Шапшаңдыққа бағытталған қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 19 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық

Оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтар.

Сабақтың кіріспе және дайындық бөлімдерінде оұушыларға алдағы жұмыс туралы көрсету арқылы ұсыну. Бұған презентацияны пайдалана отырып, сабақтың тақырыптары мен міндеттерін талқылау арқылы қол жеткізіледі. Қозғалыс кезінде және жаттығулар жасағанда балаларға қашықтықты және қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйрету маңызды. Сабақтың негізгі бөлігінде, ойындарда міндеттерді орындаған кезде, ережелердің сақталуын бақылап, оқушылармен ойынның тиімділігін арттыру үшін талқылау керек. Сабақтың соңғы бөлігінде оқушылардың ағзасының функционалдық жүйелерін толқудан тыныштандыруға ауысу үшін төмен қарқындылық ойындары таңдалады.

Әдістемелік нұсқаулық

Қозғалмалы ойындарда жылдамдығын дамыту реакция бойынша нұсқаулықтар.

Қозғалыс реакциясы - белгілі бір қозғалыстармен немесе әрекеттермен кенет пайда болатын белгіге жауапты. Реакция уақыты сенсорлық тітіркену мен ақыл-ой реакция процессінің уақытына бөлінеді. Бірақ, бір ғана емес, бірнеше бір мезгілде немесе қаталанатын тітіркенулер болуы мүмкін, сондықтан бір немесе бірнеше реакция болуы мүмкін, оларды жәй және күрделі реакция уақытына бөледі. Өз кезегінде күрделі реакциялар таңдау және қозғалыстағы объект реакцияларына бөлінеді.

Қозғалмалы реакцияның жылдамдығын кез-келген қозғалтқыш әрекетінің орындалуымен байланысты, іс жүзінде кез-келген кəсіби қызмет үшін өте маңызды. Осындай кәсіби мәселелерді шешуде ең аз уақыт ішінде кідірместен сигналға жауап беруге қажет болған жағдайлар болады. Қазіргі заманғы техникалық жүйелер, мысалы операторлық қызмет тез жауап беру жылдамдығына жоғары талаптар қояды. Реакция жылдамдығы әртүрлі жекпе-жектер мен спринтерлік жүгіруде яғни барынша жылдамдықпен жүгіріп өту үшін үлкен маңызды болып табылады, кімде кімнің жүйке қозғалыс процессінің және жылдамдық реакциясы басым сол спортшы артықшылығын беріледі.

Ойын әдісінің дамуы, жылдамдық қозғалыстың реакциясы қозғалмалы ойындар арқылы көрсетіледі. Қозғалмалы ойын деп – қозғалысты айтамыз. Ойыншылардың түпкі мақсаты мен әрекеті ойынның сюжетімен (идеясымен, тақырыбымен) анықталады. Ережелер қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін, ойынның нәтижесі мен есебін және ойыншының өту барысын анықтайды. Ойынның мазмұны оның нысандарын анықтайды, яғни ойыншылардың әрекеттерін ұйымдастыру, мақсатқа жету жолдарын кең таңдау, ойын процесінің өзінен қанағаттануға мүмкіндік береді. Қозғалмалы ойынның мазмұны мен түрі келесідей әдістемелік ерекшеліктермен анықталады: бейнелеу, еркін әрекет, ережелерді шектеуіменен; қозғалыс қабілеттерін толықтай жұмылдырып қозғалыстарды орындау (жарыс элементтері); емін-еркін, табиғи қозғалыс;бір тұтас әрекеттер және бір бөлек қозғалыстарды күш-жігерді қатаң емес реттеп орындап жүзеге асыру. Жағдайдың кенеттен өзгеруі; әрекеттердің шығармашылық белсенділігі (сонымен бірге дұрыс бағдарланып және келісілуі); жаттығушыға (топта) белгілі бір рөлдерді тағайындау, басқа ойыншылармен қарым-қатынас міндетін орнатып, түрлі әрекеттердің таңдауы, түрлі байланыстардажәне қозғалыс тапсырмалары үйлесімді шешімі үшін. Айта кету «ойын әдісі» деген түсінік қандайда болсын нақты қозғалыс ойындары еместігін анықтайды, сонымен қатар кез келген дене жаттығуларында ойындардың әдістемелік ерекшеліктерін қолданады. Мұндай жаттығулар, олардың мәнін сақтай отырып, өзіндік ойын реңін келтіред. Олар эмоционалдық, қолжетімділік, әртүрлілік және қарама-қайшылық мінездерімен оларды тартады, негізде дұрыс көмектеседі, бірақ жеңілдетілген түрде зерттелетін техникалық әдістер мен тактикалық әрекеттердің элементтерін орындайды және сонымен бірге физикалық қасиеттерді тәрбиелеуге ықпал етеді. Мұндай жаттығулар әдетте қозғалыс қабілеттерін орындау арқылы толық жұмылдырылдырады.

2-бөлім – Қозғалыс және спорт ойындар

Сабақ тақырыбы: Шапшаңдыққа бағытталған қозғалмалы ойындар

Оқу мақсаттары:

3.2.1.1 Бірқатар қозғалыс идеяларымен, стратегияларымен және жоспарларымен баламаларды талдау үшін проблемаларды жою әдістерін қолдану

Сабақтың мақсаты:

- Қозғалыс идеяларын, стратегияларын және жоспарларын балама түрінде талдап және қолданады.

Бағалау критерийлері:

  • бірқатар қозғалыс идеяларын, стратегияларын және жоспарларын балама түрлерін талдайды;
  • бірқатар қозғалыс идеяларын, стратегияларын және жоспарларын балама түрлерін қолданады.      

Сабақты басы.

Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды иез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен...иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен. Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз» Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Орташа қалыпта жүгіру, алаңның оң жағынан сол жағына қарай .

1. Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру.

2. Жеңіл жүгіріске көшу .

3. Аяқты артқа, қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру.

4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру, екі қол белде

5. Жылдамдыққа жүгіру

6. Қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп, түсіру, демді қалпына келтіру.

 

Әдістемелік нұсқаулық

 Қозғалмалы ойындардағы техникалық қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.

Дене шынықтыру сабағында басты назар аударатын мәселе - жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет. Төменде бағдарламаның жекелеген тараулары (бөлімдері) бойынша сақтауға тиісті қауіпсіздік ережелері.Сабаққа спорт үйірмесіне келген оқушы арнайы спорт киімдерін киіп, оның таза болуын қадағалауды міндеттейді;Ойынға арналған алаңды даярлау. Жергілікте ойналатын ойындарды өткізу кезінде жетекші онымен алдын-ала танысып, ойынға қажетті шартты шекараны белгілеп өтуі тиіс. Ойынға арналған орынды жетекші оқушылармен бірге отырып, даярлайды. Алаңды белгілеп өту көп уақытты талап ететін жағдайда бұл ойын басталмастан бұрын жасалынады. Қарапайым белгілеуді ойын шартын түсіндірумен біруақытта немесе ойын басталғанға дейін жасауға болады, ал әңгіме белгіленген шекараны көрсетумен толықтырылады. Егер ойын жиі өткізілсе, үнемі қолданылатын белгілеу жасауға болады.

Қозғалмалы ойынға арналған инвентарь даярлау. Қозғалмалы ойын сәйкес инвентармен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл жалаушалар, түрлі-түсті бойаулар, әртүрлі көлемдегі доптар, ағаштар, сақиналар, секіргіштер және т.с.с. Инвентарь жарқын түсті, ойынды байқаулы болуы керек,  бұл әсіресе бастауыш сынып оқушылары үшін маңызды, ал көлемі мен салмағы – ойыншылардың әлі келетіндей болуы тиіс. Инвентар саны алдын-ала қарастырылады.

Ойынды алдын-ала талдау. Ойынды өткізбес бұрын жетекші ойын үрдісін ойлап табуы және ойын барысында туатын барлық мүмкін жағдаяаттарды қарастыруы тиіс. Әсіресе қаламаған құбылыстардың алдын-ала, қарастыру қажет. Ойыншылардың берілген ұжымын жақсы білетін жетекші ойыншылар ролін алдын-ала белгілеп, ойынға әлсіз және пассивті ойыншыларды қалай тарту керектігін қарастыруы керек. Кейбір ойындарды өткізу үшін ол алдын-ала өзіне көмекшілерді таңдап алады, олардың қызметтерін анықтайды, қажет болған жағдайда оларға даярлануға мүмкіндік береді. Көмекшілер бірінші болып ойын ережесі мен оның өткізу орнымен танысады.

2. Сабақтың ортасы.

Әдістемелік нұсқаулық.

  • Ойын ережесін түсіндіру.
  • Жерге диаметрі 1,5 метр болатын шеңбер сызылады.
  • Оның сыртына диаметрі 7-10 метр болатын үлкен шеңбер сызылады.
  • Ойнаушылардың біреуі шеңбердің ішіне тұрады-ол «дақтаушы».
  • Белгі бойынша оқушылар шеңбер сызығынан секіріп, шеңбердің ортасына түседі.
  • Егер ұсталып қалу қауіпі болмаса, біраз уақыт ішінде қала береді.
  • Бір орында екі аяқпен секіріп тұрады да, орталық шеңберге жылжып, ішіне түсуге тырысады.
  • Ойынға қатысушылар «дақтаушыға» ұстатпауға және шеңбердің ішінен уақытында секіріп шығуға тырысады.
  • Ұсталғандар «дақтаушы» болады.
  • Ойын нұсқасы: ойын дәл солай басталады да, ұсталған ойыншылар шеңберден шықпайды, «дақтаушының» көмекшісі болады.
  • «Дақтаушылар» саны беске жеткенде, төртеуі шеңберден шығады.
  • Соңғы ұсталған «дақтаушы» болады.
  • Ойын қайталанады.
  • Ойнаушыларға шеңбердің ішінен тек қана секіріп шығуға болады.
  • Шеңберден жүгіріп шыққан, ойыннан шығады.
  • «Дақтаушы» да екі аяқпен секіріп ойыншыларды қудалайды.
  • Шеңбердің көлемі ойыншылардың санына байланысты.

3.Сабақтың соңы.

Сабақты қорытындылау.

Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;

Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;

Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;

Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

бәрін жақсы түсіндім.

Енді түсініп келемін

Түсінбедім

Барлығын түсіндім

Қозғалмалы ойындар ғаламторға сілтеме:

https://library.wksu.kz/dmdocuments/%D2%9A%D0%98%D0%9C%D0%AB%D0%9B%D0%94%D0%AB%20%D0%9E%D0%99%D0%AB%D0%9D%D0%94%D0%90.pdf

«Кім күшті» - ойыны.

Алаңнын ортасынан сызық сызылады. Осы сызықтан 2-3 м. жерге дейін оңға және солға параллель екі сызық сызылады. Ойыншылар екі тең командаға бөлініп, ортаңғы сызыққа келіп, қарама-қарсы тұрады. Екі команда бой жағынан да, күш жағынан да бірдей болуы керек. Қарама - қарсы тұрған екі ойыншы ортаңғы сызыққа келіп, оң қолдарымен ұстасып, сол қолдарын белдеріне ұстап тартысады. Кім сызықтан асып кетсе, сол ойыншы жеңіліске ұшырайды. Ойын екі команда бірін-бірі өз жағына тартып бітірмейінше аяқталмайды. Жеңімпаз болып қай команда көп тартып алса, сол атанады. Ойынды күрделендіруге болады, яғни екі ойыншы бірін-бірі тартқанда, қалған ойыншылар көмекке келіп, белдерінен ұстап, тартады.

Ережесі: Тартысуды белгі берілгеннен кейін бастайды. Тартысуды келісім бойынша жүргізеді: бір қолмен, екі қолмен тартысу. 3. Ойыншы қарсыласын ортаңғы сызықтан 2-3 метр жердегі сызыққа алып шышғуы керек. 4. Тартысу ыңғайы өзара келісіледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу