Химиялық формулалар бойынша есептеулер. Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 8.1В Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімдердің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: | Химиялық формулалар бойынша есептеулер | ||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 8.2.3.1 -заттар құрамындағы элементтердің массалық үлесін табу, элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың формуласын шығару | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | - Заттың сандық және сапалық құрамын білу; - зат құрамына кіретін элементтердің пайыздық құрамын есептеу; - элементтердің массалық үлесі арқылы заттың формуласын есептеп табу; | ||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Қосылыстың құрамына кіретін элементтердің массалық үлесін есептеу Алгоритмді қолдана отырып, қосылыстың формуласын табу; Қосылыстың молярлық массасын есептеу; Қосылыстың сандық және сапалық құрамын ажырата білу үшін «шын – жалған» тапсырмасын орындау | ||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: - қосылыстың сапалық және сандық сипаттамалары туралы сұрақтар құрастыра біледі және сұрақтарға жауап бере алады. Пәндік лексика және терминология Массалық үлес, молекулалық масса, молекулалық формула, сандық және сапалық , жай зат, күрделі зат,омега Диалог/жазылым үшін пайдалы тіркестер Заттың сандық құрамы ........................................ анықталады. .................. атомдық салмақтың молекулалық массаға қатынасы. Элементтің/қосылыстың молярлық массасы .................... тең | ||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық жұмысты орындау арқылы ынтымақтастыққа, өзара оқыту өзінің және басқа оқушылардың білім алуына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. | ||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Математика | ||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | 7.1А Химияға кіріспе. Таза заттар және қоспалар 7.1В Зат күйінің өзгерісі 7.2А Атомдар. Молекулалар. Заттар 7.3С Салыстырмалы атомдық масса .Қарапайым формулалар. | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-5 минут | Сабақтың басталуы Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Өткен сабақ бойынша қайталау «Сөзді ұста» ойыны. Сыныпты үш топқа бөлу. Атомдағы электрондардың қозғалысы тарауын қайталау үшін тарау бойынша кілттік сөздер салынған конверт топтарға таратылады. Кілт сөздер: атом, ядро, электрон қабаты, энергетикалық деңгей, энергетикалық деңгейше, s- орбиталь, p-орбиталь, сыртқы энергетикалық деңгей т.б. Мұғалім осы сөздердің анықтамасын айтады, сол кезде оқушылар тиісті сөзді бірінші болып қолымен жауып, өзіне жинайды. Бұл ойын оқушыларды шапшаңдыққа, тез ойлануға жетелейді. Бағалау: Көп сөз жинаған оқушыларға смайликтер таратылады. Жаңа сабақ тақырыбын ашу
Оқушылар жауаптары тыңдалады. Содан соң көмек ретінде бұл есепті шығарудың алгоритмі ұсыналады. Оқушылар алгоритммен танысып болған соң жұпта талқылай отырып, бұл есептің жауабын өз беттерінше есептеп шығару керек. Күрделі заттардың құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлестерін табу Массалық үлес деп- химиялық қосылыстағы атом массасының бүкіл молекула массасына қатынасы. Ол пайызбен өрнектеледі, гректің ω (омега)әрпімен белгіленеді.
Барлық элементтердің массалық үлестерінің қосындысы 100% тең болу керек: 53% + 47% = 100% Оқушылар осы жолмен бүгінгі сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды. Слайд презентация арқылы мұғалім оқушыларды жаңа сабақ тақырыбымен, мақсатымен таныстырады, оқушылармен талқылай отырып, кілттік сөздерді анықтайды. | Презентация, оқу және сабақ мақсаттары, күтілетін нәтижелер (бағалау критерийлері) жазылған слайдтар. 8 сынып химия оқулығы мен есептер жинағы Қосымша 1 | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 6-8 минуттар 9-17 минут 18-20 минут 24-30 минут |
|
| |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 39-40 минуттары | Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жүргізеді. Рефлексия «Шығу билеті» Оқушылар ұсынылған терминдердің бірін таңдап, оны толықтырады және шығу билеті ретінде оны есікке жапсырып кетеді Маған сабақта қиын болды ......................... Маған сабақта жеңіл болды ........................ Маған әлі де көмек керек …........................ Үй тапсырмасы: Бүгін сабақта өткен заттар құрамындағы элементтердің массалық үлесін табу, элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың формуласын есептеп шығару дағдыларын бекітуге арналған есептер ұсыну. | Таратпа қағаздар Қосымша 6. | |||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||
Барлық оқушылар заттың сандық және сапалық құрамын ажырата алады; Қосылыс құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есептейді Көпшілік оқушылар қосылыстың формуласын табуға берілген есептерді дұрыс шеше алады; Кейбірі алгоритмсіз берілген есептердің шешімін өз беттерінше тауып, барынша күрделендірілген есептеулерді орындай алады. | Оқушылардың білімін бағалау сабақтың барлық кезеңінде жүзеге асырылады. Сабақтың өн бойында жүргізілген фронтальды сұрақтарға жауаптары, сондай-ақ бекітуге арналған тапсырмаларды орындаулары оқушылардың материалды қалай меңгергендіктерін анықтайды. Оқушылардың жауаптарын ауызша бағалау. | Сабақта қолданылған белсенді оқыту әдістері оқушылардың массалық үлес табуға, қосылыстың формуласын табуға бағытталған білімдерін қалыптастыруға септігін тигізеді. Білімді өз беттерінше меңгеріп, бір – біріне түсіндіру- өздерін табысты сезінулеріне жағдай жасайды. |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру