10.1.4.1 донор-акцепторлы және алмасу механизмі бойынша ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру; 10.1.4.2 қос және үш еселі байланыстың түзілуін түсіндіру; 10.1.4.3 ковалентті байланыстың қасиеттерін сипаттау;. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ковалентті байланыс.

Ковалентті байланыстың қасиеттері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

10.1.4.1 донор-акцепторлы және алмасу механизмі бойынша ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру;

10.1.4.2 қос және үш еселі байланыстың түзілуін түсіндіру;

10.1.4.3 ковалентті байланыстың қасиеттерін сипаттау;

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқушы:

- коваленттік байланыстың "нүктелер мен айқыштар" диаграммасын сала біледі

- қос және үш еселі байланыстың түзілуін түсінеді;

- ковалентті байланыстың қасиеттерін сипаттайды

Оқу мақсаттары

-"нүктелер мен айқыштар" диаграммасын сала білу

- коваленттік байланыстың түзілу механизмін түсіну

Жетістік критерийлері

Оқушы:

3-4 химиялық қосылыстар үшін «нүктелер мен айқыштар» диаграммасын құру барысында элементтердің сыртқы энергетикалық деңгейіндегі электрондарын дұрыс көрсетеді.

Екі қосылыстағы химиялық байланыстың қалыптасу алгоритімінде 8-10 тармақты дұрыс орындайды (әр қосылыс үшін 4-5 тармақ).

Тілдік мақсаттар

Оқушылар иондық және коваленттік байланыстың түзілуі туралы айтады және түсінеді.

Пәнге қатысты лексика және терминология:

атом, (электрондық)қабат,энергетикалық деңгей, ядро, жүйелік,

топ, қашықтық жуық, барынша алшақ, ішкі, сыртқы

ковалентті полюсті байланыс,

ковалентті полюссіз байланыс,

иондық байланыс

Диалог пен хатқа арналған пайдалы сөйлемшелер жиынтығы:

Бұл атом ядросы, алмыналар электрондар.

Электрондар қабығы атом ядросынан жақын/алыс орналасқан

Қай электронда энергия көп/аз?

Құндылықтардыдарыту

Нақтылық, шынайылық, тазалық, ұқыптылық, жан-жақтылық

Пәнаралықбайланыстар

Химия пәнінің маңызын түсіндіру барысында биология, физика пәндерімен байланыс орнатылады.

АКТ қолдану дағдылары

Power point, бейнематериалдар.

Бастапқы білім

Атомның құрылысы туралы барлық тақырыптар қаралады, соның ішінде:

Электрондардың атомдағы қозғалысы (8.2A)

Формулалар және химиялық теңдеулер(8.3A)

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру.

Тақырыпты проблемалық сұрақтар арқылы бастау.

1.Табиғатта заттар қандай түрде кездеседі?

2.Металл, бейметалл атомдарының құрылыс ерекшелігі неде?

3. Инертті элементтердің айырмашылығы неде?

4.Аяқталған және аяқталмаған электрондық қабат нені білдіреді?

Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ материалын түсіндіру:

1.«Ашық және жабық сұрақтар» ( сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы)

Сутегі молекуласында ков. байланыстың түзілуін,«нүктелер мен айқыштар» диаграммасы арқылы түсіндіру.

- Сутектің электрондық конфигурациясын жазайық.

- Сутек атомы тұрақты ма ?

- Не себептен сутек табиғатта атом түрінде кездеспейді?

- Сутек атомы тұрақтылыққа қалай жете алады?

-Сутек молекуласының «айқыш пен нүкте» арқылы жұппен суретін салып көріңіздерші.

Оқушылардың жауаптарын талқылау , тақтада тексеру.

2. Суреттер бойынша оқушыларды жұптарға бөлу.

( оқушыларды топтастыру арқылы, талқылау жұмысы негізінде тақырыпты игеруге мүмкіндік жасау)

Топтық жұмыс:

А-деңгей тапсырмасы

1 топ - хлор

2 топ - оттегі

3 топ - азот

молекулаларындағы байланысты «нүктелер мен айқыштар» диаграммасы арқылы көрсетіңдер.

Бағалау критериялары:

1.Элементтердің сыртқы энергетикалық деңгейіндегі электрондарын дұрыс көрсете алды.

2. Электрондарды «айқыш пен нүкте» арқылы көрсетті.

3. Ортақ жұп электрондарды дұрыс көрсетті.

Топтар бірін-бірін тексеріп бағалайды( егер жазған диаграмаларымен дұрыс деп келіссе, онда жасыл карточкаларын көтереді, келіспесе қызыл).

3. « Араласып кеткен оқиғалар» ( сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы) - оқушылар сөз қиындыларынан ковалентті байланыс ережесін құрастырады.

  • ковалентті байланыс

Ортақ электрон жұбы арқылы түзілген байланыс ковалентті байланыс деп аталады.

4. Тұз қышқылының «нүктелер мен айқыштар» диаграммасын жазыңыздар.Бір оқушы өз ұсынысы бойынша тақтаға шығып түсіндіреді. Сынып оқушылары бірге талдап ,өздерінің жауаптарын слайд бойынша дұрыс жауап арқылы тексереді

5.  «Ашық және жабық сұрақтар» ( сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы)

Ковалентті байланыс полюсті және полюссіз деп екіге бөлінеді.

- Сіздер жазған қосылыстарды полюсті және полюссізге жіктеп көріңіздерші.

- Қалай жіктер едініздер?

- Не себептен?

- Ковалентті полюсті және полюссіз байланыстарды салыстырыңыздар. Айырмашылығы неде?

-Ұқсастығы неде?

Ковалентті полюссіз байланыс электртерістілігі бірдей атомдар арасында түзіледі. (Н2, О2, С12). Молекуладағы атомдар өзара байланысқанда электрон бұлттары жақындап,өзара қаптасады.

Атомдардың өзіне электрондар тарту қабілетін электртерістілік деп атайды.

Атомдар жақындасқанда олардың электрондық бұлттары бүркесіп,ядролардың арасындағы кеңістікте максимал электрон тығыздығы бар электрон бұлттары түзіледі.Ортақ ядролардың тығыз теріс аймаққа тартылуы оларды жақындастырып,тұрақты сутек молекуласы түзіледі де,энергия ұтымы болады.

Қарама-қарсы спиндері бар жұптаспаған электрондар өзара қосылуы арқылы ковалентті полюссіз байланыс түзіледі.Ол былай жазылады.

+

s1 s1 1s2

Ковалентті полюсті байланыс электртерістік шамасы аз ажыратылатын атомдар арасында түзіледі.Бұндай байланыс түрі жиі кездеседі.Бұл жағдайда электрон жұбы электртерістігі көп элемент атомына қарай ығысады,мысалы су молекуласында оттек атомына қарай ығысады.

6. В-деңгей тапсырмалары.

Жеке жұмыс.

1. Су және аммиак молекуласының « айқыш пен нүкте» арқылы жазыңдар

Бір-бірінің жұмыстарын бағалау критерияларына сәйкес тексереді.

Бағалау критериялары:

1.Элементтердің сыртқы энергетикалық деңгейіндегі электрондарын дұрыс көрсете алды.

2. Электрондарды «айқыш пен нүкте» арқылы көрсетті.

3. Ортақ жұп электрондарды дұрыс көрсетті.

Дұрыс жауабы тақтада беріледі.

Коваленттік байланыс химиялық элемент атомдарын энергиялық тиімді ,тұрақты конфигурацияға ауыстырады.

Мұғалімнің тапсырма бойынша қорытындылауы. Ковалентті полюсті және полюссіз байланыстарды салыстыру.

Полюсті

Полюссіз

Электрондық бүркесу аймағы электртерістілігі үлкен атомға ығысқан. Мысалы: хлорсутек молекуласы, электрон жұбы сутекке қарағанда электртерістілігі үлкен хлоратомына қарай ығысқан.

Ковалентті полюссіз байланыс электртерістік шамасы бірдей атомдар арасында түзіледі

Мысалы: екі атомды молекулалар.

1. А-деңгей тапсырмалары

1.Жеке жұмыс.

Концептуалды кесте толтыру.(сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы) (қосымша 1)

2. В- деңгей тапсырмасы

Жеке жұмыс.

Магний оксиді және калий хлоридіндегі байланысты «нүктелер мен айқыштар» диаграммасы арқылы көрсетініз

Оқушы өзін критериялар арқылы тексеріп жауабын слайдтағы дұрыс жауаппен тексереді.

3. Жеке жұмыс

С-деңгей тапсырмасы.

3.1.Атомның электрондық формуласына және октет заңына сүйене отырып төмендегі қосылыстардың Льюис формуласын жазыңыздар: а) 6C екі атомынан және 1H төрт атомынан құралған; б) 6C екі атомынан және  1H екі атомынан құралған. Осы екі қосылыста көміртек атомдарының арасында қанша еселі байланыс түзіледі. Олардың құрлымдық формулаларын салындар. (бірінші қосылыс этилен деп аталады, екіншісі – ацетилен).

Презентация, слайд

А-3 парақтары, маркерлер.

http://www.kentchemistry.com/links/bonding/bondingflashes/bond_types.swf

http://www.bbc.co.uk/schools/gcsebitesize/science/add_aqa_pre_2011/atomic/ionicrev4.shtml

http://www.hemi.nsu.ru/ucheb141.htm

http://foxford.ru/wiki/himiya/zakonomernosti-izmeneniya-svoystv-elementov-i-ih-soedineniy-po-periodam-i-gruppam

А-3 парақтары, маркерлер.

Сабақтың соңы

Өз көңіл күйін смайликтер арқылы бағалау. Оқушылардың эмоцианалдық көңіл күйін анықтау үшін.

(слайд)

Рефлексия.

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет деген сауалдар арқылы оқушылармен сұхбат өткізіледі

Үй тапсырмасын беру

А-деңгей тапсырмалары

1.Ұтымды жолды тап.

Ковалентті полюсті байланыс

H2OI2NaF

N2HClNH3

H2Cl2HI

N2I2HF

S8HClF2

H2Cl2HI

В-деңгей тапсырмасы:

Мына заттар берілген: NH3 аммиак, Br2 бром. Әр қосылыстың атомдары арасындағы байланыстың типін түсіндіріңдер. Молекула түзілуінің электронды диаграмассын орындаңдар.

С-деңгей тапсырмалары

1. Құрлымдық формулалары бойынша Льюис диаграммасын құрыңдар:

«Химия» Н. Нұрахметов ,8 сынып &63(167-169 бет)

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

-ковалентті байланыстың ортақ жұп электрондар арқылы түзілу механизмін түсіндіріп бере алады.

-сыртқы электрон қабатының «аяқталуы» атомның тұрақтылығына әкелетіндігін түсінеді.

Көптеген оқушылар

- ковалентті байланыстың түзілу механизмін "нүктелер мен айқыштар" диаграммасы түрінде салып, түсіндіріп бере алады.

Кейбір оқушылар:

- коваленттік байланыс түрлеріне 3-4 мысалды өздігінен келтіре алады және «нүктелер мен айқыштар» диаграммасын дұрыс салуға қолдана алады.

Сабақ кезінде сұрақ қоюларды кеңінен талқылау. Мұғалім өзі алатын жауаптар сапасымен оқушылар білімін бағалайтын болады.

Жеке жұмыстар әр оқушының жеке түсінуін толық бағалау үшін мүмкіндік береді.

Коваленттік байланыс қалай түзіледі? деген сауалдар арқылы талқылауға

кең мүмкіндік алады.

Сабақта денсаулық пен қауіпсіздік ережелері ескертіледі

Сабақ бойы оқушылар мен мұғалім арасында, оқушылардың өздері арасында талқылаулар жүреді, бұл тілдесу дағдысын дамыту және басқалардың пікіріне сыпайы болуы үшін кең мүмкіндіктер береді.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Қосымша 1

Концептуалды кесте «Химиялық байланыс типтері»

Оқушының аты-жөні:____________________________Сыныбы: _________

Салыстыру сызығы

Ковалентті полюссіз байланыс

Ковалентті полюсті байланыс

Ионды байланыс

Ортақ электрондық жұп есебінен жүзеге асырылатын

Байланыс электртерістілігі бойынша айырмашылығы үлкен металл мен бейметалл атомдары арасында түзіледі

Байланыстырушы электрон жұбының бұлты электртерістілігі басым элемент атомына қарай ығыса орналасқан

Күкіртсутек қышқылы

Берилий бромиді

Азот молекуласы

Көмірқышқыл газы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру