Көмірсутектер мен олардың туындыларының генетикалық байланысы. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.


11.2 A Көмірсутектер және олардың табиғи көздері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің А.Ә.Т:

Сыныбы: 11

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы:

Көмірсутектер мен олардың туындыларының генетикалық байланысы

Оқу мақсаты:

11.4.2.47 органикалық заттардың генетикалық байланысы негізінде өзгерістер тізбегін құрастыру

Сабақтың мақсаты

- Оқушылар органикалық заттардың генетикалық байланыс негізінде, қасиеттерін ескере отырып, бір бірінен түзілу реакция теңдеулерін құрастыруға дағдыланады

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады:

Генетикалық байланыс негізінде органикалық заттарды бір-бірінен алу реакция теңдеулерін құрастырады

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Көміртегі қосылыстары, алкан, алкен, алкин, галогеналкандар, аромат көмірсутектер, аминдер, спирттер, альдегидтер, карбон қышқылдары, функционалдық топтар, генетикалық байланыс

Бағалау критерийі

Органикалық қосылыстарды бір бірінен алу реакция теңдеулерін құрастырып, реакция типтерін дұрыс анықтайды

Дескриптор

  • Айналымдарды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін құрады
  • Гидрлену, дегидрлену реакцияларын ажырата алады
  • Жалпы формулаларын қолдана отырып, өкілдеріне мысал келтіреді
  • X, Y, Z заттарын дұрыс анықтайды
  • Реакция типтерін анықтайды
  • Түзілген өнімдерді дұрыс атайды

Алғашқы білім:

8.2A Атомдардағы электрондардың қозғалысы

8.4B Көміртегі және оның қосылыстары

9.1В Қосылыстардың құрылымдары

Құндылықтармен байланыс

Бір-біріне деген құрмет, адалдық, өмір бойы оқу құндылықтары.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен алмастырыңыз)

Ресурстар

Басы

1-7 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Тапсырма №1 Кім жылдам? (миға шабуыл)

Сұрақтарға тез-тез жауап беріледі, әр оқушының жауабын бақылаушы бақылау тақташасына белгілеп отырады.

1. Батпақты жерлерде, тас көмір шахталарында кездесетін газ? (метан).

2. Молекуласында екі қос байланысы бар көмірсутектер (диен көмірсутектері).

3. Бензолдың құрылымдық формуласын ұсынған ғалым (А.Кекуле, 1865ж).

4. Молекулалық құрамы бірдей, бірақ химиялық қасиеттері әр түрлі болатын заттар (изомерлер).

5. Аминқышқылдары бір-бірімен әрекеттескенде түзілетін байланыс (пептидтік байланыс).

6. Сахарозаның гидролиздену өнімдері (глюкоза мен фруктоза).

7. Нуклеин қышқылдарының құрамындағы пентозалар (рибоза, дезоксирибоза).

8. Табиғи полимерлер қатарына жататын көмірсулар (крахмал мен целлюлоза).

9. Денесінде қышқыл бар жәндік (құмырсқа).

10. Улы көпатомды спирт (этиленгликоль).

11. Хирургиялық аспаптарды дезинфекациялауда қолданылатын зат (фенол).

12. Формальдегидтің 40%-тік ерітіндісі (формалин).

13. Сірке қышқылынан жасалатын дәрі (аспирин).

14. Глицериннен алынатын қопарылғыш зат (нитроглицерин).

15. Сүтті шырынынан ең алғаш рет каучуг алынған ағаштың аты (гевея ағашы, отаны – Бразилия).

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары нақтыланады

Слайд

№ 1-2

Ортасы

8 -14 мин

15-26 мин

27– 36 мин

Мұғалімнің түсіндіруі:

Көптеген өндірістік процестер көп сатылы процесті қамтиды, оның барысында бір функционалды топтар басқа функционалды топтарға айналады.

Бір заттан екінші затты алуды жоспарлау кезінде химиктер ескеруі керек ...

  • бір функционалды топты басқасына ауыстыру үшін реагенттер қажет
  • басқа функционалды топтардың болуы - егер олар реакция әрекеттессе
  • қажетті жағдайлар - температура, қысым, катализатор
  • реакция жылдамдығы
  • шығым- әсіресе тепе-теңдік реакциялар үшін маңызды
  • атом экономикасы
  • қауіпсіздік - реактивтер мен өнімдердің улылығы мен жанғыштығы
  •  қаржылық экономика - химиялық заттардың құны, өнімге сұраныс
  •  тазарту мәселелері
  • оптикалық белсенді өнімдердің мүмкіндігі

Тапсырма №2-3:

Төмендегі айналымдарды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңыздар

Дескриптор:

  • Айналымдарды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін құрады
  • Гидрлену, дегидрлену реакцияларын ажырата алады
  • Жалпы формулаларын қолдана отырып, өкілдеріне мысал келтіреді
  • X, Y, Z заттарын дұрыс анықтайды

Тапсырма №4 Төмендегі айналымдарды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңыздар

Дескрипторлар:

  • Айналымдарды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін құрады
  • Реакция типтерін анықтайды
  • Түзілген өнімдерді дұрыс атайды

Слайд №3-6

Слайд7-8

Слайд9

Соңы

37-40 мин

Рефлексия Talk Partners «сұхбаттасатын жұп»

Жұбыңызбен:

3 үйренген нәрсе;

Не оңай болды?

Не қиын болды?

Тағы да нені білгіңіз келетіні туралы әңгімелесіңіз.

Слайд 10

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ

Құндылықтармен

байланыс

Барлық оқушылар:

Өзгенің пікіріне деген құрмет. Өз ісіне жауапкершілік құндылықтары.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:

W = сыныппен жұмыс P = жұптық жұмыс E = оқушы эксперименті

G = топтық жұмыс I = жеке жұмыс D = мұғалім көрсетілімі

f = бағалау  = қауіпсіздік техникасы бойынша кеңестер



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру