсқаулық.

  • Ойын ережесін түсіндіру.
  • Дабыл бойынша екі команданың да бірінші ойыншылары алға жүгіріп шығады және кедергілер жолағын басып өтеді:
  • Гимнастикалық матқа алға қарай екі рет тоңқалаң асады;
  • Кедергілерден өтеді;
  • Гимнастикалық орындықтан жүгіріп өтеді;
  • Гимнастикалық матқа артқа қарай екі рет тоңқалаң асады;
  • Допты нысананы көздейді;
  • Секіртпемен 20 рет секіреді;
  • Бір аяқпен секіреді;
  • Осы кедергілердің бәрінен өткеннен кейін кері қайтады.
  • Жүгіріп келген ойыншы кезекті ойыншының қолынан ұстайды да бағанның соңына тұрады.
  • Ойын команданың барлық мүшелері тапсырманы орындағаннан кейін аяқталады, — бірінші ойыншы қолын жоғары көтереді.
  • Эстафетаны жылдам бітірген команда жеңеді.
  • Оқушылардың тапсырмаларды орындаған кезде техника қауіпсіздігін қатаң сақтауына, кері тек бағанның сол жағы бойынша ғана жүгіруіне назар аударыңыз.
  • Тоңқалаң асуларды орындаған кезде алдыңа қарай топтастырылу, гимнастикалық орындықтан сақтықпен жүгіру.

3.Сабақтың соңы.

Сабақты қорытындылау.

Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;

Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;

Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;

Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

бәрін жақсы түсіндім.

Енді түсініп келемін

Түсінбедім

Барлығын түсіндім

Қозғалмалы ойындар ғаламторға сілтеме:

https://library.wksu.kz/dmdocuments/%D2%9A%D0%98%D0%9C%D0%AB%D0%9B%D0%94%D0%AB%20%D0%9E%D0%99%D0%AB%D0%9D%D0%94%D0%90.pdf

«Кім күшті» - ойыны.

Алаңнын ортасынан сызық сызылады. Осы сызықтан 2-3 м. жерге дейін оңға және солға параллель екі сызық сызылады. Ойыншылар екі тең командаға бөлініп, ортаңғы сызыққа келіп, қарама-қарсы тұрады. Екі команда бой жағынан да, күш жағынан да бірдей болуы керек. Қарама - қарсы тұрған екі ойыншы ортаңғы сызыққа келіп, оң қолдарымен ұстасып, сол қолдарын белдеріне ұстап тартысады. Кім сызықтан асып кетсе, сол ойыншы жеңіліске ұшырайды. Ойын екі команда бірін-бірі өз жағына тартып бітірмейінше аяқталмайды. Жеңімпаз болып қай команда көп тартып алса, сол атанады. Ойынды күрделендіруге болады, яғни екі ойыншы бірін-бірі тартқанда, қалған ойыншылар көмекке келіп, белдерінен ұстап, тартады.

Ережесі: Тартысуды белгі берілгеннен кейін бастайды. Тартысуды келісім бойынша жүргізеді: бір қолмен, екі қолмен тартысу. 3. Ойыншы қарсыласын ортаңғы сызықтан 2-3 метр жердегі сызыққа алып шышғуы керек. 4. Тартысу ыңғайы өзара келісіледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу