Лақтыру, секіру және жүгірудің түрлері. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 8 сабақ.
№8 сабаққа арналған дидактикалық материалдар (керекті құрал-жабдықтар
Кіріспе бөлім
«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»
Мақсаты: Игергелі отырған тақырып пен оқыту мақсаттары жөнінде ақпарат беру.
Сипаттамасы: Мұғалім мен оқушының тақырып бойынша бірлескен іс-әрекеті. Сұрақ-жауап арқылы жүгіру, секіру, лақтыру кезінде дененің дұрыс дамуы үшін түрлі дене жаттығуларын орындау барысында қозғалыстарды қалай орындау керек екендігінің маңызы туралы мәселелер нақтыланады.
Мұғалім әрекеті: Тақырып, жоспардағы іс-әрекеттер жөнінде ақпаратпен, мақсаттар және бағалау критерийлерімен таныстырады, сұрақтарға жауап береді. Оқушыларды бағалау критерийлерін талқылауға жұмылдырады. Қыздырыну жаттығуларын қызықты қимыл ойындары арқылы ұйымдастырады. Мысалы: «Қуып жет!» Оқушылар белгілнген алаңда бір-бірінен қашып жүгіреді. Сәл уақыттан кейін мұғалім ысқырықпен белгі береді, одан кейін оқушылар екі-екеуден жұптасып жүгіреді. Жұпта ажырамай бірге қашып, бірге қуу керек. Ұсталынған жұптар қосылып, бірге басқа жұптарды қуады. Ойын осылай барлық жұптар ұсталынғанша жалғасады.
Тыныс алу, жалпы дамыту жаттығулары оырндалады.
Оқушы әрекеті: Мұғалімнің берген ақпаратын тыңдайды, мақсаттар және бағалау критерийлерімен танысады, сұрақтар қояды. Мұғаліммен бірлесе отырып бағалау критерийлерін талқылайды.
Тапсырмаларды орындау кезіндегі ойын ережесін, қауіпсіздік ережесін мұқият орындайды.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету. Ойын кезінде жұптарды мақтап, мадақтап отыру.
Негізгі бөлім:
Дененің дұрыс дамуы үшін жасалатын жүгіру, секіру, лақтыру жаттығуларын жетілдіру тапсырмалары.
Мақсаты: Арнайы тапсырмаларды орындай отырып түрлі іс-әрекетке бағытталған негізгі жаттығуларды жетілдіру, оқы мақсаттарын шешу. Жүгіру, секіру, лақтыру кезінде дененің дұрыс дамуы үшін түрлі дене жаттығуларын орындау барысында қозғалыстарды қалай орындау керек екендігінің хабардар ету.
Сипаттама: Оқушылар екі жұпқа бөлініп, мұғалім тапсырмасын мұқият орындауға тырысады. Яғни, дененің дұрыс дамып, жетілуі үшін жүгіру, секіру, лақтыру жаттығуларды орындау кезінде қозғалыстарды қалай орындау керек екендігін ажыратады, жұпта ақылдасады. Тапсырманы орындау барысында түрлі жаттығуларды, секіру жаттығуларын, физикалық өзгерістерді, бақылау стратегияларын, негізгі қозғалыс дағдыларын жетілдіру әрекеттері жүзеге асырылады.
Оқушы әрекеті:
Оқушыларға тапсырмаларды бекітіп, қимыл-қозғалыс ойындарын ойнату. Екі топқа түрлі ойындар және сұрақ-жауаптар арқылы мақсатқа жетуді бағалау.
Оқушылар екі командаға бөлініп, шамамен 10 метр қашықтықта алаңңның қарама-қарсы бағытына қатарға тұрады. Бір команда лақтыруды орындамас бұрын, екінші команда артқа қарай жылжиды. Ойыншылардың аяқтарының алдында сызық сызылып, алаңның ортасына волейбол доптары қойылады. Бір команданың ойыншылары кіші (теннис) доптан алады (жеребе тарту бойынша).
Мұғалімнің белгісімен кіші допты волейбол доптарына лақтырады. Қарама-қарсы командаға волейбол доптарын жылжытуға тырысады. Екінші команданың ойыншылары лақтырылған доптарды жинап, белгі бойынша олар да волейбол доптарына лақтырып, қарсыластарға жылжытуға тырысады. Командалар белгіленген лақтыру санын кезек орындайды.
Қарсы тұрған команданың алдындағы сызықтан добты бірінші болып асырған команда жеңіске жетеді.
Оқушы әрекеті:
Оқушылар екі топқа жасақталады.
- топта бірлесіп жұмыс жасауға тырысады;
- допты дәлдеп лақтыру жаттығулардын орындайды;
- лақтыру түрлерін көрсетіп, түсіндіреді;
- топтар тапсырманы орындағаннан кейін бірін-бірі бағалайды;
Тапсырмаларды орындау деңгейін бағалау үшін дескрипторлар:
- лақтыруды дұрыс орындап, серіктесіне көрсетеді;
- топта бірлесіп жұмыс жасайды;
- жүгіру, секіру, лақтыру жаттығуларын түрлі әдісте көрсетеді.
«Сабақты қорытындылау»
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.
Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар кері байланыс картасын толтырып қалдырады.
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік болу үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басында мұғалім сұрағына жауап береді. «Кері байланыс картасын» толтырады.
Бағалау: Мұғалім оқушыларына «Кері байланыс картасын» таратып береді, оқушылар өзіндік бағалау арқылы парақшаларын толтырады.
Ойынға керекті құралдар
Ысқырық секіртпе
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.