Қазақ халқының салт дәстүрін мен мәдениетін таныстыру. Дене шынықтыру, 1 сынып, сабақ жоспары.
Дене шынықтыру пәні
CАБАҚ ЖОСПАРЫ №
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақтың ұлттық ойындары. Ортақ тақырып: Бізді қоршаған әлем. | Мектеп: ФМБ НЗМ Талдықорған қ. | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 1 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы: | Қазақ халқының салт дәстүрі мен мәдениетін таныстыру | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.2.4.1 Рухани - адамгершілік құндылықтар және патриоттық сезімді анықтау. 1.2.2.1.Бірлескен жұмысты және көшбасшылық дағдыларды сипаттау. | |||||||||
Сабақ мақсаттары | Қазақтың ұлттық ойындарымен таныстыру, рухани - адамгершілік құндылықтарды, көшбасшылық қасиеттерді анықтау, пайдалану. | |||||||||
Бағалау критерийлері | Қазақтың ұлттық ойындарының, рухани - адамгершілік құндылықтардың маңыздылығын анықтайды және көшбасшылық дағдыларды пайдалана маңыздылығын сипаттайды. | |||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:қазақтың ұлттық ойындары туралы білімдерін талқылап көрсете алады Пән лексикасы және терминология
Талқылауға арналған сұрақтар:
| |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Салауатты өмір салты маңызынан хабардарлық (дене,ой, қатынас); Қимылдар, таңдаулар мен шешімдерде тәуелсіздік; Жеке, жұпта және командада жұмыс істеу қабілеті; | |||||||||
Мектеп миссиясын, пайымдауын және жаһандық азаматтықты жүзеге асыру | Оқушылардың Рухани - адамгершілік құндылықтарын және патриоттық сезімін ұялатуға, бір-бірін құрметтеуге, қазақ ұлттық ойындарындағы, командалық жұмыс дағдыларын жауапкершілікке және өзара түсіністікке тәрбиелеу. | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі, жас өспірімдер физиологиясы | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ (әсіресе ғалам торды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану. қазақ халқының салт-дәстүрлері көрсетілген сайт - http://www.bilu.kz/obychay.php | |||||||||
Бастапқы білім | Бөлімнің басында оқушылар ұлттық қозғалыс ойындары арқылы қазақ халқының дәстүрі және мәдениетімен танысады және дағдыларды әділ ойын мен ынтымақтастық арқылы бекітеді. | |||||||||
Жоспарлардағы әрекеттер | Б = барлық сынып ЖЖ = жұптық жұмыс Тәж = оқушы тәжірибесі ф = формативтік бағалауды қолдайды Т = топтық жұмыс Ж = жеке жұмыс К = оқытушы көрсетеді | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте - бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Комплекстік жаттығу №16-18. |
Мұғалімге ысқырық, секундомер, тексеру журналы. | ||||||||
Сабақтың ортасы | Қазақ халқының салт дәстүрі мен мәдениетін таныстыру. (К) Мұғалім оқушыларды қазақ халқының дәстүрі және мәдениетімен таныстырады. Қазақ халқының тұрмысын сипаттайтын қозғалыс және сопрт ойындары мен сайыстары туралы. (Б) Ақ серек – көк серек Тауып алдым бәйтерек. Жалындаған күн керек, Жалпы достан кім керек? Екінші команда жауап береді: Ең батыл да қаһарлы, Алатұғын қамалды. Ерге мініп жау соққан, Бүкпей жаудырған оқтан, Сүтті айда ақ серек, Бозша айда көк серек, Дұшпан қуған ержүрек Бізге сондай бала керек. Бұзса олжа алады,Бұзбаса тұтқын болады.Шақырамыз сынаққа,(оқушы есімі аталады) деген баланы. Қарсыластарының таңдауы түскен бала өзінің апанынан серіктерінің қиқулаған қошеметтерімен жүгіріп шығады. Сол кезде «қасқырды» шақырған команда сап тізе қалып, алдарына алақандарын жаяды. Батыл «қасқыр» сапты жағалай жүгіріп, өзін қуып жете алмайтын өзінен әлсіз деген баланы таңдап, алақанына өз алақанын соғады да, өзінің тобына қарай қаша жөнеледі. Батыл «қасқырдың» таңдауына түскен бала «қасқырды» өз шекарасына жеткізбей, қуып жетіп ұстауға (қолын тигізуге) тырысады. Егер ол осылай істесе, онда батыл «қасқырды» тұтқын ретінде өз тобына ертіп келеді. Егер де батыл «қасқыр» қуғыннан қашып құтылып, өз «апанына» жетіп үлгерсе, алақаны тиген ойыншының өзі тұтқын болып шыға келеді. Мұғалімге нұсқаулық: Оқушыларды қазақ ұлттық ойындарымен таныстырып, аталған ойындардың пайда болу тарихын түсіндіреді. Қазақ халқының тарихына, дәстүрлеріне деген құрметті тәрбиелеу. Интернет ресурсін пайдаланыңыз. Ойынға екі топ қатысады – олар сиқырлы батыл қасқырлар. Әрбір топта өздерінің «апаны» мен «зынданы» бар. «Апан» деген ойыншылардың барлығы сыйып кететіндей етіп сызылған шеңбер. «Зындан» да мүмкін тұтқындарға арналған апанның жанына сызылған шеңбер. Алаңның ортасына сызық сызылған – ол бір-бірінен бірдей қашықтықта орналасқан «апандардың» ортасында орналасқан шекара. Шекарадан асып кеткен «қасқырды» қолмен түртуге болмайды.Ойынның қорытындыларын балалармен талқылау. | Іс-әрекеттің әрбір түріне арналған кең алаң.
http://www.bilu.kz/obychay.php - қазақ халқының салт-дәстүрлері көрсетілген сайт Ноутбук, проектор. Кең алаң. http://igrushka.kz/vip83/kazigr1.php ресурс (қазақ ұлттық ойындары) | ||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия. Кері байланыс. Сұрақ: Ұлттық ойын қалыпты ойыннан немен ерекшеленеді? Ережелерді ұстанудың және топтық ойындарды әділ ойнаудың неліктен маңызды екені туралы айта аласыз ба? Үйге тапсырма: қол,дене бұлшық еттеріне арналған жаттығулар. | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. . | ||||||||
Қозғалмалы ойындарындағы тапсырмаларды, жүйелі жаттығулар жинағының реттілігін көрсетеді. Жаттығуларды барынша біркелкі орындау, орындалу сапасы, бірлескен ойындарда тапсырмалардың мағынасын ашу. Орындалуын анықтау. Қабілеті жоғары оқушылар қозғалыс әрекеттерін қайталап, сынып алдында орындалуын өз бетінше көрсету. | Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен белсенді жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу. Дағдыларын дамытуға ынталану. Қозғалыс әрекеттерін белсендендіру. Ойындар барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар. | Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау. | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Жекелей, топтық ойынның ережесіне және сапасына көңіл бөлу. 2: Жаттығулардың орындалу ретінің сақталуы. Өзін-өзі бағалау. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Саралап тапсырмалар беру. Ойынның сапалық деңгейіне мән беру. 2: Тапсырмалардың орындалуына ықпал ететін факторлар. Тапсырманың мағынасын ашу. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік / қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Сыныптың ішкі жағдайына, оқушылардың үнін есту, жекелеген оқушыларға әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру, ұсыну әдістерін қарастыру. Тапсырманың орындалуына байланысты сұрақтар қою. Тапсырманы бірнеше рет қайталап көрсетуге мүмкіндік беру. | ||||||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.