Лақтыру, секіру және жүгірудің түрлері. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 8 сабақ.
Сабақ тақырыбы: Лақтыру, секіру және жүгірудің түрлері
3 сынып
1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы
қозғалыс әрекеттеріОқу мақсаттары:
3.1.2.2 Дене дамуы үшін қарастырылған түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыстарды қалай орындау керек екендігін білу және түсіну.
Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:
Әр түрлі қашықтыққа лақтыруды біледі.
Қашықтыққа бірнеше адым жасап келіп лақтыруды біледі.
Лақтыру, секіру және жүгірудің түрлерін біледі.
Жүгіріс тура сызықпен 10-12 қадамнан аспайды.
Жүгіріс жылдамдықты үдетуден басталады.
Тым қатты жүгіруге болмайды. Себебі қатты жүгіріс лақтырғанда белгілі қиындықтар туғызады. Лақтыру сызығына жақындағанда қолды жазып артқа жібереміз. Кеуде оңға бұрылады. Сол жақ аяқ сызықтан аспай жартылай бүгіліп кеп жерге тиеді. Сол аяқты сызығынан асырмай қойып, денеміз оң жаққа бұрылған күйі сәл артқа шалқайып сол қол жылдам артқа кетеді де допты ұстаған қол иықтан және бастан асып допты барынша қатты лақтырады.
Серпілу (жерден көтерілу)
Серпілуді мүмкіндігінше тез жасау керек.Серпілетін аяқтың барлық буындары бүгіліп салмақтың екпін күшімен секіруші тік қалыпқа келуі керек.
Самғау (ұшу немес қалықтау)
Көтерілу кезінде сілтенетін аяқ жоғары көтерілген жамбаспен бірге алға қарай сілтеніп,серпілетін аяқ артта қалады.
Жерге түсу
Лақтыру, секіру және жүгірудің түрлері
Тапсырма
Оқушылар екі командаға бөлініп, шамамен 10 метр қашықтықта алаңңның қарама-қарсы бағытына қатарға тұрады. Бір команда лақтыруды орындамас бұрын, екінші команда артқа қарай жылжиды. Ойыншылардың аяқтарының алдында сызық сызылып, алаңның ортасына волейбол доптары қойылады. Бір команданың ойыншылары кіші (теннис) доптан алады(жеребе тарту бойынша). Мұғалімнің белгісімен кіші допты волейбол доптарына лақтырады. Қарама-қарсы командаға волейбол доптарын жылжытуға тырысады. Екінші команданың ойыншылары лақтырылған доптарды жинап, белгі бойынша олар да волейбол доптарына лақтырып, қарсыластарға жылжытуға тырысады. Командалар белгіленген лақтыру санын кезек орындайды. Қарсы тұрған команданың алдындағы сызықтан добты бірінші болып асырған команда жеңіске жетеді
Дескриптор:
Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;
Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;
Сабақты қорытындылау.
Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
Рефлексия:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.