Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 12 сабақ.


Сабақ тақырыбы: Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика

3 сынып

1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы

қозғалыс әрекеттері

Оқу мақсаттары:

3.1.1.1 Негізгі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыс машықтарын білу, түсіну және жақсартып жалғастыру.

3.3.5.5. Түрлі дене қызметтеріне қатысу мүмкіндігін қалай алу керектігін қарап, түсіндіру

Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:

- Эстафета элементтері бар жеңіл атлетиканы түсінеді;

- Жаттығулардың денсаулыққа тигізетін әсерін біледі;

- Қозғалмалы ойындардағы қимыл-қозғалыс әрекеттерін қолданады.

Барлық эстафеталық ойындар адам денсаулығы үшін маңызды әрі көңілді.

Оқушы тез,тура жүгіру кезінде бар күшін салуға дағдыланады. Шапшаң епті қимылдауға үйренеді. Ұйымшыл болып, команда мүддесі үшін жақсы нәтиже көрсетуге тырысады. Айналаны бағдарлап аз уақытта өзінің және қарсыласының әрекетін байқап үлгереді.Сонымен қатар ойыншыны а) Жүгіру элементтері бар эстафета ойындарын оқушыларға орындату. Жүгіру кезінде қосымша жаттығулар орындауға үйрету.

ә) Қауіпсіздік ережесін мұқият сақтауға, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

б) Күш пен ептіліктің дамуын арттыру.

Қимыл қозғалысының жалпы үйлесімділігін жақсарту.ң икемділігі мен төзімділік қабілеттері арта түседі.

Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика

Тапсырма

«Біріктірілген эстафета». Сынып командаларға бөлінеді. Әр команда ойыншыларын кезеңдерге қояды. Кезеңдерде берілген тапсырмаларды орындап өтеді. Қатысушылар өз тапсырмаларын берілген қашықтықты өтіп орындайды да, эстафетаны келесі қатысушыға береді:

1. Біріншілер шеңберді үш рет өздерінен өткізіп, келесіге қолын тигізу арқылы эстафетаны береді.

2. Екінші қатысушылар бір орында секіртпе жіппен 5 рет секіреді.

3. Үшінші қатысушы эстафетаны алып, орындыққа ішімен жатып, қолдарымен көмектесіп сырғанайды.

4. Келесі қатысушы гимнастикалық маттың соңына дейін жанымен домалайды. Екі аяғы бірге, екі қолы түзу жоғары созылған.

5. Бесінші қатысушы бір орында 3 рет отырып тұруды орындайды.

6. Алтыншы қатысушы келесі кезеңге дейін бір аяқта секіріп барады.

7. Жетінші қатысушы бар жылдамдығымен мәреге жүгіредді.

Жеңімпаз-команда уақытпен анықталады.

Дескриптор:

Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;

Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;

Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;

Сабақты қорытындылау.

Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.